Дәуіттің қадір-қасиеттері Дәуіт өте ғибадатшыл еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһқа ең сүйікті намаз – Дәуіттің намазы. Сондай-ақ Аллаһқа ең сүйікті ораза да – Дәуіттің оразасы. Ол түннің жартысын ұйықтап, үштен бір бөлігінде намаз оқып, алтыдан бір бөлігінде тағы ұйықтайтын. Бір күн ораза ұстап, бір күн аузын ашып жүретін» , – деген
1
.
Әрі ол өте ержүрек, батыр кісі-тұғын. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
оның ержүректігі жайлы:
« (Дұшпанға)
бетпе-бет келсе, қашпайтын» , – деп айтқан
2
.
Сондай-ақ Дәуіт шүкір қылушы пенделерден болатын. Аллаһ
тағала:
« (Ей)
, Дәуіттің отбасы! Шүкірлік үшін амал істеңдер! Негізінде, құлдарымнан шүкір етуші аз» 3 , – деген.
Дәуіт пайғамбар өзгеге масыл болуды ұнатпайтын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
« (Дәуіт)
тек өз қол еңбегінен тамақтанатын» , – депті
4
.
Дәуіттің қиссасынан алынар өнеге-ғибраттар 1. Аллаһ тағаланың:
«Аллаһ адам баласын бірін-бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Аллаһ – бүкіл әлемге кеңшілік Иесі» деген
сөзінен алар өнеге: егер патшалар болмаса, әділетсіздік жайылып,
күшті әлсізге зұлымдық жасайды. Себебі адам баласы Аллаһтан
қорқып зұлымдықтан тыйылмаса, патшадан қорқып тыйылады.
Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын):
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.
2
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.
3
«Сәбә» сүресі, 13-аят.
4
Хадисті әл-Бұхари мен Ахмад жеткізген.