Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


 – Сұрақ. Қылмыстық процестің жүйесі



Pdf көрінісі
бет4/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
2 – Сұрақ. Қылмыстық процестің жүйесі 
Қылмыстық іс жүргізу өзімен тергеулік, прокурорлық және сот 
органдарының және олардың осы қызметке қатысатын тұлғалармен 
қатынасының күрделі жүйесінің әрекеттерін ұсынады. Қылмыстық іс жүргізу 
құқығының нормаларымен реттелетін осы әрекеттер мен қатынастар, тергеу 
жүру кезінде және қылмыстық істің шешілуі кезінде өзгереді және дамып 
отырады. 
Процеске қатысушылардың барлық әрекеттері белгілі бір тәртіппен, 
белгілі бір сабақтастықпен өтеді, соның нәтижесінде іс жүргізу әрекеттерінің 
жиынтығы мен іс жүргізулік қатынастар, қылмыстық 
процестің жүйесінің
барлық бөлімдерінде келісілген және келбетті түрде көрсетіледі. 
Бұл жүйе былай құрастырылады, яғни әрбір қылмыстық іс бойынша 
қылмыстық іс жүргізуді өткізу үшін іс бойынша ақиқаттың анықталуын, 
нағыз қылмыскердің сотталуы мен жазалануын, азаматты негізсіз 
айыптаудан қорғауды қамтамасыз етуі керек. Осыған сәйкес қылмыстық іс 
бойынша барлық өндіріс сабақтас кезеңдер қатарынан немесе
қылмыстық-
процестік сатыларынанөтеді

 
Қылмыстық процестің кезеңдері
деп,қылмыстық іс жүргізудің 
өздеріне тән тікелей міндеттерімен, процестік әрекеттерімен және іс 
жүргізулік қатынастарымен сипатталатын бөлімдері аталады.Іс бойынша 
өндіріс келесі кезеңге, тек қана алғашқы кезеңнің міндеттері орындалғаннан 
кейін ғана өтеді. Қылмыстық іс жүргізудің кезеңдерінің бір бірімен 
байланысының сабақтастығының өзі қылмыстық іс жүргізудің жүйесін 
құрайды.



Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңі.
Қылмыстық құқық бұзушылық 
туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай 
тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті сотқа дейінгі 
тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-
тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.
Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы 
барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге 
міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет