Ғылым тілі және әдеби тіл статусы
Бүгінгі таңда дамыған, марқайған, кемеліне келген ұлттық
әдеби тілдердің көп белгілерінің бірі – сол тілдегі ғылыми стильдің
қалыптасуы болып саналады. Басқаша айтқанда, әдеби тілдің әдебилігі
мен толыққандылығы «ғылым мен техника» тілі деп аталатын «кіші
тілдің» («языковая подсистема» мағынасында) әлеуметтік қызметіне
байланысты болса керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда жан-жақты дамып отырған бүгінгі
казақ әдеби тілінің әлеуметтік қызметі мен қолданыс аясында ғылым-
техника тілінің атқаратын орны ерекше. Мәселе осы жайында.
411
Алайда, мәселенің байыбына тереңірек бару үшін «әдеби тіл» мен
«ғылым тілінің» арақатынасын, қалыптасу жолы мен даму процесін
анықтап алған жөн. Ең алдымен айтарымыз: «ғылым тілі» мен «ғылыми
тіл» де ген ұғымдар өзара байланысты болса да, екеуі бір емес. «Ғылыми
тіл» әр саладағы ғылымның өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктерінің
белгілі жүйесі, қолданыс тәсілдері. Бұл терминді көбінесе «ғылыми
стиль» деп те атайды. «Ғылыми тілге» қарағанда «ғылым тілінің»
мағынасы әлдеқайда кең, ауқымы зор. Өйткені «ғылым тілі» деген
ұғым жалпы әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-қоғамдық қызметінің
үлкен бір саласын қамтиды. Бұл сала ғылыми-техникалық прогрестің
шарықтап дамуына бай ланысты қанатын кең жайып, тамырын
тереңдете түседі, өзі де дамиды, жалпы әдеби тілімізді де кемелдендіре
түседі. Басқаша айтқанда: қоғам өміріне ғылыми-техникалық прогресс
қаншалықты қажет болатын болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп
отырған ғылым тілі де соншалық қажет.
Осы арадан келеді де, жалпы жазба әдеби тіл мен ғылым тілі өзара
байланыса, астарласа дамитын, қалыптасатын құбылысқа айналады.
Әдеби тілдің кұрамында ғылым тілінің пайда болуы оның қоғамдық
қызметі мен қолданыс аясын кеңейту қажеттілігінен туады да, бұл
оның төрт құбыласы тең дербес тіл ретінде өмір сүруінің бірден-бір
кепілі болып саналады. Әдеби тілдің құрамында ғылым тілінің белгілі
бір себептермен қалыптаса алмауы, немесе қалыптасса да, ғылыми
қауым тарапынан кең қолданыс таппай, қалың көпшіліктен оқшау
тұруы, сайып келгенде, әдеби тілдің қоғамдық статусына нұқсан
келтіреді. Басқаша айтқанда, ғылым тілі қалыптаса алмаған әдеби тілді
толыққанды әдеби тіл деп айтуға болмайды. Сондықтан да ғылым
тілінің қалыптасуын, ғылымның жан-жақты дамуына сай жүйелене,
жетіле түсуін әдеби тілдің әдебилігі мен әмбебаптылығының шартты
белгісі деп қараған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің бұл салада
қол жеткен мол табыстарымен қатар ойландыратын жақтары да жоқ
емес.
Ғылым тілін жалпы әдеби тіл тұрғысынан алып, оны бейнелі
түрде «кішігірім тіл», «үй ішінен тігілген үйшік» деп («подъязык»,
«языковая подсистема», «миниязык» мағынасында) қарайтын болсақ,
осы «үйшіктің» дүниеге келуін жазба әдеби тіліміздің қалыптасуынан
басталды деп қараған жөн. Өйткені, жазу-сызуы болмаған, не
кенжелеп қалған тілде ғылым тілінің дүниеге келуі мүмкін емес;
412
Бұл, бір. Екіншіден, қашанда болмасын, ғылым тілі белгілі бір
жүйеге түскен терминологиялық лексикаға негізделеді. Ол лексика
тілдің жалпы лексикалық байлығының бір тұтас бөлшегі ретінде ең
алдымен ғалымдарға қызмет етуі керек. Үшіншіден, бұл лексиканың
қалыптасуына, жүйеленуіне, реттелуіне және байып, да муына ана
тіліміздін өз мүмкіншіліктерімен қатар орыс тілінен және ол арқылы
шетел тілдерінен қабылданған терминдер мен терминдік тіркестер де
негіз болды. Төртіншіден, терминологиялық лексика ғылым-техника
салаларының өзара жүйеленуіне және іштей дифференцияға ұшырауына
байланысты әр саладан жасалған терми нологиялық сөздіктер негізінде
қалыптасады.
Осы бір объективті процесті жалпы әдеби тіл статусы мен
қолданыс тұрғысынан алып, оның бүгінгі нақтылы жағдайын сын
көзбен қарастырып көрсек, жалпы ұлт тілінің жан-жақты дамуына
нұқсан келтіретін келеңсіз жағдайларды көруге болады. Алайда біз
бұл жағдайларды біле тұрсақ та тоқырау жылдарында ашық айтып,
оның объективті себеп-салдарын анық көрсете алмадық. Ал, бүгінгі
күні плюрализм принциптерінің дамуына байланысты, ащы болса
да шындықтың бетін ашып, ана тілімізге кінарат келтіріп отырған
кемшіліктер мен келеңсіздіктерді жөндеуге саналы түрде ат салыспасақ
болмайтын сияқты.
1. Осыған орай ең алдымен мойындайтынымыз: ғылым тілі
бүгінде әдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы. Сондықтан
да оның өзіндік мәселесі аз емес, айта берсең, өзге проблемалардың
ішінде өзектісі де, тіл тағдырына тікелей қатыстысы да ғылым тіліне
байланысты. Өйткені ғылым тіліне тек «таза» ғылым мен техника
атаулары ғана емес, сонымен қатар оған ғылыми негізде дамып отырған
бүкіл рухани, мәдени өміріміздегі сан алуан құбылыстардың мән-
мағыналарын жүйелі түрде анықтайтын, саралайтын, түсіндіретін
ұланғайыр лексикалық байлығымыз да жатады. Ресми түрде
қалыптасып, іштей жіктелгенімен олардың қолданылмайтын саласы
кемде-кем. Арнаулы ғылыми-техникалық терминдерді былай қойғанда,
мектептегі оқу-тәрбиеден бастап, әр саладан мамандық беретін жоғары
оқу орындарына дейін, саяси-әлеуметтік өмірде, өндіріс-шаруашылық
саласында, мәдени-тұрмыс жағдайында күнделікті қолданылып
жүрген жүздеген, мыңдаған көпшілік қолды терминдердің өзі қаншама.
Осылардың барлығы әдеби тіліміздің актив қорына жатады. Шын
мәнісінде солай болу керек еді, бірақ ол іс жүзінде олай емес.
413
2. Оның бірнеше себебі бар сияқты. Күн санап, тоқтаусыз
жасалып, толығып, байып жатқан терминологиялық лексиканың
жалпы тілдік лексикамен арақатысында үлкен алшақтық байқалады.
Мәселен, қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде
1
варианттар
мен диалектизмдерді, етістіктің парадигматикалық формаларын
қосып есептегенде, 67 мыңдай лексикалық единица қамтылған екен.
Олар 103,5 мыңдай мағына береді
2
. Бұл сөздікке бірен-саран болмаса,
ғылыми-техникалық терминдер енбеген. Сонда, «байырғы лексикалық
байлығымызға енбеген термин мен бір тұтас мағына беретін терминдік
тіркестер қанша?» деген сұрақ тууы мүмкін ғой.
Совет дәуірінде жарык көрген 83 терминологиялық сөздік терминдік
лексиканың жалпы санын шамамен айтуға мүмкіндік беретін сияқты.
Біздің шамалауымызша техника және табиғат ғылымдары саласынан
жасалған 51 сөздік пен қоғамдар ғылымы бойынша жасалған 32
сөздіктегі терминдік единицалардың жалпы саны 10 томдық сөздіктегі
сөздердің санынан әлдеқайда артық. Мәселен, М. Исабаев тарапынан
жасалған
орысша-латынша-қазақша
медицина
терминдерінің
сөздігінің бір өзі
3
шамамен 10 мыңдай терминдік единицаны қамтыса,
сол сияқты 500-ден 3 мыңға дейін термин енген сөздіктер қатарына
жалпы биология
4
, металлургия
5
, экономика
6
, математика
7
, физика
8
,
заң
9
, әдебиеттану
10
, тіл білімі
11
сөздіктерін жатқызуға болады. Тек
1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, Т. 1–1974; Т. 2 – 1976; Т. 3 – 1978; Т. 4 – 1979;
Т. 5 – 1980; Т. 6 – 1982; Т. 7 – 1983; Т. 8 – 1985, Т. 9 – 1986, Т. 10 – 1986.
2
Достарыңызбен бөлісу: |