Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет255/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

шыққандай қызыл реңді екен»
4

1
«Зухруф» сүресі, 61-аят. 
2
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 
3
Хадисті Муслим риуаят еткен. 
4
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 


283
 
 
«Исаны, Мұсаны және Ибраһимді көрдім. Иса қызыл 
шырайлы, шымыр денелі, кең кеуделі екен»
1

«Түнде түсімде Қағбада екенмін. Қарасам, өте сұлу 
қоңырқай түсті, тараулы шашы иығына соғылған, басынан су 
тамшылап тұрғандай, қолдарын екі кісінің иығына қойған бір 
кісі Қағбаны тауап етіп жүр екен. Мен: «Бұл кім?» – деп 
сұраған едім; «Мәриямұлы Мәсих», – делінді»
2
, – деген. 
Оның реңінің бір хадисте қызыл шырайлы, ал бірінде 
қоңырқай деп сипатталғанын ғалымдар: қызыл-қоңыр реңді болса 
керек деп түсіндіреді. 
Оған тәңірлік төрт кітаптың бірі – Інжіл түсті. Аллаһ тағала:
«Оған Інжілді бердік, онда тура жол мен нұр бар»
3
, – деп 
айтқан. 
Аллаһ тағала тарабынан оған анық мұғжизалар беріліп, 
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) арқылы қуатталды. Аллаһ тағала:
«Мәриямұлы Исаға анық мұғжизалар беріп, оны қасиетті 
рух 
(Жәбірейіл)
 арқылы қуаттадық»
4
, – дейді. 
Ол жөргекте сөйлеген. Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Жөргекте үш-ақ сәби сөйлеген: Иса және исраилдіктердің 
арасында Журайж есімді бір кісі болатын. Ол намаз оқып 
жатқанда, анасы келіп шақырады. Журайж жауап берейін бе, 
жоқ намазымды үзбейін бе деп екіойлы болып тұрғанда, 
шешесі: «Тәңірім! Оны салдақылардың дидарын көргенше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет