Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет142/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

«Айюб Раббысына: «Маған 
бір пәле келді. Сен – рақым қылушылардың ең 
Рақымшылысың!» – деп үн қатты»
1

1
«Әнбия» сүресі, 83-аят. 


159
 
 
Бұл да болса ашық дұға емес еді, бар болғаны тек өзінің 
жағдайын жеткізді. Аллаһ тағала басқа бір аятта: 
«
(Мұхаммед!) 
Құлымыз Айюбты есіңе ал. Сол уақытта ол Раббысына: 
«Мені шайтан бейнет пен азапқа ұшыратты», – деп үн 
қатты»
1
, – деген. 
Яғни ол бейнет пен азапты шайтанға теліп, Аллаһты бұдан пәк 
етіп көрсетті. Сондықтан дұға еткенде: 
«Жамандық саған тиісті 
емес»
, – деп айтылады. 
Айюбтың сауығуы 
Аллаһ тағала оның үндеуіне жауап қатып, оны бәледен 
арылтты. Құдірет Иесі: 
«Оған: «Аяғыңмен жерді теп. Міне, 
саған шомылатын әрі ішетін салқын су», – 
(дедік)
»
2
, – деген. 
Ғұламалар: «Айюб суға шомылған уақытта оның сыртқы 
науқасы, ал ішкенде ішкі науқасы жазылды», – дейді. 
Бұл Аллаһ тағаланың берген нығметі еді. Оның денсаулығы 
қалпына келіп, әуелгідей сап-сау қалпына келді. Әйелі келгенде 
оны танымай: «Сен Аллаһтың бір сырқат пайғамбарын көрмедің 
бе? Аллаһпен ант етемін, сен оның сау кезіндегіге қатты ұқсайды 
екенсің», – деп сұрады. Айюб: «Мені танымадың ба?» – деді. 
«Сен кімсің?» – деді әйелі. «Мен – Айюбпын», – деді пайғамбар. 
Аллаһ тағала оған отбасылық игілігін де қайтарды. Ибн Аббас 
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ тағала онымен қоса 
әйелін де осындай үлкен сынақтағы зор шыдамдылығы үшін 
құрметтеп, оған жастығын қайтарды. Ол Айюбке жиырма 
алты ұл-қыз туып берді»
, – деген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет