В. С. Виноградов және т б. ғалымдар тұшымды пікірлер айтқан және олар осы



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата17.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#116942
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
annotation15373

 
 
 
 


77 
6
 
Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙ РОМАНДАРЫНЫҢ АУДАРЫЛУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қарастырылатын мәселелер: 
 
1. Ф.М. Достоевский шығармашылығының басты ерекшеліктері мен 
жазушылық стилі.
2. «Ағайынды Карамазовтар» романының поэтикасы 
3. Романдағы пейзаж, портреттердің көркемдік қызметі.
 
4. Романдағы монолог пен диалогтың ерекшеліктері. 
5. «Полифониялық роман» ұғымы. 
6. Романнның аударылу тәсілдері. 
 
Жетекші ұғымдар мен тірек сөздер: 
поэтика,
 
пейзаж, портрет, 
полифониялық роман, көпдауыстылық, сюжет, бейнелеу-баяндау құралдары, 
монолог, диалог, көркемдік қызмет, көркемдік идея.
Әдеби шығарманың мазмұны, стилі, образдылығы, тілі секілді поэтикалық 
құбылыстар арқылы оның эстетикалық табиғатын құрайтын көркемдік 
құбылыстарды пайымдау, әдеби аударманың табиғатын таразылау басты 
міндеттер қатарына жатады. Аударма шығармада оның авторы мен 
аудармашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс 
табатындықтан, осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы 
да өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді.
Ф.М. Достоевский «Ағайынды Карамазовтар» романын өзіне тән жаңа 
поэтикалық әлемді танудың алғашқы қадамы деп есептеді. «Әдебиет 
теориясының саласы ұғымындағы поэтика – әдеби тек пен түрдің, ағымдар мен 
бағыттардың, стильдер мен әдістердің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ 
көркемдік тұтастықтың әртүрлі деңгейінің ішкі байланыс заңдылықтарын және 
олардың ара-қатынасын зерттейді. ... Әдебиеттегі көркемдік құралдардың 
барлығы тілге қатысты екенін ескерсек, онда поэтика тілді зерттейтін көркемдік 
құралдар туралы ғылым болып анықталады (мыс., көркем әдебиеттің тілі)» (52, 
276). Олай болса, ең алдымен, жазушы романының поэтикасын оның портрет 
пен пейзаж сияқты басты бейнелеу құралдарының үлгілері мен эстетикалық 
функциясын таразылаудан бастау қажет.
Адамдар мен халықтардың ағайындық идеясы Достоевскийдің ұзақ 
ойының түйінін құрайды. Романның сюжетіне бір отбасының трагедиясы 
алынған. Ф.М. Достоевский бір отбасының трагедиясы арқылы қоғамға төніп 
тұрған құдайсыздық мәселесін көтерген. Романда Карамазовтар әулетінің 
оқиғасы белгісіз тұлға арқылы баяндалады. Бұл – дүниежүзілік әдебиетте 
Достоевский тудырған полифониялық романның жаңа кейіпкері. «Ағайынды 
Карамазовтардың» 
әңгімелеушісін 
житие 
баяндаушысына 
стильдеу 
Достоевскийге құдай мен халықтың атынан – халық сөзі Толстойда айтылған 


78 
мағынасында емес, оның Достоевскийде айтылған кең мағынасында, яғни 
барлық сословие атынан айтуға мүмкіндік береді»
 
(59, 51). 
Романда Карамазовтардың дінсіз, құдайсыз сана ағымы және христиандық 
қағидалар ұстанған кейіпкерлер болып екіге бөлінеді. Романның сюжетіне 
Інжілдің тигізген әсері мол. Әдебиеттану терминдер сөздігінде: «Сюжет 
(франц. sujet – зат) – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. 
Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-
қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт әр түрлі адамдардың іс-
әрекетіндегі немесе ой-сана, көзқарасындағы қарама-қайшылық» (52, 311), –
делінген. Жазушының «Ағайынды Карамазовтар» романы кейіпкерлердің 
арасындағы 
тартыс 
(конфликт) 
пен 
идеялық 
қарама-қайшылықтан 
тұратындығын ескерсек, шығарманың сюжеті шым-шытырық шиеленіске 
құрылған деуге болады. Cонымен қатар, «Ағайынды Карамазовтар» 
романының сюжетін детективті сюжет деп атайды: «Ағайынды Карамазовтар»
романындағы адамгершілік-философиялық мәселе детективтік сюжет арқылы 
жүзеге асады» (59, 81). Расында да, «Ағайынды Карамазовтар» романының 
сюжеті детективті сюжетке сәйкес өрбиді. «Детективті сипаттағы 
шығармаларда, әдетте, біз, ең алдымен, қылмыстың болғанын білеміз, одан 
кейін тергеу жұмыстарының жылжуы арқылы қылмыстың себебі мен жағдайын 
бірте-бірте біле береміз» (60, 76). 
Романдағы өрбіп жатқан оқиғалардың ортасында – ағайындылардың әкесі 
Федор Павлович Карамазовтың өлімі. Романдағы кейіпкерлердің барлығын 
Карамазовты кім өлтіргені туралы сұрақ мазалайды. Ұзақ уақыт бойы автор 
оқырманның ойын шатастырып, бұл сұрақты жауапсыз қалдырады. Митяның 
әкесімен арасындағы дүние-мүлік үшін болған араздық, Грушенька үшін 
бақталастық, әкесіне көрсеткен қоқан-лоққы, қанға боялған қолдар – мұның 
барлығы да оқырманды Митяның кінәлі екендігіне көз жеткізуі тиіс. Оқиғаның 
дамуы уақытша оқырманды еліктіріп, шиеленісті күшейтеді. Кенеттен 
Смердяков Иванмен соңғы кездесуінде әкесін өлтіргендігін мойындайды. 
Алайда өлтіргенін мойындай отырып, Смердяков нағыз кісі өлтіруші Иван 
екендігін мәлімдейді.
Істің осылайша бағыт алуы оқырманды қайтадан ойға шомуға мәжбүрлеп,
кейіпкерлердің алғашқы кездесуінде-ақ әке мен бала арасындағы жек 
көрушіліктен хабар береді. 
 
Смердяковтың өз әкесін өлтіруі Иванның «бәріне жол ашық» теориясының 
өміршеңдігін тексеретін тәжірибеге айналды. Шығармадағы трагедия 
жалпыадамзаттық және уақыттан тыс маңызға ие. Романда оқиға Федор 
Павлович пен оның ұлдары арасындағы тартысқа құрылған, ал әкесінің өлімі
романның шарықтау шегіне айналған.
Н.К. Савченко Ф. М. Достоевскийдің шығармадағы негізгі ойын: 
«Достоевскийдің нанымы бойынша, қаруырт жағдайда ғана жай кезде көзге 
көріне бермейтін ақиқаттың мәнін табуға болады. Адам өз өмірінің тек 
дағдарыс сәттерінде, рухани күшінің қатты шиеленіскен жағдайында ғана 
өзінің шынайы болмысын ашып көрсетеді» (59, 22), – деп түйіндейді. 


79 
Осылайша жазушының адам тұлғасының табиғаты мен өнер міндетін ұғыну 
ерекшелігі айқындалса керек. 
Ф.М. Достоевскийдің әрбір романына қайталанбас ырғақ тән. «Ағайынды 
Карамазовтар» романының баяндау құрылымында бірінен соң бірі ауысатын 
кейіпкерлердің сөздері берілген, бұл баяндау ырғағының ауысуын білдіреді. 
Жазушының 
сюжет 
құрылымының 
осы 
ерекшелігі 
оның 
стилін 
қалыптастырушы фактордың бірі болып табылады. 
Жазушы романның тақырыбына «ағайындылар» деген сөзді әдейі 
таңдаған. Романның тақырыбына арқау болған басты идея діни сарынды.
Ф.М. Достоевский адам арасындағы ағайындықты Құдай тарапынан берілген 
елдің елдігін танытатын, оны біріктіретін құнды қасиет деп санаған. Адамның 
кісілігін, туыстығын көрсететін бұл ұғымға жазушы романда тәкаппарлық пен 
пенделік, менмендік сияқты қасиеттерді қарсы қояды. Жазушының 
пайымдауынша, Ресейде осындай ерекше ағайындық сезім халық өкілдеріне 
тән. Себебі тек ағайындық қана зиялы қауым мен халық арасында нағыз рухани 
жақындық, түсіністік тудыра алады. Адамдар мен халықтардың ағайындық 
идеясы Достоевскийдің ұзақ ойының түйінін құрайды. 
Роман жарық көргеннен-ақ әдеби ортада «карамазовщина» деген атау 
пайда болды. Жазушы орыс әдебиетіндегі «обломовщина», «фамусовщина», 
«маниловщина», «хлестаковщина» деп аталатын белгілі тип түрлерінің 
қатарына «карамазовщина» деген ұғымды әкелді. Осылайша Ф.М. Достоевский 
өзіне дейін бейнеленбеген адамның тағы бір нәпсіқұмарлық типтік сипатын осы 
романында ашып көрсетті. Жазушы осы ойын романда Иван Карамазовтың бір 
сөзінде: «– Бәріне төзетін ондай күш бар! – Иван ызғарлы мысқылмен күбір 
етті. – Ол қандай күш? – Карамазовтардың … карамазовшыл арамза күш ол. … 
Бауырым, дәл сол мақлұқатың мына мен және осының бәрі мен жайында 
арнайы айтылған. Және де біздің Карамазовтар әулетінің бәрі осындаймыз, 
періште саналатын сенің көкірегіңде де сондай бір мақлұқат ұялаған, ол сенің 
де қаныңды қыздырады әлі. Бұл әсте қызу емес, ол ләззат құмарлықтың қызуы» 
(31, 331), – деп білдіреді.
Белгілі әдебиеттанушы ғалым А. Ісімақова Ф.М. Достоевскийдің соңғы 
романының идеялық мазмұнын талдай келе: «Семейде қуғын-сүргіннің азабын 
шеккен жазушының қазақтың мәдени ортасымен таныс болғанын білеміз. 
Шоқан Уәлихановпен қарым-қатынастары арқылы романның авторы «қара» 
деген сөздің мағынасын білуі әбден мүмкін. Ол өзінің кейіпкерлерін 
Карамазовтар деп атауы да тегін емес. Бұған дәлел романдағы «Черномазый», 
«Бельмесова» т.б. сөздердің атауында тұрған автордың бағасы. Жазушы бұл 
отбасының әкеден балаға тараған қара пейілінің табиғатын зерттеуге бет алған. 
Ол пейіл дұрыс емес екені осы атауда тұр. Бұл жазушының кейіпкерлерге о 
баста берген бағасы» (61, 9), – деген тұжырым жасайды. Ғалымның осы пікірін 
дәйекті деп тануға болады, өйткені зерттеулердің басым бөлігінде жазушының 
өз кейіпкерлерінің есімдері мен фамилияларына ерекше мән бергендігі туралы 
жиі жазылады. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жазушының соңғы романы 
мен Қасиетті кітаптың (Інжілдің) өзара байланысы туралы жиі сөз қозғалды. 


80 
«Ағайынды Карамазовтар» романы қаламгердің шығармашылық ой-
толғанысының қорытындысы деуімізге дәлел бар. «Адамның құпиясын 
ашушы» гуманист жазушыны толғандырған барлық мәселелердің тұтастығы 
мен үйлесімдігі, болмыспен байланысы Құдай туралы оймен астарласады және 
оны осы ой мазалайды. Жазушы каторгадан шыққан кезде декабрист
Н. Фонвизинаға былай деп жазды: «Мен өзім туралы Сізге былай деп айтамын, 
мен – ғасыр перзентімін, осы күнге дейін (мен мұны білемін) және өмірімнің 
соңғы күніне дейін бәлкім сенбеу мен күмән келтірудің перзентімін. Менің 
бойымдағы қарсы дәлелдерден гөрі жанымда осы сенімге деген күшті 
құштарлық енді маған қандай қорқынышты азап әкелгендігін білсеңіз. Алайда, 
Құдай маған кейде нағыз жан тыныштық сәттерін жібереді; осы сәттерде мен 
өзіме барлығы анық және қасиетті болатын сенім символын құрадым. Бұл 
символ өте қарапайым, ол мынадай: сену – Христен басқа керемет, терең және 
ақылды, ержүрек және шынайы ештеңе жоқ, тек жоқ қана емес, сондай-ақ 
болмайды деп өзіме барлық жан-тәніммен айта аламын» (62, 176). Жазушының 
осы хаттағы ойы оның шығармашылығымен сабақтасып, оның басты сарынын 
құрайды. Жазушы «Ағайынды Карамазовтар» романының сюжетіне қоғамдағы 
басты күнә ретінде саналатын әкесін өлтіру туралы (ұлдарының әкесі 
алдындағы ортақ кінәсі туралы) туралы мифті негізге алған. 
«Ағайынды Карамазовтар» романындағы қайталанатын үш санының пайда 
болуы кездейсоқ жайт емес. Романдағы басты кейіпкерлер – үш ағайынды 
Иван, Митя, Алеша. Роман мынадай сөйлемнен басталады: «Алексей 
Федорович Карамазов был третьим сыном помещика нашего уезда Федора 
Павловича Карамазова, столь известного в свое время (да и теперь еще у нас 
припоминаемого) по трагической и темной кончине своей, приключившейся 
ровно тринадцать лет назад и о которой сообщу в своем месте» (57, 176) – 
қазақшасы: «Алексей Федорович Карамазов осыдан он үш жыл бұрын бір 
күдікті жағдайда қайғылы қазаға ұшыраған біздің уездегі Федор Павлович 
Карамазов деген помещиктің үшінші ұлы; кезінде Федор Павлович ел-жұртқа 
осы оқиғадан кейін (бізде бұл жайында қазір де еске алып жатады) белгілі 
болған, бірақ бұл жайында кезегі келгенде, кейінірек әңгіме ете жатармыз» (31, 
287). Одан әрі қарай: «Он был женат два раза, и у него было три сына: старший, 
Дмитрий Федорович, от первой супруги, а остальные два, Иван и Алексей, от 
второй» (ХІV, 7), – деп баяндалады. Қазақшасы: «Ол екі рет төсек жаңғыртқан, 
үш ұлы болатын – үлкен ұлы, Дмитрий Федорович, бірінші әйелінен, қалған 
екеуі, Иван мен Алексей, екінші әйелінен». Осылайша басталатын романның 
қазақшасы да түпнұсқаға сәйкес, тыныс белгілері де дәл сақталып берілген. 
Аудармашы «Он был женат два раза» дегенді «Ол екі рет төсек жаңғыртқан» 
деген фразеологиялық тұрақты тіркеспен берген.
Аударматанушы А. Алдашева түпнұсқадағы фразеологиялық бірліктердің 
мағыналас, адекватты баламаларын табумен, калька баламалар жасау арқылы 
аударылатындығын, сонымен қоса түпнұсқа мәтін құрамында жоқ, алайда 
аударма мәтінде қолданылатын фразеологиялық бірліктер туралы және
олардың қазақ және орыс тілдеріндегі көрінісін атап өтеді: «... қазақ тілі де, 
орыс тілі де – ойды жеткізудің экспрессивті-эмоционалды құралдарына бай тіл. 


81 
Бірақ экспрессивті, эмоционалды құралдардың екі тілдегі сандық көлемі бірдей 
емес. Зерттеулерге қарағанда, қазақ тіліндегі этнографиялық фразалық 
тіркестердің саны орыс тіліндегімен салыстырғанда, анағұрлым көп
(М. Жақсыбаев, 46, 14). Бұл белгілі бір объектіні, оның қасиет-сапасын атауға 
концептуалды тілдік дәл, нақты атайтын единицалардан гөрі экспрессивті 
құралдар көбірек қатысады деген сөз» (63, 176). Осыған сәйкес салыстырмалы 
талдау барысында «Ағайынды Карамазовтар» романының аударма мәтінінде де 
түпнұсқа мәтіндегі жекелеген сөз бен жай сөз тіркестерінің көбінесе қазақ 
тілінің фразеологиялық тіркестерімен берілуін жиі кездестіреміз.
Романның басында кездесетін үш саны қайталана түседі. Бұл оқырманға 
фольклордың элементтерін еске түсіреді. Осы жайлы «Ағайынды 
Карамазовтар» романының поэтикасын зерттеуші Е.В. Ветловская: «Ағайынды 
Карамазовтарда» қайталанушы үш саны (оның кез келген нұсқасы) табиғи 
байланысты. Ол оқырманға аталмыш романның көркемдік жүйесінің ертегіге 
жақындығын көрсетеді, жалпы мағынаны іздеуге болатын кейіпкерлердің, 
оқиғалар мен қатынастардың әлдебір ертегілік шарттылығын атап өтуге 
болады»
 
(64, 196), – деп жазған. Ғалымның ойынша, ағайындылар ертегідегі 
кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін қайталайды. Шындығында да үш 
ағайынды – ертегіге тән жиі кездесетін оқиға кейіпкерлері. Зерттеушілердің 
бірқатары «Ағайынды Карамазовтар» романындағы үш ағалы-інілі кейіпкерлер 
ертегідегідегі үш ағайындылардың образын еске түсіретінін, жалпы романда 
ертегі элементтерінің кездесетінін анықтады. Мәселен, романның соңғы 
тарауының бірінде Митя Алеша және өзі туралы былай дейді: «Сені осы жолға 
салған жасаған иеме мың да бір рахмет! Әйтпесе, сен ертектегі алжыған 
балықшы шалдың ауына түскен алтын балықша маған тап болар ма ең!» (31, 
146). Бұл көңілге қонымды ой, дегенмен, ертегі элементтерінің өзі діни
мазмұнды екендігін ескеру қажет. 
Е.В. Ветловская әрі қарай өз ойын: «Христиандық әдебиет кезінде 
фольклорлық поэтиканың фольклорлық сандары мен көптеген элементтерін 
меңгеріп, өз мақсаттарына бейімдеген болатын. Мәселен, житиелерде көбінесе 
әулие бола тұрып, өз жақын адамдарына оғаш, жарым ес, ақымақ болып 
көрінеді (немесе әулие өзіне осы бет пердені киеді, мәселен, Михаил 
Клопский). Әулиеге мұндай көзқарас қандай да бір заттардың құндылығына, 
олардың кәдімгі өмірдегі иерархиясына орташа, «қалыпты» көзқарасты 
білдіреді. Әулиенің үлкен ағасы немесе ағалары одан ақылдырақ болады 
(Сергей Радонежскийдің житиесін қараңыз). Бірақ та житиедегі ақыл мен 
ақылсыздықтың осындай түсінігі құдай тәңірімен байланысты, сондықтан да 
құбылыстарды әуре-сарсаң өмірде, бұқаралық түсінуге қолы жетпейтін 
айрықша даналық үшін теріске шығарылады» (64, 197), – деп тұжырымдайды. 
Ф.М. Достоевский өз замандасы, ақын, аудармашы Аполлон Николаевич 
Майковқа жазған хатында: «Ағайынды Карамазовтардың» барлық бөлімдерінде 
жүргізілетін басты сауал – менің бүкіл өмір бойы саналы және парықсыз 
азаптанған сауалым, Құдайдың бар екендігі» (65, 935), – деп ағынан жарылады. 
Жазушының осы сөздерінде де оның шығармашылық ой-арманы мен қатар 
романның басты көркемдік-идеялық мазмұны көрініс тапқан. 
 


82 
Ф.М. Достоевский жазушылық ғұмырында И.С. Тургенев, И.А. Гончаров, 
Л. Толстой сияқты атақ-даңққа бөленген жоқ. Замандастары және сол кездегі 
басқа да зиялы қауым оның «қатал дарын иесі» екенін мойындады, алайда, 
олардың ойынша, жазушының романдарында артық мән-жайлар мен ауыр 
психологиялық иірімдер тым көп, сонымен қатар И.С. Тургенев 
романдарындағы сияқты пейзаждық көріністердегідей көз тартар «сұлулық» 
жоқтың қасы.
1861 жылы Н.А. Добролюбов жазушы туралы: «… өз баяндауында 
көркемдік маңызға ие бола алмайтын романның эстетикалық маңызын шындап 
және кеңінен талдау үшін тым аңғал және біліксіз болу керек» (66, 458), – 
деген пікір айтады. Бұдан 20 жыл өткен соң, Ф.М. Достоевский қайтыс болған 
кезде М.А. Антонович «Ағайынды Карамазовтар» романын «кейіпкерлері бар 
трактат» деп атап, көркемдік деңгейі төмен шығарма ретінде бағалады.
Л. Толстойдың «Ағайынды Карамазовтардың» стилі туралы ой-пікірі де 
көпшілікке мәлім болды: «...оғаш тәсіл, оғаш тіл… Көркем емес. Сөзсіз көркем 
емес… барлығы бірдей осы туралы сөз етуде» (67, 398). Мұндай ой-пікірлер 
жазушының суреткерлік даралығынан хабар береді. Ф.М. Достоевскийдің 
ойынша, жазушының шеберлігі романдардағы кейіпкерлер мен образдар 
арқылы ойын анық білдіруіне және оқырман романды оқи отырып, жазушының 
ойын өзі сияқты түсінуіне байланысты. Шын мәнінде, Ф.М. Достоевскийдің 
жазушылық шеберлігі И.С. Тургенев пен Г. Флоберден еш кем түспейді. 
Керісінше, ол әлемдік әдебиетке өмірді жан-жақты көркем бейнелеуде 
кейіпкердің психологиясына бағытталған жаңа тәсіл әкелді. Жазушының 
шығармалары идея мен сезімге толы болуы осының айғағы.
Ф.М. Достоевскийдің шығармашылық тәжірибесіне келсек, бұл оның 
шығармаларының формасында анық көрініс табады. Осы ретте көркемдік 
тәсілдерінің ерекшеліктерін – портрет пен пейзаж суреттеулерін атауға болады. 
Қаламгердің өзіне тән жазушылық стилі болды. Белгілі қазақ әдебиеттанушысы 
Қ. Жұмалиев жазушылық стильге мынадай анықтама берген: «Стиль ұғымына 
жазушының тілі, сөйлем құрылысы, мәнері, шығармаларының композициясы, 
оқиға дамыту әдістері, тағы басқа компоненттер кіреді. Ең орталық мәселе – 
идеялық мазмұн. ... Бірақ, белгілі идеяны оқырмандарына қай жазушы қалай 
айтып береді, олардың о-йсезімдеріне қалай әсер етіп, көздеген негізгі 
нысаналарына қандай шеберлік әдістерді пайдалану арқылы жетеді, міне, осы 
арадан келіп, әр жазушының өзіне тән творчестволық ерекшеліктері, өз қолы-
почеркі анықталады. Әр стильдің тасасында оның иелері – жазушылар тұрады» 
(68, 13). Ф.М. Достоевскийдің стилі, біріншіден, ойдың оқырманға аяқталмай 
берілуімен ерекшеленеді. Бұл оқырманның әрі қарай өзі тұжырым жасап, 
оқиғаны тұспалдап, мегзеуіне мүмкіндік береді. Мәселен, «Қараңғы түнде» 
деген тараушада автор Федор Павловичті кім өлтіргені жайлы ойды 
белгісіздікпен аяқтайды. Тараудың атауында оқиғаның қай мерзімде 
болғандығын меңзеп, яғни «қараңғылықпен» автор белгісіздікті айтқысы келіп 
тұрғандай.
Қаламгердің шығармаларына қалыптан ауытқушылық тән десек, 
кейіпкерлер оғаш, әпенді мінездерімен, үйлесімсіз, жүйесіз келбетімен 


83 
айрықшаланады. Оқиғалар кенеттен, күтпеген жағдайда пайда болады. 
Жазушының стилін зерттеуші Н.М. Чирков оның шығармаларындағы орасан 
көп идеялардың үлес салмағын мойындай отырып, адамның басты суреттеу 
нысаны болып табылатындығын жазады. Ал адамның қандай да бір сыртқы 
ортамен қатынаста болатындығын ескере отырып, оның пейзажының 
ерекшеліктеріне тоқталады (69, 5).
Жазушы пейзаж бен портретті жиі суреттемесе де, осы бейнелеу-баяндау 
элементтерінің шебер образдарын көрсете білді деуге болады. Профессор
Б. Майтанов портрет поэтикасын өзгеріп тұратын, алайда тұрақтылыққа бейім 
құрылым екендігін айта келе: «... портрет адам бейнесіне қатысты 
метонимиялық құбылыс, бірақ көркемдік тұрғыда толымды құбылыс. Ол 
жаратылыстың шеберлігіне, өмірдің күрделі табиғатына тәнті қылатын, тарихи 
мәні 
зор 
эстетикалық, 
эмоционалды-психологиялық, 
пластикалық, 
антропометриялық құндылық» (70, 123), – деп ойын түйіндейді. 
Әдебиет тарихында портрет суреттеудің түрлі тәсілдері жинақталған. 
Портрет кейіпкерлерге сипаттама берудің маңызды құралдарының бірі, сондай-
ақ адамның ішкі жан дүниесін түсінудің алғышарты болып табылады. 
Әдебиеттің даму үдерісіндегі бастапқы кезеңде портреттер метафораға, теңеу 
мен эпитетке бай болды және кейіпкердің жеке дара ерекшеліктерін дөп 
ажыратып көрсете алды. Ал реалистік портретте сөзбен суреттеу тұлғаның 
ерекшелігін қамтыған күрделілік пен көпқырлылық беретін талдаумен 
толықтырылды. Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығында «портрет» ұғымы
кейіпкерлердің тек сыртқы бет-әлпетін, бейнесін суреттеуді ғана міндет 
тұтпайды, сонымен қатар ол іс-әрекет етуші кейіпкердің ішкі жан дүниесін 
ашудың құралын білдіреді. Ф.М. Достоевский сыртқы келбетке аса мән береді. 
Өз кейіпкерінің ішкі жан дүниесін аша отырып, ол сана мен сана астының 
дамылсыз арпалысын, қарама-қарсы күштердің тартысын көрсетуге ұмтылады. 
Ф.М. Достоевскийдің шығармаларындағы портреттің формалары әркелкі, 
дегенмен, олардың негізі біртұтас. «Өз кейіпкерлерін сомдауда Достоевский 
олардың әрқайсысының нақты ерекшелігін сезінерлік ететін айрықша, өзіне тән 
сипатын беруге ұмтылды» (69, 8). Достоевский романның формасы мен 
композициясын кеңейту, тереңдету мен жаңарту үшін суреттеудің және 
психологиялық талдаудың жаңа тәсілдерін енгізді. Сондықтан да оның, ең 
алдымен, идеолог емес, суреткер ретіндегі ықпалы зор деп айта аламыз.
Өз кейіпкерлерінің портретін жасауда жазушы оларға тән және олардың 
ерекшеліктерін білдіретін сипатын ғана беруге ұмтылды. Сұлулық –
Ф.М. Достоевский шығармашылығының басты тақырыбы. Жазушы “Нақұрыс” 
романында «Сұлулық әлемді құтқарады» («Красота спасет мир») деген қанатты 
сөз айтса, «Ағайынды Карамазовтарда» зұлымдықтың ізгілікпен күресуіне 
байланысты сұлулықтың құпиясы туралы жазады. Ф.М. Достоевский 
портреттерінің жасалу тәсілдеріне келсек, ол үшін сұлулықтың өз белгілері, 
оған өз көзқарасы бар екендігін анықтауға болады. Н.В. Кашина жазушының 
эстетикасындағы сұлулықты былай деп түсіндірген: «Сұлулық, – деп жазды 
Достоевский, – барша дені сау, яғни ең өмір сүруге қабілетті жанға тән, яғни 
адам ағзасының қажетті тұтынушылығы. Ол дегеніміз – үйлесімділік; ол – 


84 
жұбаныштың кепілі; ол адамға және адамзатқа мақсат-мұратты көрсетеді» (71, 
115). Олай болса, Ф.М. Достоевскийдің пікірінше, сұлулық – жан мен тәннің 
саулығы, тазалығы, үйлесімділігі.
Л. Толстой мен Ф.М. Достоевскийдің шығармаларындағы портреттерді 
салыстыру арқылы әдеби портрет мәселесіндегі кейбір қырларды анықтауға 
болады. Екі автор да бір тарихи кезеңде өмір сүрді. Екі автордың да 
шығармаларында адам, оның ішкі жан дүниесі, психологиясы басты назарда 
тұрады. Дегенмен, Л.Н. Толстойдың да, Ф.М. Достоевскийдің де 
шығармаларындағы портреттер әркелкі. Л.Н. Толстой кейіпкерлердің 
портреттерін олардың іс-әрекеттерін көрсетумен қатар, жекелеген штрихтар 
арқылы береді. Ал Ф.М. Достоевскийдің суреттеген портреттері қимылсыз,
галереядағы портреттерді еске түсіреді. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни реалистік (психологиялық және 
әлеуметтік-психологиялық) романның басымдыққа ие болған тұсында осы 
жанрға тән көркемдік-психологиялық талдау әдісі пайда болды. Авторлық 
интроспекцияны («ішіне үңілу») қолдану осы әдістің басты ерекшелігі болып 
табылады. Психология ғылымында бұл терминнің мағынасын өз-өзін бақылау 
терминімен бірдей түсіндірген: «...өзін-өзі, өз психикалық үдерістерін бақылау. 
Идеалистік психологияда өзін-өзі бақылау психологиялық зерттеулердің негізгі 
әдісі ретінде қабылданған» (72, 161). Бұл дегеніміз автордың өз кейіпкерлерінің 
ішкі жан дүниесінің дамуын жүйелі қадағалауын, оның күйзеліске түсуін, 
өзгеруі мен күресін қадағалауды білдіреді. Осы әдістің басты мақсаты – 
автордың өз кейіпкерлерінің жеке ішкі әлемінің күйі туралы толық хабардар 
болу, олардың ішкі көңіл-күйінің жай-жапсарын толық білу. Мәселен, Иван 
Карамазов авторлық интроспекцияға жартылай алынған, І томның соңында – 
Федор Павловичті өлтірудің алдында және ІІ томның соңында – Митяның 
сотының алдында. Грушенька, Катерина Ивановна, Федор Павлович 
интроспекциядан тыс қалған. Жазушының психологиялық романындағы 
мұндай жайттар кездейсоқтық емес. Ф.М. Достоевский әрдайым өз 
кейіпкерлерінің ішкі субъективті жан дүниесін ашу үшін үнемі тәубеге келу, 
мінәжат ету, кейіпкерлердің өздері туралы әңгімелеу формаларын пайдаланады. 
Әрбір аударма мәтінді талдамас бұрын, оны бағалау межесін белгілеу 
міндеті тұрады. Кез келген басқа өнердегі секілді аударма эстетикасы мен 
сынының негізін құндылық категориясы құрайды. Құндылық шығарманың 
аталмыш өнер нормасына қатыстылығымен анықталады. Аударма түпнұсқаның 
екінші тілдегі телтумасы болуы тиіс, алайда, ең алдымен, ол толыққанды әдеби 
шығарма болуы шарт. Түпнұсқаға адалдық нормасы, ең алдымен, түпнұсқа 
мәтін мен аударма мәтін арасындағы сәйкестік деңгейін белгілейді.
Әдеби шығарманың мазмұны, стилі, образдылығы, тілі секілді поэтикалық 
құбылыстар арқылы оның эстетикалық табиғатын құрайтын көркемдік 
құбылыстарды пайымдау, әдеби аударманың табиғатын таразылау басты 
міндеттер қатарына жатады. Аударма шығармада оның авторы мен 
аудармашының шығармашылық шеберлігі мен даралығы қатар көрініс 
табатындықтан, осының бәрі аударма мәселелерін зерттеудің саласы да, арнасы 
да өте көп, алуан түрлі екендігін көрсетеді. Әдеби шығарманың поэтикасы 


85 
жайында профессор Т.О. Есембеков: «Поэтиканың мақсаты сан алуан. Оның 
бірі – мәтіннің эстетикалық әсерін қалыптастыратын элементтерін табу және 
оларды жүйелеу. Ырғақ, лексика, синтаксис, тематика сияқты әдеби 
шығарманың белгілерінің көркемдік қызметін қарастыру поэтиканың 
еншісінде» (6, 35), – дей келе, әдеби шығарманың осы элементтерінің аударма 
мәтінде сақталуын қамтиды. Олай болса, салыстырмалы талдауымызда 
«Ағайынды Карамазовтар» романының түпнұсқасы мен аударма мәтіні 
поэтикасының сәйкестігін, ең алдымен, портрет пен пейзаж бейнелеу 
құралдарының романдағы эстетикалық әсерін, көркемдік қызметі мен 
ерекшелігін сараптай отырып, олардың сәйкес аударылуын қарастырудан 
бастаймыз.
Салыстырмалы мәтіндік талдауымызда «Ағайынды Карамазовтар» 
романының түпнұсқасындағы бейнелеу-баяндау құралдарының аударма 
мәтінде сәйкес бірліктермен берілуіне, аударманың көркемдік құндылығының 
сақталуына басты назар аударамыз.
Романдағы кейіпкерлер портреттерінің символикалық маңызы зор. 
Жазушы романдағы кейіпкерлердің бейнесін христиандық діни образ-
символдарды қолдану арқылы аша түседі.
 
«Символ – әдебиетте ойды астарлап, 
басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне» 
(52, 299). Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді 
деу қате, ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған 
шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді. Шығармаға 
сыршыл сипат береді.
 
Түпнұсқада автордың Алешаға берген сипаттамасы оның шынайы 
бейнесімен керемет үйлесім тауып, біртұтас, айқын әсер тудыратындығын 
айтсақ, аудармашы да осы әсерді қазақ оқырманына дәлме-дәл жеткізе білген. 
Аудармашы Алешаны суреттеудегі әрбір сөзге мән беріп, олардың баламасын 
беруге тырысады. Осы орайда түпнұсқадағы бейнелі сипаттау сөздер қазақ 
тілінде де мағынасы бұзылмай әдемі балама сөздермен және тіркестермен 
беріледі. Мәселен: «экстазный» – «тым еліккіш», «бледно развитая натура» – 
«оған қоса жетесіз», «бледный мечтатель» – «құрғақ қиялшыл», «чахлый и 
испитой человечек» – «жүдеубас, шілбиген біреу», «статный» – «сымбатты», 
«краснощекий» – «беті нарттай», «со светлым взором» – «жанары жайдары», 
«
несколько удлиненным овалом лица» 

«бет-жүзі қияпатты», «с блестящими 
темно-серыми широко расставленными глазами» 

«ашық қоңырсұр көздері 
алшақ»
.
Романдағы Зосим пірәдардың портреті ішкі және сыртқы біртұтастықта 
суреттеледі. Зосим пірәдар – романдағы негізгі орталық кейіпкер. Достоевский 
Зосим пірәдардың образында өзіне таныс болған Амворсий пірәдардың 
бейнесін сомдайды. Романда дінге сенушілер мен қатар атеистер де Зосим 
пірәдармен әңгімелесуге құштар. Зосим пірәдардың образында Құдайға деген 
сүйіспеншілігі адамға деген жанашырлығымен ұштасқан. Романда Зосим 
пірәдардың портреті бір рет қана және Миусовтың қабылдауында берілген. 
Ф.М. Достоевский адамның сыртқы келбеті мен қатар ішкі жан дүниесін 
суреттеуде біртұтастықты көрсетуді ғана қанағат тұтпайды. Жазушының 


86 
ойынша, ол адам туралы толық шындық емес. Жазушы романының күрделі 
фабуласы адамды түрлі қырынан, түрлі аспектіде ашу болып табылады. Ол 
адам табиғатының тұңғиығында Құдай мен әзәзілді, шексіз әлемді аша біледі, 
өйткені әрдайым адам мен адамға деген қызығушылығы арқылы ашуға 
ұмтылады. Ф.М. Достоевскийдің шығармаларында табиғатты, ғарыштағы 
өмірді, заттарды жиі кездестірмейсің, онда барлығы да адам мен адамның 
шексіз әлеміне тіреледі. Оның көркемдігі ерекше болып танылады. Ол өзінің 
антропологиялық зерттеулерін адам табиғатының ең құпия тереңіне апаратын 
көркемдік арқылы жүзеге асырады. Ф.М. Достоевский адам бейнесінің әралуан 
көптігін, болмыстың күрделілігі мен әркелкілігін мойындайды. Мәселен, 
жазушы 1876 жылы Екатерина Федоровна Юнгаға жазған хатында былай деген: 
«Сіз өзіңіздің екіұдайылығыңыз туралы жазасыз. Бұл адамдардың ең кәдімгі 
белгісі... алайда, кәдімгі емес адамдардың десе де болады. Жалпы адам 
табиғатына тән, бірақ та азамзаттың бүкіл табиғатына тән емес белгі» (65,
536). 
Жазушы орыс адамының образындағы шексіздікті көрсеткен. Орыс адамы 
Батыс адамына қарағанда қарама-қайшылыққа толы, оның жанында Азия рухы 
мен Еуропа рухы, Шығыс пен Батыс қосылған. Мәселен, романдағы портреттер 
галереясында 
Дмитрий 
Карамазовтың 
портреті 
әлдеқандай 
белгісіз 
екіұдайылығымен ерекшеленеді. Дмитрий Карамазовтың портрет сипаттамасын 
оқи отырып, оның бойындағы күш-жігер мен қатар бет-әлпетінен ішкі бір 
сырқат табын байқауға болады.
Дмитрий Карамазов – Федор Карамазовтың тұңғыш ұлы. Дмитрийдің 
образы өз әкесін өлтірген деген айып тағылған Дмитрий Ильинскийдің 
прототипі болып табылады. Достоевский бұл адамның өмірбаянымен каторгада 
танысып, осы оқиғаны өз шығармасының желісіне арқау еткен. 
Зерттеушілердің басым бөлігі романда Дмитрий өз әкесінің екінші сыңары, 
яғни оның мінез-құлқындағы нәсіпқұмарлық қасиетінің басымдығы бойынша 
әкесін көбірек қайталайтындығын жазады. ... Романда жазушы Дмитрийдің 
трагедиясын әкесіне деген өшпенділігі арқылы көрсетеді. Оның бейнесі 
романдағы эмоционалдық шиеленісті арттыратын құпиялылыққа толы және 
оның келбеті де ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс күйден хабар береді.
Түр-түс пен оның контекстегі атқаратын рөлі Ф.М. Достоевский 
романындағы кейіпкерлерді бейнелеудегі ең басты көркемдік детальді құрайды. 
ХVІІІ ғасырдың аяғында орыс әдебиетінде түр-түстің атқаратын рөлі мен 
маңызы арта бастады, әсіресе, ол ХІХ ғасырдың 20-жылдары қарқын алды. 
Шығармалардағы түстің қолданыс аясының кеңеюімен қатар әдебиетте жаңа 
үдеріс басталды: түр-түс анықтамасы басқа да көркемдік құралдар іспетті 
адамдардың, құбылыстардың жан-жақты белгілерін білдіріп қана қоймай, 
шығармадағы 
автордың 
ойын, 
суреткердің 
идеялық-эстетикалық 
тұжырымдамасын жүзеге асыруға, сонымен қатар адам психологиясын ашуға 
қатысады. Осылайша көркем шығармада түр-түс көркемдік деталь ретінде 
қолданылып, 
суреткердің 
баяндау 
ерекшелігін 
айқындай 
түседі.
Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығын зерттеуші ғалымдардың бірқатары – 
В.Ф. Переверзев, В. Боцяновский, Л.П. Погожева, Ф.И. Евнина, Л. Гроссман


87 
жазушының шығармалары түр-түс жұтаңдығымен ерекшеленетінін жазады. 
Мәселен, В. Боцяновский былай деп тұжырымдады: «Түр-түс пен бояуды 
сүймеу, көркемдікке деген селқос қарау Достоевскийге тән ерекшеліктердің 
бірі болып саналады… Мұны портреттерінен де байқауға болады. Олардың 
сыры көп, бірақ та көркем емес… Адамның сыртқы келбеті пейзаж сияқты 
үнемді түрде суреттеледі, осы портреттерде түр-түстер тым біркелкі, қара және 
ақ түстер басым келеді... Достоевскийдің бояу реңкіне тоқталуға уақыты 
жетпейтін секілді... Рух, ішкі өмір және оның көрінісі – кейіпкердің көзі бірінші 
кезекте... Суреткер әсерді бөліп жіберетін детальдардан қорыққан сияқты 
әрдайым кейіпкердің ең басты белгісін суреттеп беруге асығады» (73, 2). 
Сонымен, Достоевский шығармаларындағы түске қатысты статистикалық 
мәліметке сүйенсек, жазушының романдары түр-түске бай емес: ақ, қара немесе 
қоңыр, сұрғылт түстер басым, алайда түстің маңызы мен деталь ретіндегі рөлі 
ауқымды. Достоевскийдің романдарында түр-түс жеке кейіпкерлердің 
психологиясы мен ішкі жан дүниесін дұрыс түсінуге көмектеседі.
Зерттеушілердің басым бөлігі жазушының шығармаларында ашық, жарық 
түстер жоқ болғандықтан, олардың реңкі көмескі тартып, суреткердің 
пессимистік көзқарасын аңғартатынын жазса, Н.В. Чирков Ф.М. Достоевский 
шығармаларының стилін зерттеп, алғашқы болып оның түр-түске аса тапшы 
емес екендігін жазады: «… жазушының «Бишаралардан» бастап «Ағайынды 
Карамазовтарға» дейінгі шығармашылық жолында сұр, қара-сұр, қара-қоңыр 
және қара түстерге деген құштарлығын байқамауға болмайды»» (69, 108).
Романдағы «старец» деген орыс сөзінің бастапқы лексикалық рөлі 
аудармада да дұрыс анықталған, «… біздің орыс монастырьларында пірәдарлар 
мен пірәдарлық рәсім жуырда ғана тараған, оған тіпті жүз жыл да толған жоқ, 
ал бүкіл православиелік Шығыста, әсіресе Синай мен Афонда оған мың жылдан 
асып кеткен» (31, 53). Н. Сыздықов осы сөзге балама ретінде діни білімі бар 
адамды білдіретін қазақтың мағынасы көмескіленген «пірәдар» сөзін орынды 
қолданған.
Жазушының романда діни адамдарды суреттеген христиандық діни 
лексикасын аудармашы қазақ тіліндегі сәйкес діни лексикамен аударған. 
Мәселен, романдағы діни білімі бар адамдарды атайтын «старец», «отец» деген 
сөздердің аудармасы ретінде қазақ тіліндегі «пірәдар» деген сәйкес діни 
лексикалық бірлікті қолданған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Пірәдар 
(діни) Пірге барып қол беріп келген, діндар, сопы», деп түсіндірілген.
Ферапонт пірәдардың портретін оқырманға бейтарап қабылдайтындай етіп 
суреттеген. Түпнұсқа мен қазақша нұсқасын салыстыра оқитын болсақ, 
аудармадағы әрбір сөз бен сөз тіркестерінің түпнұсқаға сәйкес, үйлесімді 
аударылғандығына көз жеткізуге болады. Аудармашы «при несомненном 
великом постничестве» дегенді қазақшалауда аударманың тігісін жатқызу үшін 
еркін аударма тәсіліне жүгінеді. Түпнұсқада жоқ «Бір түйір қара нан мен қара 
судан өзге нәр татпай өзін-өзі қинағанына» деген сөздер арқылы контекстегі 
жалпы ойды берген. Ал «сильный» деген сөзді «қуаты қайтпаған әлуетті» деп 
бейнелі-образды тіркеспен береді. Түпнұсқадағы «Что всего более поразило 
бедного монашка» деген сөйлемнің басындағы тіркесті аудармашы қазақ тілінің 


88 
интонациялық заңдылығына сәйкес сөйлемнің соңында «тақуасымақ байғұсты 
бәрінен де көбірек таңдандырған осы болды» деп аударған. Бұл жерде 
аудармашы «бедного монашка» деген реалии сөзді түпнұсқаның эмоционалдық 
реңкін беру үшін «тақуасымақ байғұсты» деп аударады. «Сложения же был 
атлетического» деген сөйлемді қазақ оқырманының қабылдауына жақын 
шығуы үшін «Дене бітімі алабөтен ірі» деп аударады. «Несмотря на столь 
великие лета его» дегенді аудармашы «Кәрілікке берілмегендігінің 
айғағындай» деп, интерпретациялау әдісімен берген. Бұл жерде түпнұсқа 
мәтіндегі негізгі ой аударма мәтінде де сақталған.
Біз үшін эстетикалық маңызы бар дүниелерге әдебиетте талдау жасау
көбінесе табиғат құбылысын суреттеуден басталады. Достоевскийдің 
шығармаларында қайталанбас ғажайып сұлулығымен көз тартатын орыстың 
табиғатын суреттеу сирек кездеседі. Осы арада «пейзаж» ұғымының ауқымы 
да кең: ол тек табиғатты суреттеу ғана емес, Достоевский шығармаларында жиі 
кездесетін қаланы немесе бір үй-жайдың жабдығын, қоршаған зат әлемін 
суреттеу. Бұл жайында Достоевский шығармашылығын зерттеуші ғалым
Н.М. Чирков былай дейді: «… пейзаж ұғымын кеңейту Достоевский 
шығармашылығының идеялық-тақырыптық магистральдарынан, жазушының 
әлемді біртұтас көруіне ие стилінің қандай да бір элементтерінің көптеген 
мағыналық байланыстарын ашу қажеттілігінен туындайды... Ең алдымен, 
Достоевскийге пейзаж үшін бөлінген және оны кейіпкердің портретін, оның 
мінез-құлқы мен іс-әрекетін бейнелеуден бөлетін қатаң белгілі бір шекараның 
жоқтығы тән. Пейзаж, интерьер, жалпы сыртқы әлемнің суреттеулері романның 
басынан аяғына дейінгі іс-әрекет алаңында шашыраңқы жайғастырылған. Осы 
жағдайдың өзі қалыптасқан пікірге елеулі түзету енгізуі тиіс»
 
(69, 81).
Шын мәнінде жазушының шығармаларындағы пейзаж қысқалығымен 
ерекшеленеді, сондай-ақ жеке бір кейіпкердің іс-қимыл немесе көңіл-күй 
сәттерінің арасында беріліп, олармен бірге астарласып жатады. Мұндай қысқа 
пейзаждық көріністерде ең бастысы – ой-әсер қалдыру. Достоевскийді «ойшыл 
суреткер» деп жиі атайды және оның философиялық ой-тұжырымы суреткерлік 
шеберлігімен сәйкес келеді. Ол өзінің ішкі жан айқайын түрлі әдістермен: 
публицистика, уағыз түрінде де береді. «Достоевский шығармаларында сіз 
әдемі суреттеулерді таппайсыз. Ол табиғаттың жанынан немқұрайды өтеді. 
Оның шығармаларында сыртқы сұлулық жоқ секілді. Бірақ та Достоевскийде 
сіз мазмұнның данышпандығы алдында кідіресіз. Ол сізді тезірек таң 
қалдыруға, 
сізге 
мінәжат 
етуге 
ұмтылады. 
Бұл 
– 
Достоевский 
шығармашылығында ең негізгісін білгілейтін екі бірінші қозғаушы күш» (74, 
448). Достоевский өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін, оның ой-сезімін, 
күйзелісін оқырманға жақын таныстыруға тырысады. Осы арада пейзаждың 
рөлі мен маңызы айқын білінеді.
Пейзажды қысқа әрі анық суреттеу және сол арқылы шығармада 
кейіпкерлердің көңіл-күйін білдіріп, оқиғаның желісіне қосымша әсер ету
Достоевскийдің қаламына тән ерекшелік, оның жазушылық шеберлігінің бір 
қыры. Достоевскийдің пейзажы туралы А.П. Белик былай деп жазды: «Орыс 
табиғатының эстетикалық беделін ашу Достоевскийдің көркемдік әдісінің 


89 
негізгі талаптарынан туындаған жоқ, оның шығармашылығында біз
кейіпкердің көркемдік әлемін, оның көңіл-күйін, сенімін, әлемге және өзіне 
деген қатынасын образды түрде түсіндіруді көздейтін табиғат құбылысының, 
қандай да бір заттың, жай-күйдің сұлулығы туралы тұспалдау, еске алу, әңгіме 
немесе айтысты жиі кездестіреміз» (75, 27). 
Жазушы шығармаларында даланың табиғат сұлулығынан гөрі қаланың 
қатаң өмір құрылымы жиі көрініс тапқан. Жазушы шығармаларының қатал да 
өткір тілі Петербург қаласының пейзажымен сәйкес келді, өйткені ол қала 
үйлері қабырғаларының адам жанын қаншалықты улайтынын өз басынан 
кешірген. Мәселен, «Ағайынды Карамазовтар» романындағы оқиға желісі 
Петербург қаласынан қашық Скотопригоньевск қаласында болса да, романда 
Петербург қаласы жайлы көңілсіз жайттар айтылады: «Міне дәл осы кезде 
жұбайының үй іші Аделаида Ивановнаның қайтыс болғаны туралы 
Петербордан хабар алады. Бейшара бір үйдің шатыры астында жан 
тапсырыпты, біреулер – сүзектен, екіншілері – аштан өліпті-міс дейді» (31, 32). 
Ф.М. Достоевский пейзажы сөзге сараңдығымен және қысқалығымен, сондай-
ақ, ең бастысы, адам ішкі жан дүниесімен тығыз байланысымен 
айрықшаланады. Мұндай пейзаждық көріністе барлық көркемдік детальдар: 
теңеулер, бояулар, суреттеулер адамның ішкі жан дүниесінің күйі арқылы 
беріледі. Біз романдағы көріністерді кейіпкердің көзімен көреміз. Достоевский 
шығармашылығын зерттеуші ғалым Г. Чулков былай деп жазды: «Оның 
романдарының үрдісінен тыс, оның баяндау мәнері және оның композициядан 
бастап, семантикаға дейінгі оның көркемдік прозасының бүкіл құрылымына 
тікелей әсер еткен адамға және болмысқа оқыс көзқарасы поэтикалық 
мәселелерді түсінуде орасан зор бетбұрыс жасады» (75, 335).
Жазушының «Ағайынды Карамазовтар» романы да пейзаждық 
көріністерге бай емес. Романда жыл мезгілінің белгілерін, сол күннің ауа-райын 
көрсететін пейзаждық белгілер шашыраңқы және табиғаттан немесе қоршаған 
кеңістіктен ортақ әсер қалдыруға тырысады.
Ф.М. Достоевскийдің романындағы қысқа суреттелген пейзаж көріністері 
кейіпкердің көңіл-күйімен, мінез-құлқымен астарласа отырып, шығарманың 
стиліне ерекшелік берсе, аудармашы осы стильдік ерекшелікті аударма мәтінде 
биязы, жатық тілмен жеткізе білген.
Ф.М. Достоевскийдің романдарындағы кейіпкерлердің әрбір жеке ішкі 
монологы екі түрлі дауыстан тұратындықтан, оның романдарында диалогтық 
қарым-қатынастың рөлі басым. М.М. Бахтин романдағы бір ойдың төңірегінен 
екінші бір ойды, яғни ойдың екіге бөлінуін атап көрсетеді: «Бір ой көрген 
жерден ол екі ой, екіге бөліну таба білді; бір қасиет көрген жерден ол басқа
қарама-қарсы қасиеттің болуын ашты. Қарапайым көрінгеннің бәрі де оның 
әлемінде күрделеніп, көп құрамдыға айналды. Бір дауыста ол екі айтысқан 
дауысты, әрбір сөзде торығу мен басқа, қарама-қарсы сөзге ауысуға 
дайындықты ести білді; әрбір ишарада ол бірмезгілде сенімділік пен 
сенімсіздікті байқай алды; ол әрбір құбылыстың терең екі мағыналығын және 
көп мағыналығын қабылдай білді» (76, 41). М. Бахтин жазушы кейіпкерлерін 
тәуелсіз қаһармандар (авторға) деп атайды, себебі олардың бір-бірімен 


90 
пікірталасқа түсіп, айтысулары арқылы өмірге деген көзқарастары өзгеріске 
ұшырап отырады. Бұл жазушы шығармашылығының басқа романистерден 
айырмашылығын білдіреді.
Сонымен 
қатар, 
бірқатар 
зерттеуші-ғалымдардың 
еңбектерінде 
жазушының романдарындағы монологтар мен диалогтардың орны мен 
маңызды 
рөлі 
туралы 
пікірлер 
айтылған. 
Ф.М. 
Достоевскийдің 
шығармашылығын зерттеуші А. Луначарский жазушы өз кейіпкерлерімен 
тығыз байланыста өмір сүретіндігін, олардың қуанышы мен қайғысын бірге 
бөлісуде монолог пен диалогқа жүгінетіндігін айтқан. Ф.М. Достоевский қысқа 
жазбайды, себебі ол өз кейіпкерлерін сомдай отырып, олармен бірге өмір 
сүреді. Осы ретте оған кейіпкерінің немен айналысатындығы емес, не 
ойлайтындығы, не айтатындығы маңызды. Жазушы ұзақ сөйлегенді жақсы 
көреді. Оның шығармасында монологтар мен диалогтар кеңінен орын алған. 
Осы монологтар мен диалогтар арқылы ол адамның ішкі жан әлемінің 
тереңдігіне үңіледі.
Қаламгердің 
барлық 
шығармалары 
психологиялық-философиялық 
сипаттағы мазмұны мен пішіні тұрғысынан ерекшеленеді. Қаламгердің 
«Ағайынды Карамазовтар» романындағы кейіпкерлердің монологтары мен 
диалогтары арқылы адам баласының ойлау кеңістігі аңғарылады.
«Монолог – драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармадағы 
кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі: кейіпкерді сөйлету тәсілі» 
(52, 142). Б. Майтанов көркем шығармадағы монологтың қызметін былай 
түсіндіреді: «Монолог арқылы да мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, 
образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі» (77, 291). Ф.М. Достоевский 
шығармаларындағы монологтар философиялық ой-толғаныстар ғана емес, 
сондай-ақ шығарманың өзегі болып табылады. Жазушы әрбір монологта 
ерекше жаңалық аша біледі, өйткені оған құпия мағына үстейді. Оның 
«Бишаралар» 
романынан 
бастап 
соңғы 
«Ағайынды 
Карамазовтар» 
романындағы еркін адамзат тұлғасының жүрек жарды сөзі оның монологының 
басты тақырыбын құрайды. Ф.М. Достоевский өз ойын баяндауы үшін 
романдық кеңістік, шабыт пен ойдан шығарылған, сонымен бірге адами мінез-
құлықтар мен образдарды қажет етті. Сонымен, жазушының шығармасындағы 
монологтар идеялар әлеміне жол ашады. 
Әдеби сын үшін Ф.М. Достоевскийдің творчествосы бірқатар дербес және 
біріне-бірі қарама-қарсы философиялық ой-түйіндерден тұрады. Бұл керағар 
ой-түйіндер романдағы кейіпкерлердің сан-алуан көзқарасын білдіреді. М.М. 
Бахтин 
осы 
ой-көзқарастың 
сан-алуандығын 
Ф.М. 
Достоевский
шығармашылығына тән құбылыс – «көпдауыстылықпен» түсіндіріп берді. 
Зерттеуші жазушының шығармашылығына терең талдау жасап, оның 
романында басқалар көре білмеген жаңа қырды бірінші болып анықтап, оның 
романына «полифониялық роман» деген анықтама берді.
Ф.М. Доcтоевский әдебиетте өзінен бұрын болмаған романның жаңа түрі – 
полифониялық роман жанрын тудырды. Полифония (ежелгі грек тілінде 
poliрhonia – көпдауыстылық дегенді білдіреді) – ХVIII ғасырдың ортасына 
дейін (ұлы классицизмге дейінгі) Еуропада кең тараған музыкалық термин. 


91 
Музыка әлеміндегі үйлесімділіктен айырмашылықта полифонияда барлық 
дауыстар тепе-теңдікте өз партияларын орындап, полифониялық стильді 
қалыптастырады. М.М. Бахтин «полифониялық роман» терминін «Проблемы 
творчества Достоевского» атты кітабында алғаш қолданды. Бұл кітап 1929 
жылы жарық көріп, ешбір елеусіз қалды. 1963 жылы ол өзгертулер енгізіліп, 
«Проблемы поэтики Достоевского» деген атаумен қайта баспадан шықты. Осы 
кітап зерттеушіні әлемдік даңққа бөлеп, оның есімі кеңестік кезеңдегі атақты 
орыс филологтары мен философтарының қатарына қосылды.
Осы күнге дейін М.М. Бахтиннің кітабы пікірталас тудырып келді. 
Көптеген сыншылар Ф.М. Достоевскийдің романдарындағы көпдауыстылық 
әдебиет тарихында жаңалық еместігін айтады. Мәселен, А.В. Луначарский 
Ф.М. Достоевскийге дейін Шекспир мен Бальзактің шығармаларында 
кейіпкерлердің көпдауыстылығы болғанын алға тартады. Алайда, М.М. Бахтин 
сияқты ешбір зерттеуші Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығындағы 
көпдауыстылық мәселесін тыңғылықты зерттеген жоқ.
М.М. Бахтиннің пікірінше, роман авторының дауысынан оның 
кейіпкерлері дауыстарының басымдық танытуы полифониялық романның 
ажырамас бір белгісі. Мәселен, «Ағайынды Карамазовтар» романында автор 
Карамазовтардың тарихын жақсы білетін, болған оқиғалардың тікелей куәгері, 
Скотопригоньевск қаласының белгісіз тұрғынын қатыстырады.
Зерттеуші полифониялық романға карнавалдылықтың белгілері тән 
екендігін көрсетеді. Пародиялаушы сыңарлар карнавалдық әдебиеттегі жиі 
құбылыс болып табылады. Пародиялау (еліктеу, сықақтау) – қос сыңар жасау, 
сондай-ақ оның «әлемінің теріс жағы». Мұнда кейіпкерлер өзгелердің 
дауысына ие бола отырып, олардың идеологиялық екінші сыңарына (двойник) 
айналады. Ф.М. Достоевскийдің романдарындағы барлық басты кейіпкерлердің 
бірнеше сыңарлары бар. Мәселен, романда сайтан мен Смердяков – Иванның 
дауысына ие болған сыңарлар. Жазушы осы сыңарлар арқылы Иванның ішкі 
ойының арпалысуын көрсетеді.
Ең соңында М.М. Бахтин Ф.М. Достоевскийдің полифониялық романын
Л.Н. Толстойдың монологиялық романына қарсы қояды. Монологиялық 
романда автор өз кейіпкерлерінің толыққанды қожайыны іспеттес, романда 
оның дауысы басымдыққа ие. Сызба арқылы көрсетсек: 
Автор 
«Мен бармын» қағидасы - монологиялық роман
Кейіпкер Әлем
Ал Достоевскийдің романында автордың дауысы өз кейіпкерлерінің 
дауысымен бірдей дәрежеде. Кейіпкерлердің дауысы ғана естіледі, ал автор 
олардың өз ойын айтуына мүмкіндік жасайды. Автордың ұстанымы оның 
сүйікті кейіпкерлерінің сөздері арқылы көрініс табады (Алёша Карамазов, 
Мышкин). Сызба арқылы көрсетсек:


92 
Әлем Кейіпкер «Сен барсың» қағидасы - полифониялық роман 
Полифониялық роман диалогқа құрылады. Зерттеушінің пікірі бойынша, 
жазушы кейіпкерлерінің әрбір ойы аяқталмаған диалогты білдіреді.
Ф.М. Достоевский адам баласының барлық саналы өміріндегі диалогтық 
қатынасты көре білді. Жазушының «Ағайынды Карамазовтар» романы 
полифониялық сипатта аяқталады, яғни монологтық көзқарас бойынша роман 
өз мәресіне жетпеген. 
Жазушының романдағы монологтары мен диалогтары арқылы 
кейіпкерлерінің мінез-құлықтары, ішкі жан әлемінің диалектикасы, 
психологиялық ахуалы мен өмірге деген көзқарастары айқындалған. Әсіресе, 
диалогтағы дүниетанымдары бір-бірінен ерекше айрықшаланатын әр-алуан 
кейіпкерлердің түрлі дауыстары романның баяндау ырғағының ауыспалылығын 
күшейтеді. Ал, кейіпкерлер санасы мен ойының екіге жарылуы жазушының 
шығармашылығына 
тән 
«көпдауыстылықты» 
тудырады. 
Романдағы 
«көпдауыстылық» мәселесі аудармада да толық қамтылып, оқырманның 
қабылдауына жатық тілмен жеткізілген. 
Ф.М. Достоевский кейіпкерлерінің монологтары мен диалогтарының 
қауырттығы және қарама-қайшылықтылығы, кейде ой мен синтаксистік 
байланыстың болмауы, репликалардың үздік-үздік берілуі романның 
стилистикалық ерекшеліктерін құрайды. Романда автор монолог пен диалог 
арқылы кейіпкерлердің ішкі жан әлемін, өмірге деген көзқарасын, сондай-ақ 
мінез-құлқы мен қатар сыртқы келбетін ашып көрсетуді мақсат тұтады. 
Мәселен, романда автор Иван Карамазовтың портретін суреттемегенімен, оған 
монологтары мен диалогтары арқылы жиі сипаттама беріп отырады. 
Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне үңілуге хат жазу, күнделіктер жазу сияқты 
тәсілдер де көмектеседі. Оларды оқу бізге кейіпкерлермен оңаша қалып, осы 
сөздердің жүрекжарды сөздер екеніндігіне көз жеткізеді. Достоевский сияқты 
суреткерге мұның өзі де аз. Ол өз шығармаларына бірқатар жаңа әдеби тәсілдер 
енгізді. Оның кейіпкерлері әрдайым моральдық құлдырау, таң қалу сияқты жай-
күйге тап болады, сондықтан да оның шығармаларына, әсіресе, кейіпкердің түс 
көруі, сандырақтауы, дүрбелең күйде болуы тән. Олай болса, жазушы 
шығармашылығындағы көп қырлы және күрделі құбылыс болып табылатын 
монолог пен диалогты аударуда кез келген аудармашы қиындыққа тап болуы 
сөзсіз.
Романдағы монологтар мен диалогтарда кейіпкерлердің дүниетанымын 
білдіретін діни лексика қазақ тіліндегі сәйкес діни образды лексика арқылы 
қазақ оқырманының қабылдауына бейімдеп аударылған. Аудармашы 
кейіпкерлердің кейбір фразаларын қазақ тіліне аударуда көркем аударманың 
прагматикалық бейімдеу, еркін аудару тәсілдеріне көбірек сүйенген. 
Нәтижесінде, мәтін қазақша болып шыққанымен, түпнұсқаның көркемдік-
идеялық мазмұны ауытқыған тұстар да кездеседі. Сондықтан да,


93 
Ф.М. Достоевский романдарын аударуда түпнұсқаның мағынасын дұрыс 
жеткізу үшін жазушы шығармашылығын зерттеп, талқылау маңызды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет