43
далалық жерде тұрды. Ал қалған балалары тау етегін мекендеді.
Таулы аймақта тұратындардың еркектері көрікті, ал әйелдері
көріксіз еді. Керісінше, дала тұрғындарының әйелдері көрікті, ал
еркектері ұсқынсыздау келетін. Сонда шайтан бір далалыққа
қызметкер бала кейпінде келіп, оның қолында жалданып қызмет
істеді. Сол бала
(Ібіліс)
оларға күйлер мен әуендер үйрете
бастады»
, – деп айтқан.
Ол сыбызғы сияқты үрлемелі бір аспап ойлап тауып, одан
адамдар бұрын естімеген бір күй шығарды. Бұл әуен таудағы
адамдардың құлағына жетіп, тыңдай бастады. Сондай-ақ
Қабылдың қауымы бәрі жиналып, әйелдері еркектері үшін
сәнденетін
бір
мейрам
ұйымдастырды.
Таудағылар
далалықтардың әйелдерінің әдемілігін көріп алданды. Сөйтіп,
таудағы еркектердің кейбірі далаға жасырын жол тарта бастады.
Ал Адамның ұлы Шистің шариғатында Қабылдың ұл-
қыздарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған-ды. Алайда
кейбіреулер азғыруға түсіп, бұл тыйымға бағынбады. Далалық
әйелдердің әдемілігі нәпсілерін қоздырып, оларға ұрланып
баратын болды. Басында олар жақындап келіп, сырттан көз
тастайтын. Кейіннен тауда тұратындардың бірі мереке кезінде
келіп, далалық әйелдердің әдемілігін көріп,
таңғалып
жолдастарына хабар берді. Әйелдер де таулық еркектерді ұнатып
қалды. Сөйтіп, екі жақ бір-бірімен араласа бастады. Ақырында
бұзықтық жайлап, адамзат қоғамында зина орын алды. Ибн
Аббас:
«Аллаһ тағаланың
Достарыңызбен бөлісу: