Алдын ала тергеу кезеңі. Сотқа дейінгі тергеп тексеру бастылғаннан
кейін, ол тергелуі керек. Тергеу, анықтау және алдын ала тергеу
органдарының істің мән-жайын анықтауға, дәлелдерді жинауға және
тексеруге, қылмыс жасаған тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған іс
жүргізулік әрекеттерін жүргізуден тұрады. Алдын ала тергеудің үш нысаны
болады: хаттамалық нысан, анықтау және алдын ала тергеу.
Басты сот талқылауын тағайындаукезеңі. Істің
тергелуі
аяқталғаннан кейін, прокурор істі айыптау актісімен танысып, бекіткен
жағдайда сотқа тапсырады. Істі тыңдауға тағайындағанға дейін, сот
мәжілісінде сот істі сот мәжілісінде істі қарауға жеткілікті негіздің бар
екеніне көз жеткізгеннен кейін, сот кінәлігі туралы сұрақты алдын ала
шешпей (ол келесі сот талқылауы кезеңінде шешіледі) басты сот талқылауын
тағайындау туралы қаулы шығарады.
Басты сот талқылауы кезеңі үкімнің қаулысымен аяқталады, - барлық іс жүргізулік әрекеттер мен қатынастар жүйесіндегі орталық орынды
алушы басты іс жүргізудің шешуші кезеңі. Осы іс жүгізудің кезеңдеріне
дейінгілердің бәрі оны дайындайды, оған қажетті жағдайлардың бәрін
туғызады, одан кейінгілердің бәрі сот талқылауының дұрыс жүргізілуін,
үкімнің заңды және негізді болуын, үкім күшіне енгенде іске асырылуын
бақылайды.
Аппеляциялық өндіріс кезеңі үкіммен келіспеген тараптың үкімді
заңды және негізді шығарылғанын тексеретін жоғарғы тұрған сотқа шағым
жасауынан тұрады, (прокурор наразылық білдіреді) және осы тексерудің
нәтижелеріне байланысты үкімді күшінде қалдырады немесе күшін жояды, я
болмаса оған қажетті өзгеістерді енгізеді.
Үкімді орындау – кезеңі заңды күшіне енген үкімді және онда
көрсетілген шешімдерді жүзеге асырумен қорытындыланады
. .
Барлық кезеңдер біртұтас міндеттермен және қағидалармен қосылады.