Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


Келесі өзге мәжбүрлеу шарасы –



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

.
 
Келесі өзге мәжбүрлеу шарасы
– 
қызметінен уақытша шеттету

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің158-бабына сәйкес, қылмыстық процесті 
жүргізуші орган, егер осы қызметте қала отырып, ол тергеуге және істі сотта 
қарауға, қылмыспен келтірілген залалды өтеуге кедергі келтіреді немесе осы 
қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды 
жалғастырады деп пайымдауға жеткілікті негіз болса, айыпталушыны 
қызметінен шеттетуге құқылы. Айыпталушы қызметінен уақытша шеттету 
туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жіберіледі, ол 
оны алғаннан кейінгі үш тәулік ішінде қаулыны орындауға және ол туралы 
сол адамға немесе қызметінен шеттету туралы шешім қабылдаған органға 
хабарлауға міндетті. Қызметінен шеттетілген айыпталушының, егер ол оған 
қатысты емес жағдайлар бойынша басқа қызметте істей алмаса немесе басқа 
жұмысқа кіре алмаса, еңбекке ақы төлеудің бір ең төменгі мөлшерінен кем 
емес сомада ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар. Қызметінен 
уақытша шеттету бұл шараға қажеттілік болмаған кезде судъяның немесе 
прокурордың қаулысымен, сондай-ақ тергеушінің немесе анықтаушының 
қаулысымен тоқтатылады. Ал, Қазақстан Республикасы Прокуратура туралы 
заңының 21-бабының 1-бөлігінің 3-тармақшасына сәйкес, «Айып тағылған 
адамды қызметтін шеттетуге» прокурордың жазбаша түрде санкциясы 
арқылы жүзеге асырылады.
Мүлікке тиым салу
- Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 161-бабының 
талаптарына сәйкес, үкімді азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар 
немесе мүмкін болатын мүлікті бөлігінде орындауды қамтамасыз ету 
мақсатында прокурордың санкциясымен, анықтаушы, тергеуші немесе сот 
күдіктінің айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін 
материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкіне тыйым салуға 
құқылы. 


43 
Қазіргі таңда тәжірибе барысында байқағанымыздай, кейбір қылмыстық 
істерде заңның осы талаптары сақталынбай отыр. «Айыпталушының мүлікке 
тыйым салу туралы» шығарылған қаулыларда прокурордың рұқсаты жоқ. 
Прокурордан рұқсат болған күнде де, қылмыстық істерде, мүлікке тиым салу 
туралы санкцияланған қаулылар кәмелет жасқа толмаған айыпталушыларға 
қолданылған. Бұл Қазақстан Республиуасы ҚПК-нің 161-бабының бұзылуына 
алып келіп отыр. Ал, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 75-бабында: 
«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы істер бойынша іске 
қатысуға осы кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдері 
тартылады» - деп. көрсетілген. Сондықтан да, мүлікке тиым салуға қатысты 
құқық бұзушылықтар орын алмау қажет, оларды жете қадағалау шар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет