Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


-бабының бiрiншi бөлiгiнде,  190-1



Pdf көрінісі
бет36/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

33-бабының
бiрiншi бөлiгiнде, 
190-1

285-баптарында
көрсетiлген қылмыстар туралы iстердi қоспағанда, барлық 
қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi. Алдын ала тергеудi кәмелетке 
толмағандар немесе өздерiнiң дене немесе ақыл-ой кемiстiктерiне 
байланысты өздерiнiң қорғану құқықтарын өздерi жүзеге асыра алмайтын 
адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық iстер бойынша, 
сондай-ақ осы Кодекстің 
177-бабының
екінші бөлігінің 2) тармағында 
көзделген тәртіппен қозғалған қылмыстық істер бойынша жүргiзу мiндеттi. 
Қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк 
комитетiнiң, iшкi iстер және қаржы полициясы органдарының тергеушiлерi, 
ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар жүргiзедi.
Қылмыстық iстердi тергелуi бойынша бiр органнан екiншi органға беру 
осы қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүргiзiледi. 
2. Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi. 
Алдын ала тергеу жедел және толық болуы мақсатында қылмыс анықталған 
орын бойынша, сондай-ақ сезiктi, айыпталушы адам немесе куәлардың 
көпшiлiгi тұрған жерде жүргiзiлуi мүмкiн. Тергеу iс-әрекеттерiнiң басқа 
ауданда (облыста) жүргiзу қажет болған жағдайда тергеушi оны тiкелей өзi 
жүргiзуге не бұл iс-әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың) 
тергеушiсiне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Тергеушi 
iздестiру әрекеттерiн немесе жедел iздестiру шараларын жүргiзудi алдын ала 
тергеу жүргiзiлетiн жердегi немесе iс жүргiзiлетiн жердегi анықтау органына 
тапсыра алады. Тергеушiнiң тапсырмасы он тәулiктен аспайтын мерзiмде 
орындалуға тиiс. 
Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан 
кейiн ғана жүргiзiледi. Тергеушi өзi қозғаған немесе өзiне тапсырылған iс 
бойынша тергеуге дереу кiрiсуге мiндеттi. Iстi өзiнiң iс жүргiзуiне 
қабылдағаны туралы тергеушi қаулы шығарады. Егер қылмыстық iстi 
тергеушi қозғаса және өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаса, онда қылмыстық iстi 
қозғау және оны өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы бiрыңғай қаулы 
жасалады. Жоғарыда аталған қаулылардың көшiрмелерiн тергеушi жиырма 
төрт сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбередi. 
Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалған 
күннен бастап, ал қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-4-бабының 2) 
тармағында, 
303-1-бабында 
көзделген 
жағдайларда 
сотқа 
дейінгі 
жеңілдетілген іс жүргізудің хаттамасы жасалған күннен бастап екі ай 
мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс 
қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен немесе медициналық 
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi 
сотқа беру туралы қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс 
бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейiнгi 
уақыт енгiзiледi. Алдын ала тергеу мерзiмiне қылмыстық іс жүргізу 
көзделген негiздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт, 
айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық iс материалдарымен 


47 
таныстыру уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап 
етiлген қылмыстық iстiң сотта және прокуратурада жатқан уақыты 
енгiзiлмейдi. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген алдын ала тергеу 
мерзiмiн тергеушiнiң дәлелдi қаулысы бойынша:
- iстiң күрделiлiгiне байланысты аудандық және оған теңестiрiлген 
прокурор - үш айға дейiн;
- iстiң аса күрделi болуына байланысты облыс прокуроры және оған 
теңестiрiлген прокурор мен олардың орынбасарлары - алты айға дейiн 
ұзартуы мүмкiн.
Алдын ала тергеу мерзiмiн одан әрi ұзартуға тек айрықша жағдайларда 
iстiң күрделiлiгi ескерiле отырып жол берiледi және Қазақстан 
Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери 
прокурор жүзеге асыра алады. Алдын ала тергеудiң мерзiмiн ұзарту туралы 
қаулыны тергеушi ауданның, облыстың прокурорына және оларға 
теңестiрiлген прокурорларға тергеу мерзiмi өтпестен бұрын - бес тәулiктен 
кешiктiрмей, Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға 
он тәулiктен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi. Iс қосымша тергеу жүргiзу үшiн 
қайтарылған кезде, сондай-ақ уақытша тоқтатыла тұрған немесе 
қысқартылған iс қайта қозғалған кезде қосымша тергеудi iс тергеушiге 
түскен кезден бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiлуi мүмкiн. 
Мерзiмдi одан әрi ұзарту осы бапта көзделген тәртiппен жалпы негiздерде 
жүргiзiледi. Қылмыстық заңмен тыйым салынған iс-әрекеттi жасаған адам 
анықталмаған iс бойынша iс жүргiзу мерзiмдерi қылмыстық жауаптылыққа 
тартудың ескіру мерзiмiмен шектеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет