232
ЮШАҒ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Қасиетті соғыс
Мұсадан кейінгі ұлы пайғамбарлардың қатарында Дәуіт пен
Сүлеймен тұрады. Исраилдіктерге Дәуіт пайғамбар келгенге
дейінгі аралықта көптеген оқиғалар болып өтті. Һарун мен Мұса
дүниеден өткенде, исраилдіктер әлі Синай мен Палестинаның
арасында босып жүрген-ді. Өйткені оларға Құдысқа кіру қырық
жылға харам етілген болатын:
«Енді оларға ол жер шынайы түрде қырық жыл харам
етілді. Олар сол жерде сандалып жүреді»
1
.
Мұса мен Һарун дүниеден өткен соң, Исраил қауымын Юшағ
ибн Нун деген кісі басқарды. Юшағ Юсуфтың ұрпағынан еді.
Оған Құранда Мұса мен Қыдырдың әңгімесінде сілтеме
жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: