10
Кінәні әшкерелейтін
және ауырлататын ғана емес, сондай-ақ қылмыс
жасады деп күдіктелген немесе айыпталған
адамның кінәсін ақтайтын,
жеңілдететін жағдайларды да анықтауға міндетті қылмыстық ізге түсу
органдарының қызметінде қорғау функциясы өзгеше сипат алады.
Айыптаудан қорғау — төменде көрсетілген нәтижелерге қол жеткізу:
— адамның толық ақталуы мүмкін;
- кінәсі бар болса адамның жазадан босатылуы,
яки оның шартты
жазаға сотталуы мүмкін;
- бұл қылмыс үшін көзделгендегіден неғұрлым жұмсақтау жаза
белгіленуі мүмкін;
— түпкілікті айыптау көлемі бастапқыда
тағылған айыптан әлдеқайда
кем болады;
— қылмыс құрамын саралау элементтері жоқ;
—
іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары жеңілдетілген.
Қорғау мақсаттарына қорғаушының тек заңды әдістер мен құралдарды
қолдануы жолымен қол жетеді. Қорғау функциясының күші мынада: оны
жүзеге асыру қылмыс жасады деп айыпталған адам бар іс бойынша процестің
бүкіл барысында тоқтатылмайды. Қорғау функциясы қылмыстык ізге түсу
тоқтатылысымен доғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: