Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет82/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Мәдениет - әлеуметтік өнім
Әлеуметтанушылардың жасаған қорытындысы: мәдениет- биология- 
ның емес, қоғамның нәтижесі. Адамзат қоғамын сипаттайтын мәде-


МӘДЕНИЕТ
69
Швеция
Франция
Британия
Испания
Германия
АҚШ
Канада
Иордания
Бразилия
Жапония
Қытай
Мексика
Гана
Үндістан
«Біздің мәдениетіміз басқалардан жоғары» 
деген пікірмен келісетіндердің үлесі.
2.1-СЫЗБА. Әлемдегі этноцентризм
Этноцентризм, яғни «бір мәдениет басқа 
мәдениеттерден жоғары» деген сенім 
Еуропаның кей елдеріне қарағанда 
Америка Қүрама Штаттарында жиі 
кездеседі, бірақбүл көрсеткіш басқа 
елдердегіден әлдеқайда төмен.
ДЕРЕККӨЗ: Pew Зерттеу Орталығы (2007.2011).
100
ни әртүрлілік - бірыңғай тектік қордың емес, мәдени эволюцияның 
қорытындысы.
Мәдениеттің кейбір қырлары саналы түрде жасалады. Шекспир 
«Гамлетті», Стефани Майер «Ымырт» кітабын жазуға шешім қабыл- 
дады; маркетингтік топтар Geico gecko мен Macintosh Apple белгісін 
ойлап тапты. Үкімет пен үй иелері қоғамдық ғимараттар мен үйлерді 
жобалауды сәулетшілерге тапсырады, сондай-ақ өте бай адамдар өз 
«ақиқаттарын» тарату үшін баспа империяларын сатып алады. Мәде- 
ниеттің басқа салалары, мысалы, тіл, сән, жақсы мен жаман туралы 
идеялар әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы бірте-бірте дамиды. Bi- 
рак; мәдениеттің осы салалары адам өнімі болып табылады; олардың 
ешқайсысы инстинктивті емес. Адамдар мәдениетті үйренеді және 
оны қолдана отырып өзгертеді.
Мәдениет тілге тәуелді. Тіл болмаса, мәдениет «Оттың пайдасы 
көп», «Шомылатын бөлмеде электр энергиясын пайдаланбаңыз» де­
ген сияқты өмірлік тәжірибені де, «Қүдай бар» деген сияқты идея- 
ларды да үрпақтан-үрпаққа дұрыстап жеткізе алмас еді. Тілдің ар- 
қасында мәдениет өнертабыстарды, ғылыми жаңалықтарды және 
қоғамдық ұйымдасудың үлгі-өнегесін кәдесіне жаратып, әрі қарай 
жетілдіру үшін келесі ұрпаққа беріп отырады.
Тілдің арқасында адамзат генетикалық эволюцияның баяу про- 
цесіне тәуелді болып қалмай, заман көшіне ілесіп отырады. Биоло- 
гиялық эволюция ағзаны жаңа жағдайларға толығымен бейімдеуі 
үшін жүздеген ғасырлар қажет болуы мүмкін, ал мәдени эволюция 
жылдам өзгеріп отыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет