ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
39
У.Э.
Дюбуа болды. Ғалым 1895 жылы Гарвард университетінде доктор-
лык; дәрежесінқорғады.Ол афроамерикалықгартуралыэмпирикалық
деректерді саралап, оны нәсілшілдікпен күресте қолдану мақсатына
бүкіл саналы ғұмырын арнады.
Джейн Аддамс (1860-1935)
Тағы бір әлеуметтанушы, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының
1931 жылғы иегері Джейн Аддамс өз еңбегінде АҚШ әлеуметтануының
ерте кезіндегі әлеуметтік проблемалар
мен әлеуметтік реформаларға
баса назар аударды. Аддамс Чикагоның кедей аудандарында әлеуметтік
қызмет көрсету және қоғамдық белсенділік орталығы, Халл-хаустың
негізін қалады. Әріптестерімен бірге ол әлеуметтік ғылыми деректерді
еңбек қауіпсіздігін арттыруға, жасөспірімдерді заңмен қорғауды жетіл-
діруге, қоғамдық санитария мен кедейлерге қызмет көрсетуді жақсарту-
ға арналған заңдарды қабылдау үшін пайдаланды (Linn
&
Scott, 2000).
Бүгінде көптеген америкалық
әлеуметтанушылар нәсілдің, тап
пен жыныстың (жекелей әрі бәрін бірге алып) қоғам өміріне тигізетін
әсерінің бәрін зерттеп жатыр. Кең мағынада қарасақ, АҚШ әлеумет-
танушыларының еңбектерінің негізгі бағыты - әлеуметтік проблема-
ларды шешуге күш салу. Олар әлеуметтік өмірді жүйелі түрде зерттеп,
зерттеу нәтижелерін басқа адамдардың да
қолы жететіндей етудің
арқасында әлемді жақсартудан үміттенеді. Сонымен қатар кейбір әлеу-
меттанушылар қоғамдағы проблемаларды шешу үшін әлеуметтік
қозғалыстар мен ұйымдарда тікелей жұмыс істейді. Америкалық зерт-
теушілердің азғантай тобы (олардың саны өсіп келеді) The Daily Show
және The Today Show бағдарламаларына қатысып, «Нью-Йорк Таймс»
газетінде және Slate.com сайтында материал жариялап,
тіпті сотта
және Конгресте әлеуметтік проблемалардың сипаты жэне оларды
шешу жолдары туралы баяндамалар жасап, өз зерттеулерін қоғамға
және саясаткерлерге тікелей жеткізіп жүр.
Достарыңызбен бөлісу: