Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 470
саяси, тарихи және әдеби тексттер археологтарды тіптен таң қалдырған. Мұның бәрі Хет
мемлекетінің өз заманында өте озық әрі гүлденіп-көркейген ел болғандығын білдірген. Ең
қызығы осы хеттердің шығу тегін іздестірулер, еуропалық тарихшыларға, олардың қазіргі
қазақ халқын құрылымдап отырған ұлыстардың бірі – кетелермен түбі бір жұрт екендігін
анықтауға септесіпті. Ал хунгурлар жиен деп мақтан тұтқан екінші жұрт – Маң халқы
болған.
Хунгурлар жиен деп мақтан тұтқан Маң жұрты Маңдардың пайда болып, түлеп ұшқан атажұрты – Алтай-Саян тауларының қалың
орманды шың-құздарының баурайларындағы жынысты тоғайлы, көк шалғынды алаптар.
Олар бұл маңды нағашы жұрты – хунгур/ат/тардың біршама ру-тайпаларымен және өзге де
бауырлас этникалық топтармен араласа-құраласа мекендеген.
Ел билеушісі Маңғытай деп ұлықталған.
Тар мағынасында «Маңғытай» аталымы аң-құсты, немесе атыс-шабыста жау әскерін
«торылдаушы адам» деген ұғым-түсінікті білдірген. Кең мағынасында ел басшысы, яғни
халық қараушысы деген мағынада қолданылған.
Пікіріміздің дәлелдемесіне түрік тілінің диалектік ерекшеліктерін талдаған
В.В. Радловтың «Очерк словаря тюркских наречий» атты жинағынан мысал келтіруге
болады. «Мангутай» – маңдардың жұрнақтары саналатын моңғол, сағай /шағай/ және телеут
тілдерінде «торуылдаушы» деген мағынада қолданылады [9, 2015–2016-бб.].
Түрік текті халықтардың тілдік диалектік ерекшеліктерін бақайшығына дейін талдаған
Ұлы ғалым айтса айтқандай, Маң қауымдастығының жетекшісінің Маңғытай аталуы заңды.
Себебі халықтық аталым Маң-ға жалғанған «-ғы» қосымшасы көптікті (көп халық) білдірсе,
«-тай» жалғамасы алтайлық халықтар тілдеріндегі -ай, -тай, -дай, -дей түрлерінде кездесетін
өнімді аффикс болса керек. Бұл бір жағынан.
Екінші жағынан, сөз басындағы дәлелдемеде нақтыланғандай, Маң халқы әу баста тек
аңшылықпен айналысқан жұрттардан құрылымдалған этнос болған. Өйткені «торуылдау»
ұғымы көбіне-көп аңшылар арасында айтылатын түсінік. Осыған қарап маңдармен көршілесе
қоныстанған өзге ел-жұрт маңдарды кейде «аң-құсты торуылдап ұстайтын аңшының халқы,
яғни Маңғытай жұрты» деп атамалап кеткен сыңайлы. Келе-келе бұл ұғым-түсінік Маң
этнонимін демеуші қосымша ұғым-түсінікке айналып кеткен. Осыдан Маң халқын былайғы
ел-жұрт кейде Маңғытай елі деп те атамалауды әдетке айналдырып алған.
Қазіргі жыл санауымызға дейінгі мыңжылдықтарда Теріскей Азияда жиі-жиі табиғи-
климаттық өзгерістер, адам айтса нанғысыз бет қаратпас аязды, мұздақты, қара суықты, не
аймаққа жауын-шашын тамбай жалаң қуаңшылықты, не кейбір өңірлерінде жанартаулар
атқылаған катаклизмді апатты жағдайлар орын алып отырған.
Міне осындай апатты жағдайлардың бірі, атап айтқанда, жанартаулардың атқылауы
ж.с.д. 14–13 мыңжылдықтарда Шығыс Саян тауларындағы Қиой (қазіргі аталымы Хи-гол),
Жамбалық (Жомболок) және Аха (Ока) өзендері алаптарында орын алған. Жанартау
ағымының ұзындығы 74 км. жерге дейін созылған.Қалыңдығы кем дегенде 5–7 м. болатын
жанартау шөгінділерінің ені ондаған гектар жерді алып жатқан [10, 34–49-бб.].
Міне, осы жанартау атқылауынан шошынған жергілікті халық (олардың ішінде маңдар
да бар) жер ауа көшкен. Олардың бірқатары шығысқа, біршамасы батысқа қарай жөңкілген.
Атажұртта қалғандары жанартау атқылаған жерден сәл аулақтау маңдарға барып
қоныстанған. Алысқа ұзап, көшіп кетуге туып-өскен өңірлерін қимаған.
Алыс аймақтарға көші-қон түзгендердің ішінен батысқа қарай жөңкілгендері жолай
кезіккен өзге қауымдарды өздеріне қосып ала жүріп, Каспий теңізінің шығыс жағалаулары
мен Еділ өзенінің орта ағысына дейінгі аралыққа жайыла қоныстанған. Ел билігі Маң
көсемдерінің қолында шоғарланғандықтан былайғы жұрт ел халқын көбіне көп Маң халқы
деп этнонимдеген. Оған осы өіңрлердегі жер-су атаулары куәлік ете алады. Мысалы
Маңғыстау, Отаман тауы, Маната қыраты, Маңбұлақ, Маңсу, Маңсай, Маңдардан шыққан