Саясаттану



Pdf көрінісі
бет43/52
Дата17.10.2023
өлшемі1,36 Mb.
#117141
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Байланысты:
httpkaskasu.kzwp-contentfilesotemisov karabala saisat.pdf

түрлерін
анықтау теориялық және 
практикалық қажеттілікті білдіреді. Шиеленісті түрлерге бөлудің әртүрлі 
негіздері бар. 
Субъективтілігі
бойынша шиеленіс мемлекеттер аралығында 
болуы мүмкін (мемлекетаралық), 
ұлттар
арасында (ұлтаралық, этникалық), 
таптар арасында (тапаралық), 
конфессиялар
арасында (діни), 
нәсілдер
арасында (нәсілшілдік), шиеленісуші жақтар арасындағы қатынастар саласы 
бойынша (саяси, әскери, экономикалық, сауда, қаржы, кеден және басқалары), 
көлемі бойынша (халықаралық, аймақтық, жергілікті) және т.б. болып бөлінеді. 
Шиеленіс түрін көп жағдайда оның құралдары, амалдары, қалыптасу 
және шешу жолдары айқындайды. Айта кету керек, барлық қоғамға бірдей 
шиеленістер мәселелерін зерттейтін саяси институттардың қалыптасқан жүйесі 
жоқ. Әлеуметтану және саясаттану ғылымдары жоғары дәрежеде дамыған деп 
саналатын елдердегі саяси институттар шиеленістердің әрқилы түрлерін дер 
кезінде шешіп қана қоймайды, сонымен бірге оларға алдын
-
ала болжам 
жасайды. 


135
Өкінішке орай, әлемнің көптеген елдерінде осындай ғылыми орталықтар 
жоқ, соның салдарынан саяси шиеленістер бақылаудан шығып кетіп, асқынуға 
дейін барса, кейбір жағдайда қантөгістік сипат алуы да мүмкін. 
Саяси шиеленістер өзінің дамуы барысында әртүрлі кезеңдерден өтуі 
мүмкін, осыған сәйкес олардың алдын алу үшін әртүрлі іс
-
шаралар қолданылуы 
тиіс. 
Бірінші кезең

шиеленіс негіздерінің орын алуы, шиеленіс әлі болмаса да 
оның себептерінің жинақталуы. Мысалы, ұлтаралық қатынастарда тұрғылықты 
жерде құқықтық қолдау алмаған стихиялық демографиялық процестер немесе 
белгілі бір этностардың өзіндік санасының өсуі. 
Екінші кезең

біліну кезеңі. 
Шиеленіс жоқ, алайда әрқилы топтардың талаптары, қарсылықтары айтыла 
бастайды. 
Үшінші кезең

көріну кезеңі. Алғашқы дүмпулер, алғашқы 
қақтығыстардың басталуы.
Осыдан кейінгі басқа кезеңдер, мысалы, ашық қарсылық білдіру, 
қақтығыс кезеңінің болуы да мүмкін. Ал шиеленістің ең соңғы кезеңі 

бұл 
ушығу кезеңі. Соңғысы қарсылық көрсетуге адамдардың үлкен шоғырын 
жұмылдырумен, 
шиеленіс 
аймағының 
ұлғайтуымен 
ерекшеленеді, 

өркениеттілік” түрінен қарулы күреске көшіп, қарсыласқан екі жақтың да 
өмір
-
тіршілігіне нұқсан келуі мүмкін. Адамдардың үлкен шоғыры тартылып, 
ушығу сипатындағы шиеленістерге бұрынғы Югославия провинцияларындағы 
соғыс, Ауғанстандағы әскери қақтығыстар, грузин
-
абхаз
-
осетин, СУАР 
шиеленістері және т.б. соғыстар жатады.
Саяси ушығу кезеңіндегі шиеленістер көбінесе бір қоғамның ішінде кең 
орын алады. Мысалы, қылмыскерліктің ұйымдасқан түрі өсуі, сыбайлас 
жемқорлық, армиядағы әлімжеттік жасау. Шиеленістің мұндай түрлерінің 
жеңіл және тез шешілуі қиын, себебі олар ұзақ жылдар бойына қордаланған. 
Олар алғашқы кезде байқалмайды, іштен асқына береді. ТМД мемлекеттерінің 
кейбіреуінде бұл аяқ астынан пайда болғандай көрінуі мүмкін, алайда олардың 
түбірі ондаған жылдар бұрын тамырланған болатын. 
Саяси шиеленістердің негізгі себептері 

материалдық игіліктердің, 
құндылықтардың, биліктің жеткіліксіздігі кез
-
келген, тіпті дамыған қоғамның 
өзіне де тән құбылыс. Сондықтан әлеуметтік шиеленістерге әдеттегіден тыс 
жағдайға (аномалияға) қарағандай қарауға болмайды. Керісінше, әлеуметтік 
шиеленіс ақыр соңында саяси қарым
-
қатынастарды жетілдіреді. Адамзат 
тарихының ең ерте кезеңінде тіпті мемлекет сияқты саяси институттарды 
туындатып, дамытуға ықпал жасаған әлеуметтік шиеленістер болды. 
Шиеленістердің ұдайы шешіліп отыруы қоғамдағы қарама
-
қайшылықтарды 
жою үшін мекемелердің қарқынды дамуына жол ашады.
Егер қоғам ішіндегі шиеленісті факторлар болмаса және әлеуметтік 
қатынастар орнықты, ешбір мінсіз үндесіп тұрса, ол кезде шиеленістерді 
ауыздықтау мен реттестіру функцияларын атқаратын саяси институттардың 
пайда болуын және олардың қызметтерінің қажеттілігін немен түсіндіруге 
болады? Бұның ең қысқа жауабы: шиеленісуші әлеуметтік топтар мен таптар 
арасындағы билік айтушы, араша болушылар (арбитр) ретінде мемлекет , саяси 
билік, саяси жүйе пайда болды. Сондықтан әлеуметтік шиеленіс 

қоғамның 
саяси дамуының негізі болып табылады.


136
3. 
Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары
Шиеленістердің көптеген түрлерінің ішінде әлемде неғұрлым кеңінен 
таралғаны және неғұрлым өткірі болып ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер 
саналады. Әлемдік көлемде олар әрқилы аймақтарда орын алуда. Дүние 
жүзіндегі адамдардың көпшілігі көп ұлтты мемлекеттерде өмір сүреді. Бүгінде 
әлемде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар, этникалық топтар, 200
-
ден астам 
тәуелсіз мемлекеттер бар. Олар диалектілерімен қоса үш мың тілде сөйлейді. 
Бірқатар елдерде (әзірге көп те емес) ұлтаралық шиеленістерге болжам 
жасайтын арнаулы институттар жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өзінше 
мамандандырылса да нақты қоғамдық себептерге негізделген қызметтерінің ең
жалпы бағыттарын атауға болады, олар: 
1) 
Ұлттық сана
-
сезімнің өсуін есепке алу. Ұлттық өзіндік танымның дамуы 
халықтың саяси және мәдени деңгейінен туындайды. Көптеген халықтардағы 
интеллигенцияның, студенттердің, ұлттық кадрлардың үлес салмағының жедел 
өсуі олардың ұлттық өзіндік танымының жоғарылауын “бағдарлайды”. Осы 
аталған әлеуметтік этникалық топтардың мүддесіне құқықтық қолдаудың қағыс 
қалуы шиеленісті жағдайға соқтыруы мүмкін. 
2) Демографиялық процестер мөлшері. Оған өндіргіш күштерді ұтымды 
орналастыру, бәрінен бұрын өндірісті барлық ұлттық аймақтарда тепе
-
тең 
қалыпта дамыту мәселесі. Байқалып жүргендей халықтың онсыз да еңбек 
ресурстарының аса азшылығы қалыптасқан аймақтарға басқа жақтардан жұмыс 
қолдарының ағылуы шиеленістік жағдайларға әкеліп соқтырады. 
3)
Федерация шеңберінде автономиялар құқығының әртүрлілігі. Мысалы, 
КСРО жағдайында автономияның 4 түрі болды: одақтас республикаға 
– 15, 
автономиялық республика 

20, автономиялық облыс 

8 және автономиялық 
округ 

10. Тәуелсіздік идеясы тұсында автономиялардың осындай әрқилы 
мәртебесі дискриминация ретінде қабылданды. Одақтас республикалар мен 
автономиялардың құқығы бірдей болмай алшақ тұрды, ал автономиялық 
облыстар мен округтердің Конституциясы болған жоқ. Оларда тұратын 
халықтардың ұлттық мүдделері мен құндылықтарын қорғау мүмкіндіктері 
әрқилы болды.
4)
Халықтың ұлттық мәдениеті мен ұлттық психологиясын мемлекет 
деңгейінде талдау. Ұлттық мәдениет және психология саласы дербес құбылыс. 
Мемлекет бір саяси режимнен екіншісіне өтуі мүмкін. Сөйтсе де бұдан 
халықтың психологиясы өзгермейді. Ф.Энгельс айтқандай, “ұлттың ұлттық 
тегі” өзгерістерге бәрінен аз тартылған. Осы заңдылықты еске алмайынша 
мемлекеттің нәтижелі ұлттық саясатының болуы мүмкін емес. 
Ұлттық фактордың тарихи тұрақтылығы, қоғамның әлеуметтік
-
экономикалық 
дамуы және этнос өмірі арасындағы қатынастардың қайшылыққа соқтыру қаупі 
бар. Яғни, ұлттық қатынастар саласында жалпы және жеке танылған даму 
тенденциялары, заңдары қызмет етеді. Сондықтан оларды танып
-
білу өте 
күрделі, сол себепті күтпеген жерден кездейсоқ туындаған шиеленіс болып 
көрінеді. 


137
5)
Экономикалық факторлар, бастапқыда біз айтып өткеніміздей, 
шиеленістердің негізгі себептерінің бірі, ол материалдық игіліктердің 
жеткіліксіздігінен туындайды. Кейбір қағидадағыдай “таза ұлтшылдық” 
болмайды, ұлтаралық шиеленістердің себептері экономикалық мәселелерге 
тіреледі. Мысалы, елді орталыққа және провинцияларға бөліп, шет 
аймақтардың экономикасының артта қалуына жол берілсе, әсіресе осы шет 
аймақтар ұлттық азшылық сипатында болатын болса бұл ұлтаралық шиеленіс 
тудыруы мүмкін.
Ұлттық қатынастарды үндестікпен дамытудың жолдарын талдағандағы 
ең басты мәселе 
-
ұлттар ынтымақтастығының негізі, ол қоғамды 
демократияландыру болып табылады. Ұтымды ұлттық саясат жүргізудің 
барлық басқа да жолдары қоғам өмірін демократияландырумен байланысты. 
Себебі, әлемдік тәжірибе бойынша демократиялық принциптер жеке тұлғаның 
ұлттық
-
этникалық жағынан қиянат көрмеуіне кепілдеме береді. 
Ынтымақты ұлтаралық қатынастардың жоғарыда айтылған жолдары 
айқын бағдарланған ұзақ мерзімді және тұрақты сипат алуы тиіс. Алайда, біздің 
өмірімізге ақиқатпен қарағанда, әлемдегі әртүрлі мемлекеттерде ұлтаралық 
шиеленістер орын алған фактілер көп кездесіп отыр. Сондықтан бұндай 
жағдайларға саяси болжам жасайтын мекемелердің ұсыныстарын сарапқа 
салып, ұлтаралық шиеленістерді шешудің төмендегі әдістері ұсынылады:
1.
Біріккен 
экономикалық 
орталықтандырылмаған 
инфрақұрылым 
ынтымақтастығын құру (келісім).
2.
Мәдени инфрақұрылым келісімін құру (консенсус): қостілділік, ұлттық 
мәдениет қоғамдары, халық шығармашылығы фестивалдары. Қазақстан 
жағдайында 

бұл Қазақстан халықтарының форумы, халықтар бірлігі 
мен келісімінің Ассамблеясы. (Қазақстан халқы Ассамблеясы), 
Қазақстанда 
өткізілген 
әлемдік 
және 
дәстүрлі 
діндер 
мен 
конфессияларының жетекшілерінің съездері.
3.
Аймақ ашықтығын ұлғайту: ішкі байланыстарды кеңейту, экономикалық,
мәдени және өзге де байланыстарды (туризм, спорт, ғылыми) дамыту, 
яғни, “біздер 
-
олар” принципіне өзіндік үлгіде қарсы тұру. Мысалы, 
Қазақстанда басқа мемлекеттің қалаларымен ашық көлік қатынасын ашу 
т.с.с.
4.
Шиеленісті шешуде үшінші жақтың қатысуы. Шиеленіс асқынып, 
қарсыластар бірімен
-
бірі татуласпаған жағдайда “үшінші соттың” қатысу 
қажеттілігі туады. БҰҰ, ЮНЕСКО, ел басшыларының аумақтық, 
мемлекетаралық шиеленістерді реттеуге қатысуы.
5.
Ұлтаралық қатынастарды ізгілендіру. Шиеленісушілер арасындағы 
келіссөздерге жұртшылықты, жазушыларды, ғылым мен өнер 
қайраткерлерін, әйелдерді, ақсақалдарды, дін қызметшілерін қатыстыру. 
Әсіресе, олардың бірлескен майдан құрып, нәсілшілдікке, құқық пен адам 
бостандығын бұзушылыққа қарсы күресуі оңды нәтиже береді.
6.
Саяси
-
әкімшілік әдістері. Ол федерализм мен аймақтық автономияны 
құруды жақтайды. Мемлекет территориясында заң актілері аз ұлттық 
халықты кемсіту тұрғысынан қабылданса, пайда болған шиеленісті 


138
аймақтық әкімшілік құрылымына өзгеріс енгізуі арқылы реттеуге 
болады. Мысалы, Ресей жағдайындағы автономиялардың жаңа 
деңгейлерінің пайда болуы. Татарстан, Башқортстан, Бурят, Якут (Саха), 
Қалмақ және басқалары. 
7.
Төтенше шара қолдану әдісі. Яғни, шиеленіс асқынған жағдайда 
қолданылатын шаралар жүйесі: заңсыз әскери құрылымдардың 
таратылуы, күштеуге кінәлілер есебінен немесе оған жол берген мемлекет 
бюджетінен шығынды өндіру, шұғыл түрде қылмыстық іс қозғау. 
Кінәлілерге қарсы ашық және табанды шараларды қолдамайтындар болса 
да, осындай қадамға баруға болады, өйтпесе демократияны сылтауратып, 
жағдайды ушықтырған элементтерді жазаламау, олардың бетімен 
кетушілігі ақырында өкіметті әлсіретеді. 
Ұлтаралық шиеленіс дағдарысынан шығудың неғұрлым тиімді және 
негізгі әдістері осындай. Тұтастай алғанда бұл күрделі теориялық және 
практикалық мәселе. Медицинадағы сияқты
,
оны емдеуге қарағанда
,
алдын алу 
әлдеқайда нәтижелі. Ол үшін, ең алдымен шиеленістерді зерттеу және болжау
ғылыми орталықтары қажет. Сонымен бірге ұлтаралық қатынастар ахуалы көп 
ретте, түгелдей болмаса да
,
саяси, демократиялық мәдениет деңгейіне 
байланысты. Әлемнің әрқилы аймақтарында белгілі бір топтардың мүддесі 
үшін қызмет ететін жалдамалы элементтер, лаңкестер, экстремистер ішінара 
кездесіп отырады. Саяси мәдениеті мен білімі жоғары адам бұған жол бермесе 
керек. Олай болса
,
қоғамда неғұрлым келісімді іс
-
қимыл болуы және
шиеленістер қиратушы сипат алмауы үшін қоғамның тұтастай дайындықта 
болуы

әрбір азаматтың білімі
,
мәдениеті және гуманитарлық саяси деңгейінің
жоғары болуы қажет. 
4. Саяси шиеленістер және оппозиция 
Қоғамдағы саяси шиеленістер деңгейі көп жағдайда легитимді 
(заңдастырылған) 
оппозицияның 
қалыптасуына 
байланысты. 
Бұл 
демократиялық режимнің ажырамайтын бөлігі. Шет елдік саясаттанушылар 
“демократияның бал айы” деген ұғым енгізіп, оппозициялық демократиялық 
күштердің 
табысқа 
жетулерін 
оппозицияның 
легитимді 
болуымен 
байланыстырады. 
Қазақстан 
жағдайындағы 
саяси 
оппозиция 
мәселелері 
біздің 
ғылымымызда әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Саяси пікірталастық, 
көппартиялылық және оппозиция ұзақ уақыт бойы саяси өмірге зиян келтіруші 
құбылыс 
деп 
саналды. 
Тоталитарлық 
жүйенің 
күйреуі, 
қоғамды 
демократияландыру барысында жаңа саяси күштер мен олардың саяси 
құрылымдары пісіп жетілді. Саяси тәжірибеде, авторитарлық режимдер 
жағдайында пікір
-
таластықты шектеу қоғамдағы шиеленісті және дағдарысты 
жағдайлардың туындауына, өкіметке деген сенімсіздіктің артуына әкеліп 
соқтыратыны белгілі. Оппозициялық құқық 

ашық саяси күреске құқығы бар 
саяси партиялардың, бірлестіктердің өзара іс
-
қимыл жүйесінің болуы. Мұндай 
жағдайларда саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің арасында 


139
өкіметтік билік үшін белгіленген уақыт аралығында заң арқылы бәсекелесіп, 
саяси шиеленістерді болдырмай ескі биліктің заңмен алмасу мүмкіндігін 
тудырады. Бұның бәрі мемлекет Конституциясы шеңберінде болатын саяси 
күштерге қажетті қарсы мүдденің және саяси мекеме ретіндегі ресми түрде 
танылған оппозицияның қалыптасқан жағдайында өтуі мүмкін. 
Тоталитаризмнен демократиялық саяси жүйеге өту сатысы ұзаққа 
созылатын және қиыншылыққа толы күрделі процесс. Ол бірқатар шарттарға 
негізделген. Атап айтқанда, бұған қоғамдағы саяси күштердің өзара іс
-
қимылын, саяси мәдениеттің даму деңгейін, саяси өмірдің барлық 
салаларындағы қажетті жаңартулар енгізудегі саяси биліктің шешім қабылдау 
деңгейін жатқызуға болады. Қазақстанның бұрынғы бірпартиялық жүйеге 
бейімделуі себебінен біздің қоғамымыздың әртүрлі жіктерінің саяси мүддесінің 
бәсеңдігінен, адамдардың барлық саяси жағдайларға бейім еместігі сипатына 
орай саяси пікірталас және көппартиялық жүйе құру жолында көптеген 
қиындықтарды жеңуге тура келеді. 
Саяси тәжірибе мен ғылымда оппозицияның әртүрлі сипаттағы түрлері 
мен белгілері бар. Атап айтқанда, өкімет жүйесіндегі қатынас тұрғысында 
-
локальды және турашыл; қимыл орны бойынша 

парламенттік және 
парламенттік емес; қимыл сипаты бойынша 

жүйелі және кездейсоқ оқиғаға 
негізделген оппозиция. Парламенттегі оппозиция саяси міндеттердің үлкен 
көлемін жүзеге асыруды көздейді, олар: үкіметке және ол жетекшілік ететін 
органдарды бақылауды жүзеге асыру, үкімет саясатын немесе үкімет 
бағдарламаларын сынау, бағдарламадағы баламалы саясатты талдау, қабілетті 
саясатшыларды іріктеу, олардың парламентте “тұсауын кесу” және үкімет 
алмасқан жағдайда оларды “көлеңкелі кабинетке” енгізу. Кез
-
келген 
оппозицияның тиімділігі қоғамда алатын орнына, оның ішінде бірлестіктердің, 
бостандығын заңды түрде нығайтуға, парламенттік азшылықтың құқығын 
қорғауға, парламенттік шешімдерді немесе парламент қабылдаған заңды 
актілерге тосқауыл қоюға тұрғындардың белгілі бір топтарының қоғамдық 
пікірін жұмылдыру арқылы парламенттік оппозиция жағына тартуға 
байланысты. Осындай оппозициялық бастамалар мен талаптар заңдастырылған 
жағдайында ешқандай әлеуметтік, оның ішінде ұлттық топтардың мүдделері 
ескерусіз қалмайды. Нәтижесінде демократиялық режим жағдайында 
оппозиция аталған мақсаттар бойынша үкіметтік шешімдер қабылдауға қол 
жеткізе алады. Шетелдік саясатшылар парламенттегі күштердің барлық 
мүмкіндігін жұмсау арқылы атқарушы өкімет органдары мен олар қабылдаған 
шешімдердің легитимдігін пайдалануы үшін “оппозициялық құрылым” жүйесін 
қалыптастырады. 
Ықпалы күшті оппозицияның болмауы және өкіметтің төмен легитимдігі 
саяси жүйенің әлсіреуіне әкеліп соғады. Осы жағдайда азаматтардың саяси 
белсенділігі жоғарылап, шыдамсыз іс
-
әрекеттер көбейеді, бұны лаңкестік және 
экстремистік топтар өздерінше пайдаланып саяси процестерді шиеленістіруге 
ұмтылады. Ал конструктивтік оппозиция басқарушы партияларға тиімді, 
қажетті стратегиялық және тактикалық баламалар ұсынады. Сондықтан қазіргі 
демократиялық саяси жүйе шеңберінде олардың бәсекелестігі қоғамдағы және 


140
парламенттегі күштердің қауіпті шиеленісін болдырмайды. Бұған 
қарсыластардың мүдделерін білдіретін және мүмкін болатын саяси шегіністер 
мен осы саяси ұтылыстар үшін өзара есе қайтару сипатын білдіретін
позицияларды талдау ықпал етеді. 
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда саяси күштердің өзара қатынасының 
өркениетті сипатын қамтамасыз ететін саяси мәдениет, саяси процестердің 
тұрақтылығы мен өзгерістерінің органикалық тұтастығы; қоғам мен мемлекет, 
әлеуметтік жіктер мен топтар, халықтар мен ұлттар, азаматтар мен мемлекет 
арасындағы келісілген өзара қатынас маңызды роль атқарады. 
5. Консенсус 

шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
«Консенсус» сөзін латыншадан аударғанда «келісім», «бірауыздылық», 
«бірігіп қатысу» деген ұғымды білдіреді.Консенсустың негізгі шарты болып 
өзінің жеке мүддесіне жетудің алғышарты ретінде өзге мүдделерді мойындау 
саналады, яғни консенсус көп жағдайларда адамгершілік принциптеріне 
негізделеді. Келісушілік 

екі немесе одан да көп көзқарастың және кез
-
келген 
қатынастағы мүдделер бағдарының бірлігі. Саяси 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет