Мұса:
«Мен ол істі істеген кезде қателескен едім. Сондықтан сендерден қорқып, қаштым. Ақыры Раббым маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды. Сенің Исраил ұрпақтарын құл етіп, маған міндетсінген қайырың осы» , – деді. Перғауын
одан әрі тәкаппарлана: «
Әлемдердің Раббы деген не тәйірі?» –
деді. Мұса:
«Егер анық сенетін болсаңдар, Ол – жер-көктердің әрі екі арасындағылардың Раббы» , – деп жауап берді.
«Перғауын маңайындағыларға: «Естімей отырмысыңдар?» –
деді. Мұса сөзін жалғап:
«Ол – сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы» , – деді.
Перғауын:
«Нақ осы сендерге жіберілген пайғамбар мүлде жынды» , –
дегенде, Мұса:
«Егер түсінер болсаңдар, Ол – шығыс пен батыстың және екі арасындағылардың Раббы» , – деп тіл
қатты
1
.
Осылайша, Мұса перғауынның санасына сыймайтын
нәрселерді айта бастады. Ал перғауын өзін тәңірмін деп
санайтын. Мұсаның айтқан дәйекті сөздерінен абыройына нұқсан
келуінен қауіптеніп оған:
«Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, сөзсіз, сені түрмеге саламын» 2 , – деді.
Перғауынның қоқан-лоққысына Мұса:
«Егер саған анық дәлел келтірсем де ме?» – деп сұрақ
қойды. Перғауын қасарыса:
«Ал шын айтушылардан болсаң, әкел оны» 3 , – деді.
Перғауынға жасалған дағуат:
«Екеуің барып: «Біз – Раббыңның саған жіберген елшісіміз. Енді Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Оларды қинама, саған 1
«Шұғара» сүресінің 16-28-аяттарын қараңыз.
2
«Шұғара» сүресі, 29-аят.
3
«Шұғара» сүресі, 30-31 аяттар.