44
істін прокурорға жіберілгені жайында хабардар етуге міндетгі. Бірақ.
анықтау органы, тиісті өтініш болған күннің өзінде, оларды іс
материалдарымен таныстыруға міндетті емес.
2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі мынада: прокурор,
ҚІЖК-нің 289-бабына сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға)
орындалуы міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ тергеуші прокурордың:
- айыпталушы ретінде тарту туралы;
- қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;
- сот талқылауын тағайындау үшін істі жіберу туралы немесе істі
қысқарту туралы нұсқауымен келіспесе, өз қарсылығын жазбаша баяндап
жоғары тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда прокурор, не
төменгі тұрған
прокурордың нұсқауын бұзады, не бұл істің тергеуін басқа
тергеушіге тапсырады. Анықтау органдарына бұл ереже таралмайды.
Прокурордың нұсқауымен келіспеген жағдайда анықтау органы жоғары
тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Дегенмен, мұндай шағымдаңу
фактысы прокурор нұсқауының орындалуын тоқтата алмайды. Алдын ала
тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау материалдары істі сотта
қарауға негіз бола алады. Оның мақсаты алдын ала тергеудің алдына
қойылған мақсатпен бірдей. Мерзімі және жүргізу амалдары жағынан олар да
әртүрлі болуы мүмкін. Міне осы мән-жай ғалымдарға анықтаудың осы түрін
толық көлемді анықтау немесе «алдын ала тергеудің» ерекше нысаны деп
атауға мүмкіндік беріп отыр.
Дау туғызбайтын бір жағдай — алдын ала
тергеу міндетті емес істер
бойынша анықтау алдын ала тергеудің өзінше дербес нысаны болып
табылады, оны алдын ала тергеуден мыналар ерекшелейді:
- оны жүзеге асыратын субъект (тергеуші емес, анықтау жүргізуші адам);
- сол субъектінің құқықтық мәртебссі (анықтау жүргізуші адамда іс
жүргізу еркіндігі болмайды);
- жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, адам және жауапкердің және
олардың өкілдерінің тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдарымен танысуға
құқықтарының жоқтығы.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрі, басқаларға қарағанда,
«анықтау» деп атауға көбірек сәйкес келеді. Ол алдын ала тергеуге қарағанда
едәуір өзгеше.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық сот ісін жүргізу негіздерінің
29-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу
міндтті болып табылатын
қылмыстарда қылмыс белгілері болса анықтау органы қылмыстық ісқозғайды
және қылмыстық іс жүргізу заңын басшылыққа алып дереу тергеу
әрекеттерін жүргізеді, ондағы мақсат — қылмыстың іздерін анықтау және
бекіту: қарау, тінту, алу, телефон және басқа байланыстарды тыңдау, мүлікке
тыйым салу, сезіктілерді анықтау, ұстау және олардан жауап алу,
жәбірленушілер мен куәлерден жауап алу, қажет болған жағдайда сараптама
тағайындау.
Анықталған қылмыс және басталған анықтау жайында анықтау органы
прокурорға дереу хабар береді. Жедел тергеу әрекеттерін орындағаннан
45
кейін анықтау органы, прокурордың нұсқауын күтпестен және он күндік
мерзім біткеннен кейін істі тергеушіге тапсыруға міндетті.
Анықтаудың бұл түрі алдын ала тергеу сатысын аяқтамайды, сондықтан
да өзінен кейін жалғасатын алдын ала тергеуден бөлініп алдын ала тергеудің
нысаны деп аталынбайды. Бұл жағдайда алдын
ала тергеу екі элементтен
тұрады:
- алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау;
- анықтау органы істі тергеушіге бергеннен кейін басталатын алдынала
тергеу. Алдын ала тергеудің осы нысанын
аралас алдын ала тергеу
деп атау
керек.
Алдын ала тергеу дегеніміз — мазмұны алдын ала тергеу сатысын
басынан аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала тергеу дәлелдеуге
жататын барлық мән-жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады (ҚІЖК-
нің 117-бабы). Тек алдын ала тергеуде ғана қылмыстық процестің сотқа
дейінгі сатыларында адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың
заңда көзделген кепілдіктері көбірек көзделген.
Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді
тергеушілер жүргізеді, оларда, жоғарыда атап өткеніміздей, іс жүргізу
дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері қазіргі кезде ішкі істер органдарында,
қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы органдарында бар.
Алдын ала тергеу, ҚІЖК-нің 126 және 404-баптарына сәйкес, неғұрлым
күрделі істер бойынша және өзінің дене
немесе ақыл-ой кемістігіне
байланысты өз құқығын қорғай алмайтын кәмелетке толмаған адамдар
жасаған қылмыстар туралы, сондай-ақ есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті
іс-әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.
Алдын ала тергеу оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар
бойынша да жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе
прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
Алдын ала тергеу, алдын ала тергеудің кез келген басқа нысаны сияқты,
іс жүргізу әрекеттерінен және іс жүргізу шешімдерінен тұрады. Ол өзіне
тергеу әрекеттерін жүргізуді. мәжбүрлеу
шараларын қолдануды, адамды
айыпталушы ретінде тартуды, қорғаушыны, заңды өкілдерді, азаматтық
талапкерлерді және қылмыстық процестің басқа субъектілерін қылмыстық
процеске қатысуға жіберуді, қатысушыларды іс
материалдарымен
таныстыруды және т.б. қамтиды.
Алдын ала тергеудің алғашқы мерзімі екі ай шамасында белгіленген.
Бірақ оны заңда белгіленген тәртіпте прокурор ұзарта алады.
Сонымен, алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:
1) алдын ала тергеу;
2) аралас алдын ала тергеу, ол өзіне анықтауды (алдын ала тергеу
міндетті болып табылатын істер бойынша) және содан кейінгі алдын ала
тергеуді қамтиды;
3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша «анықтау».
. Алдын-ала тергеудiң мiндеттілігi