Алматыкiтап баспасы


Дария – Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда – үлкен өзен (Сырдария,  Әмудария). Жарма



Pdf көрінісі
бет99/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Дария
– Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда – үлкен өзен (Сырдария, 
Әмудария).
Жарма 
(жару – бөлу етістігінен) – жағалаулары тік келетін терең арналы өзен 
немесе канал; құз. Термин көбінесе өзендердің, тармақтардың, елді мекен-
дердің жеке атауларының құрамына кіреді: Жарма, Ақжарма, т.б.
Жылға
жырамен ағатын жылға, өзен. Термин жердің жеке географиялық 
атауының құрамына жиі кіреді: Қаражылға, Тереңжылға, т.б.
Қарасу
– а) жекелеген азды-көпті ірі өзен иірімдері, онымен жазда аз сулы 
дала өзендері ағып өтеді. Қарасудың басым көпшілігі жаз кезінде кеуіп қал-
майтындығымен қатар, жерасты суларымен қоректенуі салдарынан өзінің 
көлемі аса кішірейе қоймайды;
ә) Қазақстанның таулы аудандарында (Алатау, Жетісу, Іле Алатауы, т.б.) қара 
су – тау етегін бойлай ағатын тау өзендерінің ысырынды конусынан төмен 
жерасты суларымен қоректенетін өзен. 
Термин өзендердің және жекелеген ірі өзен иірімдерінің жеке атауы ретінде 
өте жиі кездеседі: Қанды-Қарасу, Терең-Қарасу, Шолақ-Қарасу немесе жай
Қарасу.
130
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қасқабұлақ 
– суы тартылатын және жағалауы өсімдікке жұтаң ағысы жылдам 
тау бұлағы. Термин, көбінесе тау бұлақтарының жеке атауы ретінде қолданы-
лады. 
Қызылсу
– өзендер мен көлдердің мұзы сөгілер алдында мұздың беті-
не шығатын су: қызыл су жүрді, енді сең жүреді. 
Нұра
– созылыңқы жыра немесе тік жарлы ойпат, құз. Термин жеке геогра-
фия лық атаулардың құрамына жиі кіреді, сонымен қатар кейде жеке қолда-
нылады: Орталық Қазақстандағы Нұра өзені, Еспенұра, Қаранұра, т.б.
Өзек
– Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында – өзеннің тармағы 
немесе саласы, басқа жерлерде – жыра, ойпат, құз, т.б. түріндегі созылыңқы 
ойыстар. Термин жеке географиялық атаулардың құрамына жиі кіреді: Қара-
өзек, Тереңөзек, т.б. 
Өзен
– жылға; өзен; Қырғызстанда – жылға, Қаратау аймағында – суы аз 
жылға. Кейде термин кішігірім өзендердің жеке атауларының құрамына 
кіреді: Батыс Қазақстандағы Үлкен және Кіші өзен, Көкөзен, т.б.
Сай 
– жыра; ойпат; кішігірім өзеннің құрғақ арнасы; кішігірім тау өзені. Орта-
лық Азияда – тау өзені, өзеннің құрғақ арнасы, шатқал; Кавказда және Кіші 
Азияда – өзен (чай); Моңғолияда сайр түрінде – уақытша ағатын өзеннің ар-
насы, құрғақ аңғар, қар еріген немесе нөсер жауын жауған кезде су толады. 
Термин бұлақтар мен жыра-сайлардың жеке атауларының құрамына жиі 
кіреді: Ақсай, Тереңсай, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет