Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет89/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

 
 
дейді. «Саған бір өсиет айтты ма?» – дейді Исмаил. Әйелі: «Иә, 
ол саған сәлем жолдады және есігіңнің табалдырығын бекітуіңді 
тапсырды», – деді. Сонда Исмаил оған: «Ол – менің әкем. Сені 
өзімде ұстауымды бұйырған екен», – депті.
Құрбандық оқиғасы 
Ибраһимнің Меккеге жасаған сапарларының бірінде адамзат 
тарихындағы аса бір ұлы оқиға жүзеге асты. Ол қасиетті аймақта 
ұйықтап жатып аян алды. Түсінде өз баласын бауыздап жатқанын 
көреді. Ибраһим пайғамбарлардың түсінің шындық екенін 
білетін
1
. Сондықтан ешбір екіленбестен осы бұйрықты орындауға 
кіріседі. Аллаһ тағала бұл ұлы, ғажап оқиғаны бізге Өз кітабында 
былайша баян етеді: 
«
(Ибраһим)
: «Мен Раббыма қарай барамын, Ол мені тура 
жолмен жүргізеді. Раббым! Маған ізгілерден 
(бір ұл) 
бер», – 
деді. Сонда Біз оны өте кеңпейіл бір ұлмен қуанттық. 
(Баласы)
 
өзімен бірге әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Ей, балақайым! 
Мен түсімде сені бауыздап жатқанымды көремін. Қарашы, не 
ойлайсың?» – деді»

Сонда Исмаил: 
«Ей, әкетайым! Өзіңе бұйырылғанды 
орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», – 
деді»
2

Ибраһим пайғамбар Аллаһтың бұйрығына бойсұнып, Оның 
әмірін орындау үшін шыққанда, оған жамрат әл-ақабада
3
шайтан 
кездесіп, бұл ойынан қайтармақ болады. Ибраһим оны жеті тас 
лақтырып қуып жібереді. Ибраһим екінші жамраға жеткенде, 
шайтан тағы алдынан шығады. Бұл жолы да Ибраһим оны жеті 
1
Ибн 
Аббастан 
жеткен 
хадисте 
Пайғамбар 
(с.а.с.): 
«Пайғамбарлардың түстері – уахи», – деген (әл-Бұхари). 
2
«Саффат» сүресі, 99-102 аяттар. 
3
Минадағы шайтанға тас лақтыратын үш орынның үлкені. 


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет