біреуді көрсетейін бе?» – деді. Сонда сені көзайым болып
қайғырмауы үшін анаңа қайтардық. Сондай-ақ кісі өлтірдің.
Сонда сені ол қайғыдан құтқарып, сынаулармен сынадық.
Сондай-ақ жылдар бойы Мәдиян елінде тұрдың. Сосын
белгілі мерзімде қайтып келдің, ей, Мұса! Сені Өзіме
арнадым»
1
, – деді.
Мұсаның перғауынға жасаған дағуаты
Мұса отбасымен Мысырға жетіп, анасымен көрісіп, мауқын
басқан соң, Һарунды ертіп алды. Аллаһ тағала:
«Өзің мен
туысың екеуің мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске
алуда селқостық танытпаңдар. Екеуің перғауынға барыңдар.
Өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы сөз сөйлеңдер,
мүмкін үгіт алар немесе қорқар»
2
, – деді.
Сөйтіп, ол екеуі перғауын сарайына келеді. Сарайға келіп есік
қаққанмен, күзетшілер ішке кіргізе қоймады. Мұса күзетшілерге:
«Мен – елшімін», – дейді. Әдетте перғауынға жер-жердің
патшаларынан елшілер жиі келетін. Күзетшілер Мұсаны сол
елшілердің бірі екен деп ойлап, перғауынның алдына кіргізеді.
Мұса перғауынға:
«Біз – бүкіл әлемдер Раббысының
елшісіміз»
,
– деді. Алдына келген Мұсаны перғауын
шырамытқандай болды. Мұса талабын айқындап:
«Исраил
ұрпақтарын бізбен бірге жібер!»
– деді. Сонда барып перғауын
Мұсаны жазбай танып: «Сен Мұса емессің бе?» – дейді. Мұса:
«Иә», – деп жауап береді.
Перғауын оған зілдене:
«Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл
арамызда болдың.
(Сөйтіп жүріп)
істеріңді істеп кеттің. Сен
қарсы келушілерденсің»
, – деп жазғырды.
1
«Таһа» сүресі, 37-41 аяттар.
2
«Таһа» сүресі, 42-44 аяттар.
189
Достарыңызбен бөлісу: |