шығарып, жерде жатқан мал-дүниеге салды. Сол кезде барып от келіп оны жалмады. Олжалар бізден бұрын ешкімге халал қылынбаған. Бірақ Аллаһ тағала әлсіздігіміз бен дәрменсіздігімізді көріп, оларды бізге халал етті» , – деген
1
.
Құдысқа кіру Юшағ исраилдіктерге Бәйтул-Мақдиске енерде түгелдей
сәжде қылған күйде «хитта» деп айтып кіруді бұйырды. «Хитта»
қателіктерімізді кешір дегенді білдіретін сөз еді. Аллаһ тағала:
«Сол уақытта оларға: «Осы елді мекенге кіріп, одан қалағандарыңша жеңдер және қақпадан сәжде жасап «хитта» (күнәмізді кеш)
деп кіріңдер. Қателіктеріңді кешіріп, игілік істеушілердің сауабын арттырамыз», – дедік» , – деген.
Ал исраилдіктер болса Юшағты әжуалап, хитта деген сөзді
әдейі бұрмалап, хинта-хинта деп кірді. «Хинта» – арпа дәнінің
атауы. Сондай-ақ қала қақпасынан сәжде қылып кірудің орнына,
басқаша халде кірді.
«Сонда залымдар сөзді өздеріне айтылғаннан басқаға ауыстырды» .
Исраилдіктердің
азғантайы
ғана
Бәйтул-Мақдистің
қақпасынан сәжде жасап кіріп, «хитта» деп айтқан. Ал көпшілігі
қақпадан арт жақтарымен кіріп, «хинта» деген-ді.
жалмап кететін. Бұл Аллаһқа ұсынғандарының қабыл алынғанының
және оларда түйткіл болмағанының белгісі еді.
1
Хадисті әл-Бұхари, Муслим және Ахмад жеткізген.
235
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Исраил ұрпақтарына: «Қақпадан сәжде жасап «хитта» деп кіріңдер, қателіктеріңді кешіреміз» делінді. Сонда олар (өздеріне айтылғанды)