Байланысты: Ясауи университетінің хабаршысы №1, 2023-464-478
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №1 (127), 2023 ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 469
Әсіресе украин тарихшылары орыс шовинист тарихшылары айтып та, жазып та
жүргендей Украина жерінде ешқандай Киев русі деген орта ғасырлық мемлекет
болмағандығын, өздерінің орыспыз деп жүргендермен еш қандайда туыспайтындықтарын,
түп тектерінің сонау есте жоқ ескі замандарда Қара теңіздің солтүстік өңірлерінде
өмірленген хунгурлардан бұтақтанған скифтердің, хазарлардың, қыпшақтардың және басқа
да ондаған түпкі түріктекті халықтардың ұрпақтары екендігін дәлелдеп берді. Киев қаласын
алғаш рет салып, зор шаһарға айналдырған түріктекі халықтар болғандығын әлем
халықтарына паш етті. Сөйтіп өздерін украиндармен бір текті халықпыз, түп тегіміз
славяндардан деген жалған ойға бой алдырған орыстардан аулақ қашты.
Хунгурлардың пайда болып, өсіп-өнген өңірлері туралы әртүрлі пікірлер білдіріледі.
Дей тұрғанмен қытай ғалымдарының соңғы жылдардағы полигенетикалық зерттеу
нәтижелері анықтап бергендей, хунгурлардың пайда болып, өсіп-өнген өңірі деп қазіргі ҚХР-
ның Шаньси, Хебэй, Шэньси провинциялары, Ордос үстірті, Ішкі Монголия аймақтары
аталады.
Оны қытай генетиктері Ордос үстіртін айнала қоршап жатқан таулардың шығыс
бетіндегі «Шаньдиндун (Шың басындағы үңгір) үңгірінен табылған адам сүйектеріндегі
ДНК-лық зәузаттарды бүгінгі таңда өздерін хунгурлардан бұтақтанған жұрттармыз деп
жүрген ондаған ұлттың ДНК-лық молекулаларымен салыстыра отырып, дәлелдеген. Атап
айтқанда, олар «Шаньдиндун» үңгірінен табылған сүйектердегі Q, R1a, R1b, C және C3
зәузаттары бүгінгі таңда ҚХР-ның солтүстігі мен солтүстік-батысында тұратын, бірақ
қытайланып кеткен хунгур ұрпақтарының, бурят пен моңғол хунгурадтарының, Сібір
татарларының, хакастардың, тыбалықтардың, фин-угорлардың және т.с.с. өзге де
халықтардың бойында бар екендігін анықтаған [6]. Өйткені хунгурлардың да біршамасы
Теріскей Азияда жиі-жиі орын алып отыратын табиғи-климаттық өзгерістерге, катаклизмді
апатты жағдайларға, жанартаулардың жиі атқылауына, қуаңшылықтарға және басқа да
жағдайларға байланысты өздерімен бауырлас өзге де этникалық қауымдастықтармен
араласа-құраласа өмірлене жүріп, түкпір-түпкірге жер ауып отырған. Олар жаңадан барып
жерсінген өңірлеріндегі жергілікті жұрттармен мидай араласып кеткен. Оларға қыз ұзатып,
олардан келін түсіріп дегендей құда-жекзат болған.
Айталық, әлі күнге дейін хунгур (хунгурай) ұрпақтары өздерімен араласа-құраласа
өмірленіп келе жатқан кете (хеттер) мен маң (қазір «маңғұл» деп атамаланып жүргендердің)
ұрпақтарын жиен деп еркелетіп атамалайды [7, 41–45-бб.].
Сілтемеде мысалданған екі этникалық қауымдастықтың бірі – кетелер (хеттер)
орталықазиялық көне халықтардың бірі. Міне, осы халық орыс тарихнамасында «Еуропада
«баулықталған керамика» мәдениетін түзуші үндіеуропалық халықтардың батыс бұтағы»
ретінде жазбаланып, аталады [8].
Дей тұрғанмен осы түсіндірменің ақиқаттылығын, сондай-ақ ж.с.д. VI ғасырда Рим
қаласын жаулап алған кельттердің кімдер екендігін анықтау мақсатында еуропалық
ғалымдар арнайы жүргізген зерттеу орыс тарихшыларының «үндіеуропалықтар» деп атап
жүрген халықтың кімдер екендігін анықтауға септігін тигізіпті. «Үндіеуропалық» деп аталып
келген бұл жұрт орталықазиялық халық болып шыққан. Өсіп-өнген өңірлері ретінде Кузнецк
Алатауы баурайлары аталады. Кетелердің біршамасы сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ
Орталық Азиядан көше-көше келіп, Кіші Азияны жерсінген. Кіші Азияда кетелер (хеттер)
Египетпен иық тірестірген өте мықты әрі барынша гүлденіп-көркейген өз мемлекетін
орнықтырған. Оған хет патшаларының фарон Аменхотеп III және оның ұлы Эхнатон
биліктері тұсында Египетпен әскери, сауда-саттық және дипломатиялық байланыста
болғандығын растайтын құжаттардың Египет архивтерінен табылуы куәлік етіпті. Ал
археологиялық қазбалар барысында табылған шумер-аккад-хет сөздігі 15 мыңнан астам қыш
таңбаларда жазылыпты. Хет патшаларының жарлықтары, сауда-саттық есептері, мәдени,