«Сонымен, Талут және онымен бірге иман келтіргендер өзеннен өткен шақта: «Бізде Жалут пен оның әскерлеріне төтеп берер күш жоқ», – деді. Сондай олардың анық Аллаһқа жолығуды ойлағандары: «Аллаһтың қолдауымен қанша аз топ көп топты жеңген. Аллаһ сабырлылармен бірге», – деді. Сөйтіп, олар Жалуттың әскеріне қарсы шыққан сәтте: «Раббымыз! Сабыр бер, қадамымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере гөр!» – деді» .
Екі әскер бетпе-бет келген кезде Жалут соғыс алаңына шығып,
қарсы тарапты жекпе-жекке шақырды. Ол өте ірі денелі, қуатты,
соғыс өнеріне жетік жауынгер болатын. Талуттың әскерінен оған
қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламады. Талут өз батырларын
қанша жекпе-жекке шығуға үндесе де, олар жауап қатпады. Сол
кезде ол: «Кім оған қарсы шығып жеңсе, оны қызыма
үйлендіремін және өзімнен кейін патшалығыма мұрагер етемін»,
– дейді. Осы кезде исраилдіктер жақтан бір жас жігіт шықты. Ол
Дәуіт еді. Сол кезде оның жасы бар болғаны он алтыда еді
делінген. Дәуіттің соғыс құралы – ішіне ірі тастар салынып, аузы
буылған тері қалта іспеттес қару болатын. Өзіне қарсы жекпе-
жекке шыққан жас жігітке Жалут: «Ей, балақай! Қайта ғой
орныңа. Мен сені өлтіргім келмейді», – дейді. Оның бұл сөзіне
шамданған Дәуіт: «Ал мен сені өлтіргім келеді», – деп жауап
қатады. Сөйтіп, жекпе-жек басталып, Жалут оған ұмтыла
бергенде, Дәуіт әлгі қаруын айналдырып-айналдырып тұрып, оны
бір соғады. Қару қақ маңдайынан тиген Жалут қимылға келмей
жантәсілім етеді. Патшаларынан айырылған қарсы тарапта
бытыраңқылық пайда болып, исраилдіктердің шабуылына төтеп
бере алмай, жік-жік боп жан-жаққа бас сауғалап кетеді.
Исраилдіктердің бұл жеңісі мен Дәуіттің патшалыққа келуі
жайлы Аллаһ тағала:
«Сонда (исраилдіктер)