Аллаһтың жолынан адасқандарға Есеп күнін ұмытқандары үшін қатты азап бар» 1 , – деп баяндалған.
Кейбір тарих кітаптарында Дәуіттің тоқсан тоғыз әйелі
болғаны айтылған. «Бір күні ол бір қолбасшысының әйелін көріп,
ғашық боп қалады да, соған үйленгісі келеді. Бұл ойын жүзеге
асырмақ болған Дәуіт әлгі қолбасшысынан құтылу ниетімен оны
небір қатерлі, қауіпті жорықтарға жібереді. Бірақ қолбасшысы
қандай жерге жұмсаса да, аман-есен орала береді. Ақыры Дәуіт
оны өлтіріп, әйеліне үйленген» деген негізсіз жалған деректер
келтіріледі. Тіпті бұл деректер кейбір тәпсір кітаптарына да еніп
кеткен. Дұрысы: Аятта тоқсан тоғыз әйел емес, тоқсан тоғыз қой
деп анық айтылған. Ал араб тілінде әйел ешқашан қойға теңелген
емес.
Дәуіттің өмір жасы Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ Адамды жаратқан кезде оның белін сипап ұрпақтарын шығарды. Аллаһ олардың екі көзінің ортасына бір нұр жасаған еді. Сонда (Адам)
: «Ей, Раббым! Бұлар кім?» – деп сұрады. (Аллаһ тағала)
: «Бұлар – сенің ұрпағың», – деді. (Адам)
өз ұрпағының ішінен бір кісіні көрді. Оған оның екі көзінің ортасындағы нұры ұнады. Сонда ол: «Ей, Раббым! Бұл кім?» – деп (сұрады)
. Аллаһ тағала: «Бұл – сенің ұрпағыңның ішіндегі соңғы халықтардан (шығатын)
бір кісі. Оның есімі – Дәуіт», – деді. Адам: «Оған қанша өмір бердің?» – деп (сұрады)
. Аллаһ тағала: «Алпыс жыл», – деді. (Адам)
: «Ей, Раббым, оның өмірін ұзарт», – деп өтінді. Аллаһ тағала: «Тек сенің