Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет169/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Раббыңның мұғжизасымен келдік. Тура жолдағыларға сәлем 
болсын. 
(Бізді)
жалғанға шығарып, бет бұрғандарға азап 
болары уахи етілді», – деңдер»
1
, – деп көрсетілген. 
Мұсаның бұл сөздеріне перғауын нанбай: 
«Ей, Мұса! 
Раббыларың кім?»
– дейді. Сонда пайғамбар: 
«Раббымыз әр 
нәрсеге бейне беріп, сосын оны тура жолға салған»
, – деді. 
Перғауын оны әжуалай: 
«Ал сонда бұрынғы дәуірдегілердің 
жағдайы қандай?»
– деп сұрады. Оның бұл мысқылына Мұса:
«Олардың мәліметі Раббымның қасындағы Кітапта бар. 
Раббым жаңылмайды әрі ұмытпайды»
2
, – деп жауап берді. 
Енді бар мәселе мұғжиза көрсетуге келіп тірелді. Олар:
«Кереметіңді көрсет!»
– дегенде, 
«ол таяғын тастады да, 
сонда ол көпе-көрнеу жылан болды және қолын шығарды. 
Ол қараушыларға аппақ көрінді»
3
. Перғауын мен оның 
адамдары теңдессіз мұғжизаның куәсі болды. Десе де, перғауын 
өзінің беделіне нұқсан келуден, адамдар арасында өзіне қарсы 
бүлік тууынан қауіптеніп:
«Ей, Мұса! Сиқырың арқылы бізді жерімізден шығару 
үшін келдің бе? Әрине, біз де сол тәрізді сиқыр әкелеміз. 
Ендеше, біз бен өз араңда бір уәделі жер белгіле. Біз де, сен де 
айнымайтын бір ыңғайлы орын болсын»
, – деді. Мұса: 
«Уәделі уақыттарың мереке күнгі ел жиылатын сәске 
болсын»
4
, – деп шарт қойды. 
Мұса (аләйһис-сәләм) мен сиқыршылар 
Осылай шешім қабылдап, перғауынның сиқыршылары мен 
Мұса бәсекеге түсетін болды. Бір хабарда Мұсаға қарсы сайысқа 
1
«Таһа» сүресі, 47-48 аяттар. 
2
«Таһа» сүресі, 47-52 аяттар. 
3
«Шұғара» сүресі, 32-33 аяттар. 
4
«Таһа» сүресі, 57-59 аяттар. 


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет