174
Мұса пайғамбардың қиссасы екі бөлімнен тұрады.
Әуелгі
кезең – Мұсаның перғауынмен болған әңгімесі, ал екінші кезең –
перғауын суға батқаннан кейінгі болған оқиғалар.
175
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
Мысыр жеріндегі исраилдіктер
Исраил ұрпақтары Юсуфтың
кезінде Палестинадан Мысыр
еліне қоныс аударып, сонда тұрақтап қалды.
Тарихшылар
олардың Мысырға келгендегі саны сексен алты адам
болғандығын,
сосын олар көбейіп, Мұса алып шыққан уақытта
алты жүз мыңға жеткендігін айтады.
Сол замандарда Мысырды перғауындар биледі. Юсуфтың
кезіндегі перғауын Раян ибн Уәлид деген кісі еді. Ол Юсуфтың
өзге дін өкілі екендігіне қарамастан
даналығын бағалап, оған ел
басқару ісін тапсырған-ды.
Юсуф болса елді ашаршылықтан,
жұттан құтқарып қалды. Сол үшін де оның кезінде исраилдіктер
берекетті өмір сүріп, Мысырда олардың дәрежесі жоғары
саналды. Бірақ Раян өлген соң, билікке келген Қабус ибн Мусғаб
Аллаһқа сенбейтін залым патша болды. Ол Юсуф дүниеден
өткеннен кейін исраилдіктерге көп зиян тигізді. Кейін Қабустың
інісі Уәлид ибн Мусғаб перғауын болды. Оның әйелі Әсия бинт
Музахим Аллаһқа иман келтірген салиқалы ізгі әйел еді.
Перғауын оны басында күң етпекші болған.
Әсия отбасының
амандығына қауіп төнген соң, амалсыз
оның тең құқылы әйелі
болуға келіскен. Бірақ ол күйеуі Уәлид ибн Мусғабты Аллаһқа
сенбейтін, кәпірлігі мен зұлымдықтары үшін ұнатпайтын. Тіпті
ол өзін құдаймын деп жариялап:
Достарыңызбен бөлісу: