Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет3/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Адамдардың пайғамбарларға мұқтаждығы 
Пенделер 
үшін 
пайғамбарлардың 
қажеттілігі 
барша 
қажеттіліктерден жоғары тұрады. Әсілінде, пайғамбарлық – 
дүниенің рухы, нұры мен тыныс-тіршілігі. Рухсыз, нұрсыз және 
тыныс-тіршіліксіз дүние қалай түзелмек? Пайғамбарлық күн 
шықпаса, дүние қараңғы түнекте қалады. Егер пайғамбарлар 
болмаса, дүние мен ақырет бақытына жету, жақсы мен жаманды 
ажырату мүмкін емес. Ал рухсыз өмірдің мәні жоқ. Сондықтан 
Аллаһ тағала Құранда: 
«
(Мұхаммед!) 
Осылай Біз саған Өз 
әмірімізден бір Рухты уахи еттік. Сен Кітаптың да, иманның 
да не екенін білмейтін едің. Алайда Біз оны құлдарымыздан 
Өзіміз қалағанды тура жолға салатын нұр еттік»
1
, – деп 
пайғамбарлықты рухқа балаған.
Пайғамбарларға деген сенім иман тіректерінің бірі екендігі 
белгілі. Аллаһ тағала: 
«Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге 
иман келтірді және мүміндер де 
(осыған иман келтірді)

Барлығы Аллаһқа әрі Оның періштелеріне, кітаптарына 
және елшілеріне иман келтірді»
2
, – дейді.
Бұл аят – барша пайғамбарларға сену керектігінің дәлелі. 
Яһудилер мен христиандар тәрізді кейбіріне нанып, кейбірін 
жоққа шығаруға болмайды. 
Пайғамбарларға иман келтірудің мән-мағынасы 
Ешбір серіксіз жалғыз Аллаһ тағаланы танып, Оған құлшылық 
етуге шақыру үшін әр үмбетке пайғамбарлар жіберілгендігіне 
және олардың барлығының да ізгі, шыншыл, тақуа да аманатшыл 
екендігіне, сондай-ақ олардың өздеріне жүктелген міндетті 
өзгертпей, артық нәрсе қоспай жеткізгендігіне иман келтіру 
1
«Шура» сүресі, 52-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 285-аят. 


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет