Сонымен бірге республикадағы сумен қамтамасыз етуге қатыс-
ты жағдай әр аймақта әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Ертіс өзені,
Балқаш-Алакөл бассейндері жерүсті, сонымен қатар жерасты сулары
тәрізді өзіндік ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Нұра-
Сарысу, Ертіс, Тобыл-Торғай бассейндері – жерасты суларына тапшы
бассейндер. Есіл, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Тобыл-Торғай және
Нұра-Сарысу бассейндерінің айтарлықтай аумақтары жерасты, сондай-
ақ жерүсті суларына да тапшылық байқалады
(61-сурет).
61-сурет.
Сушаруашылық бассейндері бойынша жерүсті су ресурстарының
үлестірілуі (Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай,
Шу-Талас, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс)
Достарыңызбен бөлісу: