2-китап indd



Pdf көрінісі
бет152/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Краткий 
грамматический очерк уйгурского языка
” деген атпен 1961 ж. “Уйгурско-
русский словарьдың” қосымшасы ретінде (289-328 б.б.) жарияланған 
болатын.


360
Бұл жас ғалым үшін алғашқы тәжірибе, әрі күрделі еңбек болып 
саналды. Алайда, бұл еңбек ұйғыр тіл білімінің тарихында алғаш рет 
оның толық академиялық грамматикасын ұйғыр тілінде жазуға жол 
ашқан еді. Көп кешікпей Ә.Қайдар (ұйғыр ғалымдары Ғ.Садуақасов пен 
Т.Талиповтармен бірігіп) “
һазирқи заман ұйғыр тили
” (1 қисим, Лексика 
вә фонетика. Алмута, 1963, 264 б.) атты еңбек жариялады. 3 жылдан 
соң бұл грамматиканың екінші бөлімі 
– “һазирқи заман уйғур тили” 
(2-қисим. Морфология вә синтаксис. Алмута, 1966, 455 б.) Ә.Қайдар 
редакторлығымен және ұжымдық авторлығымен жарық көрді.
Бұл еңбектер жалпы түркология және ұйғыр ғалымдары тарапынан 
жоғары бағаланды. Оның бір айқын айғағы: 1) екі томның екеуі де көп 
кешікпей ұйғыр халқының негізгі отаны – ШУАР-да араб жазуымен (сол 
атауымен) қайтадан басылып шықты. 
Көп ұзамай осы екі том ешбір өзгеріссіз үлкен бір том болып, қытай 
тіліне аударылып, ұйғыр тілін үйренушілер үшін оқулық ретінде басылып 
шығады. (“
һазирқи заман уйгур тили
// Пекин, 1988, С. 672; қытайша). 
Ғалым үшін бұл үлкен табыс еді, әрине. 1966 ж. ССРО халықтары 
тіліне арналып, Мәскеуде шыққан “
Языки народов СССР
” атты үлкен 
ұжымдық еңбекте ғалым Ә.Қайдардың тағы бір очеркі – “
Уйгурский 
(новоуйгурский) язык”
(Тюркские языки. М., 1966. т. 2, с. 363-368) жарық 
көреді. Автордың түркология әлеміне кеңінен мәлім болған еңбектерінің 
бірі осы болатын. Ал ғалымның ұйғыр тілі бойынша соңғы қатысқан 
ұжымдық еңбегі – “
Строй уйгурского языка
” (Алма-Ата, “Наука”, 1989, 
c. 4-47).
Ғалым Ә.Қайдардың лингвистиканың бұл “жанрында” қазақ тілі 
бойынша да жазған еңбектері баршылық. Солардың бірі – “
Cовременный 
казахский язык
” (фонетика и морфология. Алма-Ата, 1962, c. 120-129) 
атты ұжымдық еңбек. Ол онда қазақ сөздерінің құрылымдық типтерін 
сөз етеді. Қазақ тілі туралы жазылған автордың “
Казахский язык
” (БСЭ, 
М., 1973, т.2., с. 174-175) очеркі де түркі әлемінде жиі сілтеме жасалатын 
энциклопедиялық анықтамалардың бірі болып жүргені белгілі. Сондай-
ақ 
“Казахский язык” 
деп аталатын көлемді грамматикалық очерктің 
Мәскеуде (Бішкекте қайталанып басылған) “Языки мира. Тюркские 
языки” атты ССРО Ғылым академиясы дайындаған энциклопедиялық 
басылымда (М., 1997, C. 242-254) жарық көрсе, “
Қазақ тілі
” деген үлкен 
еңбегі Қазақстан тарихының жаңа басылымында қазақ және орыс тілінде 
(
“История Казахстана с древнейших времен до наших дней в пяти томах”, 
т. 2,
Алматы, “Наука”, 1997, c. 564-574), сондай-ақ “Қазақ тілі” деп аталатын 


361
энциклопедияда (Алматы, 1998, 208-215 б.б.) жарияланған. Бұлар ғалымның 
бір-бірін қайталамайтын дербес зерттеулері.
“Тіл құрылысы” саласына кейбір грамматикалық, фонетикалық 
нақтылы құбылыстарды сөз ететін мына тәрізді бір топ мақалаларды да 
жатқызуға болады: “
К вопросу о частицах в уйгурском языке” 
(Труды 
Сектора востоковедения АН КазССР. Алма-Ата, 1959, т. І, с. 117-136); “
Случаи 
выпадения неустойчивых согласных в устной речи уйгуров и их отражение 
в письменно-литературном языке” 
(Маловские чтения, Алма-Ата, 1973, c. 
30-33); “
Грамматические индикаторы в производных основах подражаний в 
тюркских языках” 
(Вопросы советской тюркологии. Ашхабад, 1985, c.11-12), 
т.б.
Осы сияқты жалпы тіл құрылысына қатысты еңбектердің қатарына 
ғалымның әдеби тіл нормасына, стильге арналған мына сияқты мақалаларын 
да жатқызуға болады: “
Частицы как стилистическое средство выражения 
экспрессивно-эмоциональных оттенков речи в уйгурском литературном 
языке” 
(сб. “Развитие стилитических систем литературных языков народов 
СССР. Ашхабад, 1968, c. 247-256); “
Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі
” 
(
“Өнер алды қызыл тіл”
. Мақалалар жинағы. Алматы, “Жазушы”, 1986, 
42-56 б.); 
Ғылым тілі және әдеби тіл статусы” 
(Терминдер мен олардың 
аудармалары. Алматы, 1990, 9-21 б.); “
Толғауы тоқсан қызыл тіл
” (“Соц.
Қазақстан”, 1984, 17 авг), т.б.
Айта кету керек, бұл еңбектердің әрқайсысының тіл тануда атқарған 
өзіндік міндеті, тіпті кезінде жазылуына себептері де болғаны белгілі. 
Мәселен, ғалымның “
Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі
” атты көлемді 
мақаласы 1986 ж. Қазақстан жазушылар одағында көркем сөз зергері 
Ғабеңнің (Ғабит Мүсіреповтың) инициативасымен өткен көркем шығарма 
тіліне бағышталған үлкен мәжілісте жасалған баяндамасы болатын. Бұл 
көтерілген мәселенің тіл үшін қай кезде болмасын ғылыми-практикалық мәні 
зор екенін сол мәжіліс көрсеткен болатын.
“Тіл құрылысы” проблемасына қатысты тағы бір өзекті мәселесі – жазу 
мен емле десек, Ә.Қайдардың бұл салада да өзіндік үлесі барлығын көреміз. 
Атап айтқанда, ұйғыр тілінің 1960-жылдары жаңа қабылдаған емле ережесіне 
байланысты (акад. І.К.Кеңесбаевпен бірлесе отырып) айтқан пікірі (
“О новой 
уйгурской орфографии” 
// Изв. АН КазССР, Сер. филол. и икусств., 1960, 
вып. 2, с. 86-93) мен Мәскеуден шыққан (
“Орфография уйгурского языка” 
// Орфография тюркских литературных языков СССР. М., 1973. С. 236-256) 
жинақта жарияланған очерк бұл мәселенің де ғалым тарапынан арнайы 
зерттелгенін көрсетеді.


362
Қазақ тілі алфавитіне
 
қатысты ғалымның жариялаған еңбектері мен 
іс-әрекеттері, пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе 
алуына (1989) және қоғамдағы демократиялық үрдістің дами түсіп, күн 
тәртібіне “алфавитті ауыстыру” мәселесінің қойылуына байланысты дүниеге 
келген болатын.
Біз бұл арада да акад. Ә.Қайдардың ғылымдағы белсенділігін, қоғамдық 
өмірдегі саяси-әлеуметтік өзгерістер мен оның даму үрдісіне сергек 
қарайтындығын аңғарамыз. Ол 1990 жылдың басында алғашқылардың 
бірі болып, қазақ халқының ұлттық жазуын латын әліпбиі негізінде 
қалыптастырудың қажеттілігін баспа бетінде көтерген болатын. Міне, 
содан бері 10 жылдай уақыт өтті. Осы мерзімнің ішінде ғалым латын 
проблемасымен әрдайым шұғылданып келеді. Көптеген мақалалар 
жариялады: “
Латын әліпбиінің болашағы зор
” (“Ана тілі”, 1991, 24-қаңтар); 

Латын жазуына көшу – өмір талабы
” (“Жетісу”, 1.03.1996); “
Кириллицу 
меняем на латиницу?” 
(Азия, 1993, №11); “
Қазаққа латын жазуы керек пе, 
жоқ па?” 
(“Егемен Қазақстан”, 6.01.1996), т.б.
1993 ж. Анкарада өткен 6 түркі мемлекетінің қатысуымен ғылыми 
конференциясында Қазақстан мемлекетінің өкілі ретінде қатысқан акад. 
Ә.Қайдар бұл мәселені ресми түрде көтеріп, Қазақстан Республикасы 
президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына жазған ашық хатында (
“Кемел елге 
кемел әліпби керек” 
// Ана тілі, 1993, 30 желтоқсан) өз ұсыныстары мен латын 
әліпбиінің жобасын жариялаған болатын.
Бұл мәселенің шешілуі, әрине, еліміздегі саяси-әлеуметтік жағдайға да 
байланысты. Үкімет тарапынан да, қоғам тарапынан да істеліп жатқан әрекет, 
шаралар жоқ емес. Бұл мәселені ресми түрде шешілуіне Ә.Қайдар бұдан 
кейін де белсене араласып, үкімет тарапынан құрылған арнайы комиссияның 
(ғылыми тобының) жетекшісі ретінде дайындық жұмысымен шұғылдануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет