Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


біз сендерге оны өздерің қаламасаңдар да, зорлап



Pdf көрінісі
бет42/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

біз сендерге оны өздерің қаламасаңдар да, зорлап 
қабылдатамыз ба?! Ей, елім! Сендерден бұл үшін мал-дүние 
1
«Нұх» сүресі, 21-24 аяттар. 


50
 
 
сұрамаймын. Алар ақым – Аллаһта ғана. Ал мен иман 
келтіргендерді қумаймын. Өйткені олар – Раббыларына 
жолығушылар. Бірақ мен сендерді надандық істеп тұрған 
қауым ретінде көремін. Ей, елім! Егер мен оларды қусам, 
мені Аллаһтан кім қорғайды? Түсінбейсіңдер ме?! Сендерге: 
«Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін, мен ғайыпты 
да білмеймін. Мен бір періштемін демеймін және көздеріңе 
ілмейтіндерге: «Аллаһ сендерге жақсылық қылмайды», – деп 
те айтпаймын. Аллаһ олардың көкейлеріндегіні жақсы біледі. 
Онда 
(егер оларды қусам)
, мен залымдардан боламын», – деді. 
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен жанжалдасып, талас-тартысты 
көбейтіп жібердің. Шын айтқан болсаң, енді бізге бопсалаған 
нәрсеңді келтір», – деді. 
(Нұх)
: «Егер қаласа, оны сендерге 
Аллаһ қана келтіреді. Сендердің 
(одан бас сауғалауға)
 әлдерің 
келмейді. Егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, сендерге 
насихат айтуды қаласам да, насихатым сендерге пайда 
бермейді. Ол – Раббыларың, сендер Оған қайтарыласыңдар», 
– деді»
1

Сонымен, Нұх пен қауымының ортасында қарама-қайшылық 
туындады. Аллаһ тағала:
«
(Мұхаммед!) 
Оларға Нұхтың хабарын оқы. Ол 
қауымына: «Ей, елім! Араларыңда тұруым, Аллаһтың 
аяттарын үгіттеуім сендерге ауыр келген болса, онда өздерің 
және серіктерің ойларыңа алған іске бекініңдер, ал мен 
Аллаһқа тәуекел еттім. Сосын істерің өздеріңе мұң болмасын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет