282
Иса – Қиямет-қайымның белгісі
Ақиқатында, Иса тірі, көкте, Қиямет күні жақындағанда жер
бетіне түседі. Аллаһ тағала:
«Күдіксіз, ол
(Иса)
– Қияметтің
белгісі»
1
, – деген.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жаным қолында болғанмен
(Аллаһ)
пен ант етемін! Сендерге Мәриямұлының түсуі
жақын қалды. Ол әділ билік жүргізіп, крестерді сындырады,
шошқаларды өлтіреді, соғысты жояды, мал-дүние асып-
тасып, оны алатын ешкім болмай қалады, тіпті бір ғана
сәжде дүние мен ондағылардан қайырлы саналады»
, – деген
болатын
2
.
Иса Құран Кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.)
сүннетін басшылыққа ала мұсылмандарға жеті жыл билік
жүргізіп, сосын кәдуілгі адам өлімімен дүние салады.
Абдуллаһ ибн Амрдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ Мәриямұлы
Исаны жібереді... сосын адамдар екеуара дұшпандық
жасамайтын жеті жыл тұрады. Содан соң Аллаһ Шам
жақтан салқын жел жібереді. Жер бетінде жүрегінде
шаңның тозаңындай жақсылық немесе иманы бар адамды
қалдырмай жанын алады»
, – деген
3
.
Иса пайғамбардың сипаттары мен қадір-қасиеттері жайлы
Оның түр-тұлғасы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Исра түні... Исаға жолықтым. Орта бойлы, моншадан
Достарыңызбен бөлісу: