XIV ғасырлық тарихшы Муғин әд-дин Натанзи «Ескендір анонимі» еңбегінде
Жәнібек хан туралы
«Оның әділдігі Ануширван (парсы патшасы) әділдігінен бір де кем соқпайды.
Ол өзбек ұлысын тұтас
Исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, медресе
салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайларының жақсы болуына басты назар аударды.
Жан-жақтағы неше түрлі оқымысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің
ұлдары білімдерін жан-жақты жетілдіріп ғылымғы мойын бұрды, олар заманының озық ойлы
азаматтарына айналды. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл
мемлекетке енгізген сол»
, - деп жазған. Мұндай деректемелер ортағасырлық түркі деректемелерінде
де (Шыңғыснама)
кездеседі
.
Ислам дінінің Дешті Қыпшаққа жерсінуіне шариғат заңдары мен салт-дәстүрді сабақтастыра
білген жергілікті дін қайраткерлерінің еңбегі зор болды. Қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешкеннен
кейін
мешіт-медресе ұстай алмады. Бірақ, қазақ халқы Исламмен бейбіт уағызшылардың насихаты
арқылы
танысты.
Дін уағызшылары Исламды халықтың таным-түйсігіне қарай жырмен, өнермен
насихаттады. Қарахан дәуірінде негізі салынған хикмет ілімі жыраулар дәуіріне ұласып, олардың
насихатымен қазақ халқы Исламға шын мәнінде мойынсұна бастады. Осы тұрғыда Сайф Сарай,
Сыпыра жырау, Асан қайғы, Доспанбет, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар т.б жыраулардың
сіңірген еңбегі ерен еді. Ал, қожа-молдалар қазақ халқының тұрмыс-салтта Исламды қалай ұстану
керектігіне баулыды
.
Алаштың қайраткері Х.Досмұхамедұлы Самарқанд шаһарындағы
Достарыңызбен бөлісу: