өлтірме», – деп теріс дұға етеді. Журайж ғибадатханасында отырғанда, бір әйел келіп, оны айналдырады. Бірақ Журайж бас тартады. Сосын әйел бір қойшымен әуейі болып, бір бала 1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
2
Хадисті Муслим риуаят еткен.
3
«Хадид» сүресі, 27-аят. Бұл жерде Інжілдің түпнұсқасы туралы
айтылған. Ал бүгінде христиан әлемінде қолданылып жүрген Інжіл
кітабы түпнұсқадан ауытқып, алшақ кеткен.
4
«Бақара» сүресі, 87-аят.
284
туады да: «Бұл кімнен?» – дегендерге: «Журайждан», – деп айтады. Адамдар келіп, оның ғибадатханасын бұзып, өзін масқаралап, тілдейді. Сонда Журайж дәрет алып, намаз оқиды да, әлгі сәбиге келіп: «Әй, бала! Әкең кім?» – деп сұрайды. Жөргектегі бала: «Пәлен деген қойшы», – деп жауап қайырады. Адамдар Журайжға: «Ғибадатханаңды алтыннан қайта тұрғызып берейік пе?» – дегенде: «Жоқ, лайдан тұрғызыңдар», – деді. Сондай-ақ исраилдіктерден бір әйел баласын емізіп отырғанда, жандарынан сымбатты бір аттылы кісі өтеді. Әйел: «Тәңірім! Баламды осы секілді ет», – деп дұға қылады. Сонда бала емуін тоқтатып, әлгі аттылы кісіге бұрылып: «Тәңірім! Мені оған ұқсатпа», – деп, қайта бұрылып емшек емуін жалғастырады. Сосын олар бір күңнің қасынан өткенде, әйел: «Тәңірім! Баламды мұндай етпе», – деп дұға қылады. Сонда бала қайтадан емшек емуін тоқтатып: «Тәңірім! Мені оған ұқсат», – дейді. Шешесі: «Не үшін?» – деп сұраған еді: «Аттылы кісі – зорлықшыл біреу, ал мына күң әйел – адамдар оны ұрлық қылды, зина істеді дейді,