Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет38/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
Идрис дүниеден өткеннен кейін жер бетіне ұзақ уақыт 
пайғамбар жіберілмеді. Адамдар Адам, Шис және Идристің 
(оларға Аллаһтың сәлемі болсын) шариғатымен ғұмыр сүріп 
жатты. 


46
 
 
НҰХ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Алғашқы пұтқа табынушылық 
Уақыт өте келе халық арасында бұзақылық тарады. Дегенмен 
адамдар Аллаһты жалғыз деп білетін. Адам дүние салғаннан мың 
жылға дейін жер бетінде пұтқа табынушылық болмаған. 
Сондықтан Аллаһ тағала: 
«Адам баласы бір үмбет еді»
1
, – деген. 
Бұл аралықта адамдар таухидте жүргенмен, қылмыс пен 
бұзақылық көбейді. Дегенмен олардың арасында ізгі кісілер де 
бар еді. Адамдар оларды құрметтеп, тағзым ететін. Дәл қазіргі 
кездегі сияқты адамдар ғалымдар мен ізгі адамдарды сыйлады, 
бірақ күнә істеулерін жалғастыра берді. Қазіргі таңда да халық 
арасында осы әдет қалыптасқан.
Ізгілерді шектен тыс дәріптеу адамзат тарихында алғаш 
ширктің бас көтеруіне себеп болды. Имам әл-Бұхари Аллаһ 
тағаланың 
«Олар: «Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уадты, Суағты, 
Яғусты, Яғуқты және Нәсірді әсте тастамаңдар», – деседі»
2
деген сөзінің тәпсірінде Ибн Аббастың 
«Бұлар – Нұх 
пайғамбардың қауымындағы ізгі адамдардың есімдері. Олар 
дүние салған уақытта, шайтан олардың қауымын азғырып: 
«Олардың мәжіліс құрған орындарына 
(ескерткіш ретінде)
белгі 
тас қойыңдар және ол тастарды сол адамдардың атымен 
атаңдар!» – деді. Олар солай істеді. 
(Бұл Уад тасы, ал мынау 
Яғуқ пен Нәсірдің және т.с.с. тасы деп аталды)
. Бірақ оларға 
табынбады. Осы тастардың тарихын білетін адамдар дүниеден 
өтіп, кейінгі ұрпақтар дүниеге келді. Олар бұл тастардың 
қиссасынан хабарсыз еді. Олар тастарды тәбәрік деп білетін. 
Бұл тастардың не үшін қойылғаны туралы мәлімет ұмыт 
болып, оларға табынды»
деген сөзін келтірген.
1
«Бақара» сүресі, 213-аят. 
2
«Нұх» сүресі, 23-аят. 


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет