Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет167/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   266
 
 
біреуді көрсетейін бе?» – деді. Сонда сені көзайым болып 
қайғырмауы үшін анаңа қайтардық. Сондай-ақ кісі өлтірдің. 
Сонда сені ол қайғыдан құтқарып, сынаулармен сынадық. 
Сондай-ақ жылдар бойы Мәдиян елінде тұрдың. Сосын 
белгілі мерзімде қайтып келдің, ей, Мұса! Сені Өзіме 
арнадым»
1
, – деді. 
Мұсаның перғауынға жасаған дағуаты 
Мұса отбасымен Мысырға жетіп, анасымен көрісіп, мауқын 
басқан соң, Һарунды ертіп алды. Аллаһ тағала: 
«Өзің мен 
туысың екеуің мұғжизаларымды апарыңдар. Мені еске 
алуда селқостық танытпаңдар. Екеуің перғауынға барыңдар. 
Өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, 
мүмкін үгіт алар немесе қорқар»
2
, – деді.
Сөйтіп, ол екеуі перғауын сарайына келеді. Сарайға келіп есік 
қаққанмен, күзетшілер ішке кіргізе қоймады. Мұса күзетшілерге: 
«Мен – елшімін», – дейді. Әдетте перғауынға жер-жердің 
патшаларынан елшілер жиі келетін. Күзетшілер Мұсаны сол 
елшілердің бірі екен деп ойлап, перғауынның алдына кіргізеді. 
Мұса перғауынға: 
«Біз – бүкіл әлемдер Раббысының 
елшісіміз»

– деді. Алдына келген Мұсаны перғауын 
шырамытқандай болды. Мұса талабын айқындап: 
«Исраил 
ұрпақтарын бізбен бірге жібер!»
– деді. Сонда барып перғауын 
Мұсаны жазбай танып: «Сен Мұса емессің бе?» – дейді. Мұса: 
«Иә», – деп жауап береді.
Перғауын оған зілдене:
«Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл 
арамызда болдың. 
(Сөйтіп жүріп)
істеріңді істеп кеттің. Сен 
қарсы келушілерденсің»
, – деп жазғырды.
1
«Таһа» сүресі, 37-41 аяттар. 
2
«Таһа» сүресі, 42-44 аяттар. 


189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет