Алынған деректер арнайы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің
көмегімен өңделеді және тұтынушыға жеткізіледі.
Су тұтынушылар (өнеркәсіптің көптеген салалары, ауылшаруа-
шылық және басқалары) суды су көздерінен алып жұмсайды, ал суды
пайдаланушылар (су көлігі, гидроэлектроэнергетика, т.б.) оны табиғи
ортадан алмай-ақ құбырдан өз қажеттіліктері үшін қолданады.
Су түрткіжайты химия, целлюлоза-қағаз, тоқыма өнеркәсібі, қара
металлургия, электр энергетикасы кәсіпорындарын орналастырған
кезде маңызды, кей кездері шешуші рөл атқарады. Сушаруашылық
іс-шараларының барлық кешендеріне жұмсалатын шығындар (су-
мен жабдықтау, ағын суларды бұрып жіберу және тазарту) су сыйым-
дылығы жоғары өндірістерде салынып
жатқан кәсіпорын құнының
1–2%-дан 15–25%-ына дейін құрайды.
1 т болат өндіру үшін 300 м
3
су, 1 т қағаз алу үшін – 900 м
3
, 1 т кап-
рон алу үшін 5600 м
3
су жұмсалады. Энергетиканың өсуі де су тұтыну-
дың күрт артуына әкеледі. 1 млн тұрғыны бар қала тәулігіне шамамен
0,5 млн м
3
жұмсайды. 1 кг өсімдік тағамын өндіру үшін жұмсалатын
әлемдік орташа су шығыны 1 мың л, ал 1 кг ет үшін – 20 мың л. Бір мау-
сымда мақта алқабының бір гектарын суландыру үшін 5 мың м
3
, ал
күріш алқабына 15–20 мың м
3
су қажет.
Сушаруашылық маманы ретінде келесі
тапсырмаларды есептеп
шығарыңдар:
Ересек адамның етке деген тәуліктік қажеттілігі 150 грамды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: