ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет128/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   382
Байланысты:
Философия

эмпириялық түпнегізді
және табиғаттың барлық 
денелері құрайтын 
философиялық түпнегізді 
ажыратып көрсетеді.
Ойшылдың пікірі бойынша, материя – ол тіпті қозғалуға да 
қабілетсіз, орасан үлкен өлі кесек. Ал олай болса, қозғалыс пен өмірді 
кім тудырды? Әрине, Құдай, оның бар екеніне ешқандай күмән тумаса 
керек. Егер айналаға мұқият зер салсаңыз, Оның биік даналығы мен 
құдіретін сезетініңіз соншалықты, оны дәлелдеп жатудың еш қажеті 
жоқ. Алайда Құдай туралы: «Ол дене ме, әлде таза рух па?» – деген 
сұраққа жауап беру мүмкін емес.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дж.Локк 
таным туралы ілімінде 
дәйекті 
сенсуалист
(лат. sens – сезім), яғни тәжірибеге негізделген, 
сезімдік танымның жақтаушысы болды, өйткені «бұрын сезімдерде 
болмаған нәрсе парасатта да жоқ». Оның ойынша, кез келген идеяның, 


142
кез келген білімнің негізінде адам қолымен жасалатын тәжірибе жа-
тыр. Тәжірибелер саналы және санадан тыс өтуі және адамның жанын-
да жинақталып жатуы мүмкін. Сондықтан да ол «туа біткен идеялар» 
деп аталатындар туралы теорияны сынға алған. Мысалы, «Бүтін өзінің 
бөлшектерінен үлкен» деген ереже адамдардың өмірлік тәжірибесінен 
шыққан. Егер «теңдестіру» және «қайшылықтар» заңдарын алатын 
болсақ, балаларымыз тіпті олардың бар екенін де білмейді. Сөйтіп, 
егер адамның жанында ешқандай да туа біткен идеялар жоқ болса, 
онда ол – 
таза тақта
(лат. – tabula rasa). Адам өзінің өмірлік тәжірибесі 
барысында оны тәжірибе нәтижесінде жинақталған білімдерімен тол-
тырады. Бұл адамның сыртқы тәжірибесі (ағылшынша – sensation – 
сезім). Ал сонда «адам жанының толқындары» деп аталатындарды
оның қиялдарын, идеяларын қайда жібереміз? Ойшыл оларды жоққа 
шығармайды және ішкі тәжірибе (ағылшынша – reflection – бейнелеп 
көрсету) деп санайды.
Дж.Локк заттардың алғашқы және екінші реттік қасиеттерін ажыра-
тып көрсетеді. Алғашқылар – заттардың өздеріне жататын және олар-
дан ажырамайтындар. Мысалы, салмақ, пішін, өткіштік, қаттылық 
және т.б. Екінші реттік қасиеттер – олар өне бойы өзгеріп тұратын ды-
быстар, түстер, иістер. Біз оларды өзіміздің сезім-түйсіктеріміз арқылы 
табамыз: қызыл, жасыл түстерді көреміз, қатты, ақырын шыққан ды-
быстарды естиміз. Бірақ олардың негізі, шамасы, заттардың бастапқы 
қасиеттерінің әртүрлі қосылыстарында жатса керек.
Келесі – бұл жалпының мәселесі. Әлемде нақты, дара заттар бар. 
Жалпы – ол заттардың ортақ қасиеттерін дерексіздендіру, жалпылау 
нәтижесінде пайда болып, халық тілінің сөздерінде бекиді.
«Тілдің жалпыазаматтық және философиялық жақтары бар. Адам-
дар тілдің көмегімен бір-бірлерімен әртүрлі қатынастарға түсіп жата-
ды, әлдебір жаңалықтарды бір-бірлеріне жеткізеді, сезімдерін білдіреді. 
Бұл – тілдің азаматтық қызметі.
Ал егер тілдің философиялық маңызы туралы айтар болсақ, онда 
бұл жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет