Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет79/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Адам мінез-құлқының
негіздері: мәдениет және
биология
Адамдар неге өздерін осылай ұстайды? Адамның мінез-құлқын не 
анықтайды? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін адамның мінез-құлқын- 
дағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндіруіміз керек. Жал- 
пы алғанда, биологиялық факторлар әртүрлі қоғамдагы адамдар үшін 
ортақ нәрсе не екенін түсіндіруге көмектессе, мәдениет адамдар мен 
қоғамдардың бір-бірінен неге ерекшеленетінін түсіндіреді.
Мәдениетке жалпы көзқарас
Құрылымдық функцияшылдар де, конфликт теориясының өкілдері 
де, символдық интеракционистер де - жалпы әлеуметтанушылардың 
барлығы мәдениетке қатысты ортақ көзқарас ұстанады: олардың бәрі 
мәдениеттің проблеманы шешетін қүрал екенін, оның салыстырма- 
лы түрде қарастырылатынын және мәдениеттің әлеуметтік өнім еке- 
нін мойындайды.
Мәдениет - мәселеніңшешімін табатын қүрал
Тропикалық орманда түрса да, Нью-Йорк, Лондон, Токио сияқты ірі 
қалаларда түрса да бүкіл адамзатқа ортақ проблемалар бар. Олардың 
бәрі тамақтануы керек, қауіп-қатерден (көбінесе бір-бірінен) қорға- 
нуы керек және бәрі балаларын өмірден өз орнын тауып, іздерін жал- 
ғайтындай етіп өсіруі керек. Бұл проблемалар жалпыға ортақ бол- 
ғанымен адамдардың қабылдайтын шешімдері тым әркелкі болып 
келеді. Мысалы, Тробриан аралдарында әдетте балаларды тәрбиелеу- 
ге анасының ағасы жауапты болады, ал америкалықтарда нағашы 
ағаларға мұндай жауапкершіліктің жүктелуі өте сирек кездеседі.
Адамдар қайталанып отыратын проблемаларға тап болған кез­
де мәдени үлгілер оған дайын жауап ұсынады. Бұл ең дұрыс әрі ең 
әділ жауап осы деген сөз емес, мәдениет жалпыға ортақ осындай 
сұрақтарға жауап іздегенде ғана стандартты үлгілерді ұсынады. 
Конфликт теориясы мен құрылымдық-функционализм арасында-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет