12
— сот ісін жүргізудің, тұрақты бірізділігін қалыптастырады, оның өзі
азаматтардың, заңды мүдделері мен құқықтарын
сақтау кепілдіктерінің бірі
болып табылады;
- Кез келген қылмыстық іс бойынша акиқатқа қол жетуін бірдей қамтамасыз
ететін әмбебап құралдардан құралған;
— реттелетін құқық бұзушылықтарға үйлесімділік, жүйелілік және
қисындылық береді.
Қылмыстық процесс нысаны белгілі бір белгілермен сипатталады:
-процесс нысанының негізіне қылмыстық процестің қағидаттары алынған
(мәселен, жариялылық қағидаты сотта сөз сөйлеу процедурасын белгілейді;
сот ісін жүргізудегі ұлттық тіл қағидаты іске аудармашы қатысуының
белгіленген тәртібімен қамтамасыз етіледі);
- іс жүргізу нысанына мақсаттар мен міндеттер бірлігінен туындайтын бірлік
тән (мәселен, заңдылықты сақтау талабы қылмыстық
процестегі барлық іс-
қимылдарға, көзеңдерге және қатысушыларға қатысты; сот ісін жүргізу
шарттары қандай да болсын қылмыстық іс бойынша сақталады);
-процесс нысанына сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдардың біліктілігін
саралап регламенттеу тән (мәселен, прокурордың қылмыстық процесте
заңдылықты қадағалау жөніндегі құқықтары
мен міндеттері сот
органдарының осыған қатысты құқықтарымен және міндеттерімен
үйлеспейді; тергеушінің жасалған қылмыстың мән-жайларын анықтау
жөніндегі құқықтары мен міндеттері сот құрамының сол мән-жайларды
анықтау жөніндегі құқықтарымен және міндеттерімен үйлеспейді);
— қылмыстық процесс құқығына процеске
қатысушылардың заңды
құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін кепілдіктер жүйесі тән;
— қылмыстық сот ісінің жүргізілуіне процестің мазмұндық жағына
тыңғылықтылық беретін
Достарыңызбен бөлісу: