229
ренжіткендер сықылды болмаңдар. Сонда оны Аллаһ
олардың айтқандарынан ақтады. Ол Аллаһтың алдында
беделді еді»
деген аяттың мәнісі – осы»
, – деген
1
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Мені Мұсадан жоғары қоймаңдар.
Расында, Қиямет күні адамдар есінен танады, ал алғаш есін
жинайтын мен боламын. Қарасам, Мұсаның Арыштың
діңгегінен ұстап тұрғанын көремін. Білмеймін... Есінен
танып, менен бұрын есін жиды ма, жоқ Тұр
(тауындағы)
естен тануы жеткілікті саналды ма?»
– деп
айтқан
2
.
Әрине, бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кішіпейілділігі мен
ізеттілігінің
көрінісі.
Негізінде,
дүние-ақыреттегі
пайғамбарлардың ең дәрежесі жоғарысы – өзі (с.а.с.).
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісі (с.а.с.)
(адамдарға өзіне келген мал-мүліктен)
үлес бөліп берді. Сонда бір кісі: «Мен мына үлеспен Аллаһтың
дидарын қаламаймын», – деді. Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, оны
айтқан едім, оның жүзінен ашудың нышанын байқадым. Сосын
ол (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: