Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет71/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
59
дүлей апаттарды зерттейтін әлеуметтану профессорлары 2005 жылы 
«Катрин» дауылының салдарымен күрескен үкіметтік, коммерция- 
лық емес ұйымдарға және қауымдастықтарға көмек көрсетуде шешу- 
ші қызмет атқарды, қазір де бірнеше ғалым 2011 жылы болған «Ирен» 
дауылының салдарларын зерттеп жатыр (Nelson, 2011).
Үкіметтегі әлеуметтанушылар
Сондай-ақ әлеуметтанушылар жергілікті және үлттық деңгейдегі 
мемлекеттік органдардың бәрінде жұмыс істей алады. Мысалы, АҚШ 
Халық санағы бюросында қызмет атқаратын әлеуметтанушылар ха- 
лық санының өзгерісін бағамдап, балабақша немесе қаргтар үйін 
салу туралы шешім қабылдауда қоғамдық ұйымдарға көмектеседі. 
Білім департаментінде әлеуметтанушылар саясаткерлерге стандарт- 
ты тестілерді қолдануды көбейту немесе азайту бойынша шешім 
қабылдауға жәрдемдеседі. Ал жергілікті, штаттық және ұлттық ден- 
саулық сақтау бөлімдерінде әлеуметтанушылар студенттердің көк- 
темгі оқу демалысы кезінде немен айналысатынын зерттеп, салауат- 
ты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру жөнінде мектептерге кеңес 
береді.
Бизнестегі әлеуметтанушылар
Әлеуметтанушылар бизнес саласында түрлі қызметтер атқарады. 
Кейбіреулер адами қарым-қатынас туралы білімін мекеменің адам 
ресурстары бөлімінде немесе гендерлік және этностық әркелкілікке 
қатысы бар фирмаларда қолданады. Енді басқалары нарықты зерт- 
теу саласында тер төгеді. Мәселен, әлеуметтанушы киножұлдызбен 
келісіп, оған бір өнім туралы блог жазгызып, жарнамалау арқылы 
сату көлемін көбейтуге бола ма, жоқ па - соған болжам жасай алады.
Әлеуметтанушылар адамның мінез-құлқын жақсы түсінетін- 
діктен әрі мінез-құлықты зерттеу жолдарын білетіндіктен, осындай 
қызметке маман іздеп жургендер бұл саланың қызметкерлерін қуа- 
нышпен қабыл алады.
Коммерциялық емес ұйымдардағы
әлеуметтанушылар
Коммерциялық емес үйымдарға ауруханалар мен емханалар, әлеу- 
меттік белсенді ұйымдар және жекеменшік сараптамалық орта- 
лықтар жатады; әлеуметтанушылар осы ұйымдардың барлығында 
жұмыс істейді. Мысалы, «СПИД-ті зерттеудің америкалық қорының» 
әлеуметтанушылары бей-берекет қатынасқа баруға түрткі болатын 
себептерді зерттеп, сақтануға ынталандыратын түрлі стратегиялар- 
дың тиімділігіне баға берді. Олар, сондай-ақ СПИД-тің таралуына 
тосқауыл қою үшін халыққа ұнай бермейтін шешімдерді, мәселен, 
нашақорларға жаңа инелерді тегін тарату сияқты шешімдерді қа- 
былдатқызу мақсатында тиісті зерттеу жүргізді.
Әлеуметтанушылардың көбі ғылыммен айналысады, дегенмен 
коммерциялық емес ұйымдарда немесе неке, отбасы, сауықтыру 
ұйымдарында кеңесші болып жұмыс істейтін әлеуметтанушылар- 
дың саны да көбейіп келеді. Әлеуметтанушылар алатын білім пси- 
хологтар, әлеуметтік қызметкерлер және басқа кеңесшілер алатын 
білімнен өзгеше, бірақ әлеуметтанушылар да жеке проблемалардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет