Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»



Pdf көрінісі
бет39/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

121-бабында
 
көрсетiлген белгiлерi болған жағдайларда олар заттай дәлелдеме болып 
танылады. 
2. Сот оған негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жеке қаулы 
шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, 
ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша 
анықталған заңның бұзылу фактiсiне, қылмыс жасауға себепшi болған және 
тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. 
Адамның iс-әрекетiнен қылмыс жасауға себепшi болатын әкiмшiлiк терiс 
қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға 
құқылы.
Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде 
немесе iстi төменгi сот қараған кезде жiберiлген, азаматтардың құқықтарын 
бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкiн.
Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын 
жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына 
немесе олардың қызметтiк не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы.
Сот, егер мұны қажет деп таныса, сот талқылауының материалдары 
бойынша, басқа да жағдайларда жеке қаулы шығаруға құқылы.


52 
Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына 
қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық 
немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығы, 
ерлiгi туралы жеткiзе алады.
Жеке қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар 
қабылдануы және оның нәтижелерi туралы жеке қаулы шығарған сотқа 
хабарлануы тиiс 
Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi осы адамның есi 
кiресiлi-шығасылы күйде жасағаны немесе осы адамның қылмысты 
жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкiн 
болмайтын психикасы бұзылумен ауырғаны дәлелдендi деп танып, сот 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң 
16,73-баптарына
сәйкес 
осы адамды тиiсiнше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату 
туралы және оған медициналық сипаттағы және нақ қандай мәжбүрлеу 
шарасын қолдану туралы қаулы шығарады.
Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам өзiнiң психикалық 
жай-күйi бойынша қауiп-қатер тудырмайтын болса не ол аса ауыр емес 
әрекет жасаған болса, сот iстi тоқтату туралы және медициналық сипаттағы 
мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.
Сот осы адамның әрекеттi жасауға қатысқаны дәлелденген жоқ деп 
таныған, сондай-ақ Қымыстық іс жүргізу кодексінiң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет