Алайда біздің елімізде теңіздер жоқ.
Академиялық сөздікте ірі
суқоймаларының бөліктерін білдіретін
кейбір халықтық география-
лық терминдер мұхиттар мен теңіздердің бөліктерін белгілеу үшін
қолданылады
(11-кесте)
.
11-кесте
Пелагонимдер құрамындағы халықтық географиялық терминдер
Айдын
– үлкен суқоймасының ашық сулы беті. «Айдын» термині халық ән-
дерінде және көркем әдебиетте жиі кездеседі.
Атырау
– көптеген шығанақтармен және өзен сағаларымен тілімделген үл-
кен көлдің немесе теңіздің жағалауы, саға. Бүгінгі күні көбінесе географиялық
атау ретінде кездесетін ескі термин, Батыс Қазақстанның жергілікті тұрғын-
дарында Каспий теңізі жағалауының солтүстік-шығыс
жағы Атырау деген
атауға ие. Өткен кезеңдерде Балқаш көлі де Атыраукөл атауына ие болған.
Шамасы, Балқаш маңындағы Сары-Есік-Атырау құмы да осы терминге қатыс-
ты аталса керек.
Бұғаз
(сөзбе-сөз – тамақ) – судың жіңішке алабы. Термин кейде меншікті гео-
графиялық
атаулардың құрамына кіреді, мысалы, Қарабұғаз (шығанақтың
өзі емес, оны теңізбен байланыстыратын бұғаз).
Қайраң
–
ірі өзен, көл немесе теңіздің таяз суы: кеме қайраңдап қалды.
Мұхит
– Жерді қоршап жатқан ұлы өзен.
Теңіз
–
мұхиттың бір бөлігі, кейбір ірі көлдерді «теңіз» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: