2-китап indd



Pdf көрінісі
бет147/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Үлкен міндет жүктеген
Тіл ғылымының тарихы және оның совет дәуіріндегі дамуы 
өн бойында ұлылық пен қарапайымдылық қатар астасып жатқан 
көсеміміз В. И. Лениннің есімімен тығыз байланысты. Совет үкіметі 
орнаған алғашқы күндерден бастап-ақ, ол қоғам өміріндегі қатынас 
құралы ретіндегі тілдің рөліне ерекше мән берді. Көп ұлтты совет 
еліндегі халықтардың тілін жан-жақты дамытуды күн тәртібіне қойды. 
Соның нәтижесінде совет тіл білімі бұрын-соңды болып көрмеген 
дәрежеге көтерілді, ол совет елінде жасаушы 120 халықтың тілін 
зерттеуіне байланысты толыға, толықтана түсті. Советтік тюркология 
ғылымының бір саласы болып саналатын қазақ тіл білімі де – советтік 
дәуірдің перзенті. ССР Ғылым Академиясының Қазақстан бөлімшесінің 
жанынан 1936 жылы ашылған Тіл секторы негізінде құрылып бүгінде 
үлкен ғылыми коллективке айналған, тіл білімі институты қазақ тілінің 
қалыптасу тарихына, оның грамматикалық құрылымына, дыбыстық 


352
жүйесіне, ұшан-теңіз сөз байлығын, жергілікті тіл ерекшілігін зерттеуге 
байланысты проблемаларды күн тәртібіне қойып, оларды ғылыми 
тұрғыдан шешуде көптеген табыстарға қолы жетіп отырғанын айтуға 
болады. Мәселен, тілші мамандар жиырмасыншы-отызыншы жылдары 
көбінесе қазақ тілінің практикалық мәселелерін зерттеуді қолға алып, 
жаңа қадамын бастаса, қырқыншы-елуінші жылдары қазақ тілінің 
тарихын, сөз байлығын, ал кейінгі алпысыншы-жетпісінші жылдары 
бұған қосымша Орхон-Енисей ескерткіштерін, тіл мәдениетін зерттеу 
саласын дада елеулі жұмыстар істеліп жатыр. Егер 1936 жылы қазақ 
тілі проблемаларымен Қазақстандық филиал жанынан ашылған Тіл 
секторы ғана шұғылданған болса, қазір Тіл білімі институтында он бір 
ғылыми бөлім және лаборатория бар. Олар: қазақ тілі грамматикасы, 
тюркология және қазақ тілінің тарихы, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 
сөйлеу мәдениеті, диалектология, орыс тілінің екі тілдік сөздігі, ұйғыр 
тану, ономастика, қазақ-орыс тілін салыстыра зерттеу бөлімдері және 
экспериментальдық фонетика лабораториясы деп аталады.
Институт 1946 жылы құрылған кезде онда бес-алты ғылыми қызметкер 
жұмыс жүргізген болса, бүгінгі таңда институтта 132 қызметкер еңбек 
етеді. Олардың ішінде 18 филология ғылымының докторы, 58 ғылым 
кандидаты бар. Орта буын және жас кадрларымызға өмірден көргені мен 
түйгені мол Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев тәрізді 
абзал ұстаздармен қатар орта буын, келешегінен зор үміт күттіретін Н. 
Уәлиев, Е. Қажыбеков секілді жас ғалымдар жетекшілік етеді.
Институттың одақтас республикалардағы тіл білімі институттарымен 
байланысы жылдан-жылға нығайып келеді. Атап айтсақ, Ташкент, 
Ленинград, Москва қалаларындағы тіл білімі институттарымен кейбір 
объектілерді бірге зерттеп, қол жеткен табыстар ортақ қуанышқа 
айналуда.
1926 жылы тұңғыш рет тюрколог-ғалымдардың мәжілісі туысқан 
Азербайжан республикасының астанасы – Баку қаласында өткізілген 
болатын. Елу жылдан кейін тюркологияның ІІ мәжілісі 1976 жылы 
Алматы қаласында өткізілді. Келесі мәжілісі 1980 жылы Ташкент 
қаласында өткізілмекші. Мұндай бас қосулар тюркология ғылымының 
бұдан кейін де даму беруіне, сөз жоқ, игі ықпалын тигізеді.
Институтта жыл аяғындағы ғылыми мәжілісінде бес жылға арналған 
перспективалық жоспары бекітілді. Өткен оныншы бесжылдықта 
институт «Тілдің дамуы және қызметі» атты проблема бойынша жүздеген 
(монография, сөздік, жинақ) еңбек жарық көрді. Е. Жанпейісовтың 


353
«Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі» Қ. Өмірәлиевтің 
«XV-XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінің» 4 томы т.б. құнды-құнды еңбектер жарық көрді.
Жоспарда бекітілген тақырыптық зерттеулер мерзімінде ғылыми 
мәжілісте қаралып, талқыланып отырылады. Тек 1979 жылдың өзінде 14 
тақырып тыңдалды. Олардың ішінде үшеуі бітіп отырған тақырыптар.
Жоғарыда аталған проблемалық тақырыптардың зерттелуі сайып 
келгенде ортақ арнаға – тіл ғылымын дамыту мақсатына қызмет етеді.
Тіл білімін зерттеу институты КПСС XXV съезі жүктеген міндеттерді 
абыроймен орындап, тіліміздің байлығын одан әрі дамытуға үлкен істер 
атқара береді.
 «Журналист», 19 май 1980 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет