Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Білгін! Расында, Аллаһ аса Үстем, өте Дана»



Pdf көрінісі
бет98/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

Білгін! Расында, Аллаһ аса Үстем, өте Дана»
2
, – деді. 
Сонда Ибраһим құстарды шақырды. Сол кезде оның көз 
алдында құстардың денесі жиналып, бассыз бейнелене бастады 
да, артынша Ибраһимге келіп, бастарын алып ұшып кетті. Иә, 
әлбетте, Аллаһ тағаланың әрбір нәрсеге құдіреті жетеді! 
Ибраһимнің дүние салуы 
Исмаилдың анасы Ажар әкесі Ибраһимнен бұрын дүние 
салды. Ол Меккеде жерленген. Ибраһим оның қазасына қатты 
қайғырды. Кейін жүз жиырма жеті жасында Сарра дүние салды. 
Ибраһимге оның қазасы да ауыр тиді. 
Ал жүз жетпіс бес жасқа қараған шағында Ибраһим өзі 
фәнимен қош айтысты. Ұлдары Исмаил мен Исхақ әкелерін 
1
«Бақара» сүресі, 260-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 260-аят. 


111
 
 
қазіргі кезде «әл-Халил» деп аталатын Хабрун деген жерге 
жерлеген. 
Ибраһимнің қадір-қасиеттері 
Ибраһимнің жоғары қадір-қасиеттері туралы Құран Кәрім мен 
хадистерде көп айтылған.
Оның ең ұлы қасиеттерінің бірі ол – Халил әр-Рахман 
(Рахманның досы).
«Аллаһ Ибраһимді дос тұтқан»
1
.
Хилла (достық), бұл – жүректің махаббатқа толуы. Ал достық 
махаббаттан жоғары тұрады. Ол Аллаһтың өте жақсы көрген 
пенделерінен еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп жерде өзінен кейін елшілердің 
абзалы Ибраһим екендігіне ишара еткен. Пайғамбар (с.а.с.) 
Қиямет күні өзіне барша адамдардың, тіпті Ибраһимнің де 
қызығатынын айтқан. 
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен 
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Адамдар 
(Қиямет күні)
 
жалаң­аяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналады. 
Сонда ең бірінші киіндірілетін – Ибраһим»
, – деген
2

Сонымен қатар ол Аллаһ тағаланың әмірлерін толық жүзеге 
асырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет