Алматыкiтап баспасы


КЕРІМСАЛ (орта азияда – аптап жел; тура мағынасында – ыстық ағын) – ыстық  жел; Қызылқұм маңында тұратын қазақтарда қолданылады. ҚОҢЫР ЖЕЛ



Pdf көрінісі
бет89/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

КЕРІМСАЛ
(орта азияда – аптап жел; тура мағынасында – ыстық ағын) – ыстық 
жел; Қызылқұм маңында тұратын қазақтарда қолданылады.
ҚОҢЫР ЖЕЛ
– жазда, әдетте күннің екінші жартысында соғатын салқын, 
жағымды, жеңіл жел: 
Қоңыр жел соғып тұр.
ҚҰЙЫН
– ұйтқыма: 
Құйын үйді құлатты.
ҚЫЗЫЛ ЖЕЛ
– жазда ең ыстық кезеңде соғатын ыстық, айтарлықтай күшті 
жел. Егер мұндай жел бірнеше күн бойы соғатын болса, онда малшаруа-
шылыққа, сонымен бірге егіншілікке үлкен зиян келтіреді.
САМАЛ
– ыстық кезде соғатын балғын жағымды жел, қоңыр салқын: самал 
соғып тұр.
САРЫ ЖЕЛ
– жазда күндізгі ыстық қайтқаннан кейін соғатын салқын, жағымды 
жел: 
Жүруге жақсы, сары жел соғып тұр. 
ЫЗҒАР, ЫЗҒЫРЫҚ
– сүйектен өтетін ызғарлы суық: далада ызғар, қыс-
та соғатын ызғарлы жел: 
терістіктен соққан ызғырық.
ЫҚ
– қыраттың жел келмейтін ықтасын жері, желден қорғалған жер: 
Боранда 
мал ықта жайылады.
112
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


1.
Жел метеонимдерінің құрамында қандай сөздер халықтық гео-
графиялық терминдер, ал қайсысы индикатор-сөздер? Метеоним 
атауының құрамында сөздер сөйлемнің қай бөлігінде көрініс тапқан?
2.
Қазақтілді БАҚ-тың күн райы болжамында қандай сөздер өте жиі 
кездеседі, ал қандай сөздер қазіргі кезде аз қолданылады? Жауапта-
рыңды скриншоттармен, қиындылармен, қазақ тіліндегі күн райы 
болжамының фотосуретімен дәлелдеңдер.
Г
ЕОДЕРЕК
. Қоңқашбаев Ғали Қоңқашбайұлы
(1903-1986 ж.) – қазақ
топонимикасын зерттеуші-ғалым. Оның ғылыми жарияланымдары
қазақтың географиялық халықтық терминологиясына, қазақ топо-
нимдеріне арналған және осы күнге дейін маңызын жойған жоқ. 
Оның кеңінен танымал «Қазақша географиялық атаулар сөздігі» – 
Қазақстандағы топонимика және жалпы ономастика бойынша 
жарық көрген алғашқы еңбегі. Ол орыс тілінде әзірленген және
шамамен 2000 орографиялық, гидрографиялық және ойконимия-
лық нысандардың атауынан тұрады, әр атауға қысқаша этимология 
берілген. 1945-1971 жылдары Ғ.Қ. Қоңқашбаев республикалық геогра-
фиялық және геологиялық атаулар жөніндегі комиссия төрағасының 
орынбасары болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет