Түзілімінің тым тереңде жатқандығын дәйекті дәлелдермен негіздеп берді. Сол түпкі түрік текті түзілімдердің қатарында Маң жұрты да аталады



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478

 
Кіріспе 
Генетикалық генеалогия түпкі шығу тектері бір әрі өзара туыстықтары бар адамдарды 
немесе адамдар топтарын үш түрлі жолмен анықтап, таразылайды. 
1. Клеткалар цитоплазмасында болатын Митохондриалды ДНҚ (мт ДНҚ) молекуласы 
арқылы. Бұл молекула тек анадан балаларына қарай, келесі буында қыздарынан жиендерге 
қарай көшіріліп жатады. 
2. Полиморфизмдік (бір тектес түрдің бірнеше формада болуы) әдісі көмегімен тек ер 
адамдардың бойында ғана болатын Ү-хромосомының тұқым қуалаушылығын анықтау 
арқылы тұқым қуалаушылықтың тек әкесінен ұлына, келесі ұрпақтарына еш өзгеріссіз 
тікелей ауысып отыратындығын анықтап, дәлелдеу негізінде. 
3. Аутосомы, яғни барлық хромосоманы жинақтап, жалпыгенетикалық портреттеме 
түзу арқылы анықтау. Аутосомы нақты адамға өзінің шығу тегін білдіріп қана қоймайды
сонымен бірге оған өзі мүшесі болып табылатын этностың түбі бір өзара туыстықтары бар, 
ділі мен тілі ортақ жұрттар екендігін білдіреді. 
Жоғарыда аталғандардың барлығы ДНҚ-ны (дезоксирибонуклеин қышқылын) 
зерделеумен анықталады. Демек ДНҚ-генеалогиялық зерттеу – тірі клетка ядросында 
болатын дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласы құрамындағы тұқым тектік ақпарат 
қорын сараптайтын генетикалық дәйек тәсілі болып табылады. 
Бұл нуклеин қышқылы қандай да болмасын тірі организм ұрпағының түзелімі, дамуы 
және жеке белгілері туралы биологиялық ақпаратты сақтап, оларды жаңадан пайда болған 
клеткаларға (келесі зәузатқа) бұлжытпай көшіріп отырады. Соның арқасында тұқым қуу 
қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа өтеді. Тұқымдық ақпарат негізінен ДНҚ-да сақталатын ядролық 
құрылым хромосомаларында жинақталады. Оның Ү-хромосома түрі тек ер жыныстыларда 
ғана болып, ол әкесінен ұлына тікелей ауысады. Яки, әкеден тура тарайтын тұқымның 
бәрінде Ү-хромосоманың бірдей элементтері сақталады. 
Ер адамдардың Ү-хромосома гаплотобын, әдетте, әліпбилік тәртіп бойынша А әрпінен 
Т әрпіне дейін белгілеп жіктеу жүйеленген [1, 15–16-бб.].
ДНҚ-генеалогия осы әріптік жүйені негізге ала отырып, Африкалық алғашқы есті 
үйірлік топты А әрпімен белгілейді. Ал осы А тобына кіндіктесе өрбіген гаплотоптарды В 
әрпінен Т әрпі аралығындағы әріптермен таңбалайды. 
Африка құрылығынан Азия құрылығына өткен делінетін үйірлік топтар В 
гаплотобынан тараған C және F гаплотоптары болған делінеді. Шығу тектері бір делінетін 
осы екеуінің бірі C және содан бұтақтанған C3 гаплотоптары бұдан 60 мыңдай жыл бұрын 
Тәңірі тауының шығысын ала Теріскей Азияға өтіп Тұнық мұхиттан Алтай-Саян таулары 
мен Тарғабатай таулары баурайларына дейін жайыла қоныс тебеді. Ал F гаплотобы 
ұрпақтарынан өрбіген NOP құрама тобы бұдан 45 мыңдай жыл бұрын Гималай, Памир және 
Копетдағ тауларынан асып Теріскей Азияға аяқ басады. Олар Каспий теңізінен Алтай-Саян 
және Тарбағатай таулары баурайларына дейін қоныстанды. Олар, – дейді американдық 
ғалым А. Клесов, – бұл аймақтарда Орталық Азияның мамонтты өрістерінде Тәңір тауының 
шығысын ала жеткен C және C3 зәузатты жұрттармен қатар жайлады.
P гаплотобынан бұдан 40-35 мыңдай жыл бұрын бір-біріне кіндіктесе Q және R 
бұтақтары тармақталады. Q гаплотобының біраз бөлігі кейіннен Аляска асып, болашақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет