Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет221/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
бірге қайталап тәсбих айтқан. Адамдардың барлығы осы 
кереметтің куәсі болған. Бұл ұлы мұғжиза туралы Аллаһ тағала:
«Расында, Дәуітке өз жанымыздан игілік бердік. «Ей, 
таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар», – 
(дедік)
»
1
;
«Дәуітке Аллаһты дәріптейтін тауларды, құстарды 
бағындырдық. Біз осылай жасадық»
2
;
«Біз 
(Дәуітке)
тауларды кешкі уақытта және таңертең 
онымен бірге тәсбих айтатын етіп бағындырып қойдық және 
жиналған құстарды да. Барлығы Оған бойсұнуға қайтатын»
3

– деген. 
Сондай-ақ Дәуіттің мұғжизаларының бірі – Аллаһ тағала оған 
темірді жұмсартты. Жұрт саз-балшықпен қалай жұмыс істесе, 
Дәуіт темірмен солай жұмыс істеп, бұрын-соңды кездеспеген 
сауыт түрін жасаған. Алдыңғы сауыттар темірден тұтастай 
құйылғандықтан өте ауыр-тұғын. Ал Дәуіт темірден кішкене 
теңгеше шеңбершелер жасап, оны бір-біріне жалғау арқылы 
ыңғайлы әрі жеңіл сауыттар соқты. Бұл сауыттар жайлы Аллаһ 
тағала бір аятта:
«
(Дәуіт)
 үшін темірді жұмсақ етіп қойдық және 
(оған)
: «Кең 
сауыттар жаса, оны тоқығанда өлшеп-піш», – 
(дедік)
»
4
, – десе, 
басқа бір аятта:
«
(Дәуітке)
өздеріңді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау 
өнерін үйреткен едік. Сонда шүкір етесіңдер ме?»
5
– деген. 
Дәуіттің бұл мұғжизасы адамзат тарихындағы темір 
өнеркәсібінің дамуына алғышарт болды. 
1
«Сәбә» сүресі, 10-аят. 
2
«Әнбия» сүресі, 79-аят. 
3
«Сад» сүресі, 19-аят. 
4
«Сәбә» сүресі, 10-11 аяттар. 
5
«Әнбия» сүресі, 80-аят. 


246


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет