қажет. Аллаһ тағала:
«Ал елшіге анық түрде жеткізу ғана міндет» 1 , – деген.
Сондықтан барша пайғамбарлар ақиқатқа үндеген. Олардың
барлығының дағуаты (шақыруы) бір таухид
2
болған. Бұл
жайында Аллаһ тағала Өзінің ұлы кітабында:
«Расында, әр үмбетке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, тағуттардан 3 аулақ болыңдар», – дейтін елші жібердік» 4 , – деп баяндаған.
Тек
шариғаттарында
кейбір
айырмашылықтар
орын
алғандықтан, Аллаһ тағала:
«Сендерден әрбір (үмбет)
үшін шариғат және жол белгіледік» 5 , – деп ескерткен.
Пайғамбарларға иман келтіру төрт негізден тұрады: Бірінші: Олардың пайғамбарлығы, шын мәнінде, Аллаһ тағала
тарабынан екендігіне иман келтіру. Бұл жердегі және бір басты
жайт – бүкіл пайғамбарларға деген сенім. Кім олардың біреуіне
иман келтірмесе, барша пайғамбарларға күпірлік танытқанмен
барабар. Аллаһ тағала Құран Кәрімде:
«Нұхтың елі де елшілерді жалғанға шығарды» 6 , – деп ескертеді.
Нұх (аләйһис-сәләм) өз еліне жіберілген жалғыз пайғамбар
еді. Аят мағынасы оған иман келтірмегендердің әрекеті барша
пайғамбарларды да жоққа шығарғанмен бірдей дегенді меңзейді.
Екінші: Пайғамбарлардың ішінен есімдерін білетінімізге де,
білмейтінімізге де иман келтіру – парыз. Аллаһ тағала Құранда
1
«Нұр» сүресі, 54-аят; «Анкабут» сүресі, 18-аят.
2
Таухид – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп сену
және оған ешкімді серік етіп қоспау.
3
Тағут – Аллаһ тағаладан өзге табынатын басқа заттар, пұт-мүсіндер,
шайтан.
4
«Нахл» сүресі, 36-аят.
5
«Мәида» сүресі, 48-аят.
6
«Шұғара» сүресі, 105-аят.